Жүрек негізі тұсында 2-і тонның физиологиялық бөлінуі
Ішке терең дем алған сәтте: кеуде ішілік қысым төмендейді, қан өкпе тамырларына жиналады және оң қарыншаның босауы тежеледі. Сондықтан 2-і тонның өкпелік бөлігі қолқалық бөліктен соң естіледі.
2-і тонның патологиялық бөлінуі кездесетін жағдайлар:
Кіші қан шеңберіндегі айтарлықтай жоғарғы гипертензия: өкпе артериясындағы гипертензияға байланысты оң қарынша систоласы кеш аяқталады. Өкпе артериясындағы тонның бөлінуі митральды стенозда жиі кездеседі
Митральнды стенозда – тон бөлінуі жүрек ұшында болады: диастола алдында қарынша мен жүрекше арасындағы қысым айырмасы өседі. Митральды қақпақша тез ашылады –
бұл митральды қақпақшаның ашылу
шертпесі.
Митральды стеноздағы бөдене ырғағы дегеніміз:
Үш мүшелі ырғақ (шапалақты 1 тон, 2-і тон, митральды қақпақшаның ашылу шертпесі) - диастолада 2-і тоннан кейін қосымша 3-і тон пайда болады. Шапалақты 1-і тонмен қосылып бұл ырғақ бөдене дыбысына ұқсайды.
Қосымша 3-і тон сол жүрекшедегі жоғарғы қысымға байланысты: митральды қақпақша ашыларда керіледі, тербеледі. Осы дыбыс қақпақшаның ашылу шерпесі деп аталады
Шоқырақ ырғағы (үш мүшелі ырғақ)
Шоқырақтап шауып келе жатқан ат тұяғы дыбысына ұқсас, қосымша 3-і тон пайда болуымен байланысты. Тон дыбыстан көрі кеуденің әлсіз дірілі тәрізді сезім береді. Жүрек ұшы тұсын тікелей аускультациялағанда тәуір анықталады. Миокардтың ауыр зақымдалуы белгісі.
Шоқырақты ырғақтың түрлері:
Пресистолалық – қосымша тон 1-і тон алдында естіледі