Үйренішбекқызы А. «София 2010» Фестивалі



Дата28.01.2018
өлшемі28,01 Kb.
#35406
Егемен Қазақстан. – 2010. - №308-310.-30 шілде

Үйренішбекқызы А.

« София - 2010» Фестивалі

Қазақ студенттері үшін табысты өтті


Жуырда Болгарияның София қаласында өткен «София -2010» ІІІ халықаралық фольклорлық фестиваліне еліміздің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Фараб» ән-би театры қатысып қайтты. Алыс сапарға шығып, қазақтың атын асқақтатып қайтқан астаналық «Фараб» студиясының өнерпаздары өз өнерлерімен өзгелерді тәнтті етіп қайтқандарына біз де риза болдық.

Газет редакциясына бұл қуанышты хабар жете салысымен, сүйінші хабарды өз ауыздарынан естиік, «София- 2010» халықаралық фестивалінің қалай өткендігін білейік, оған өнерпаздарымыз қандай дайындықпен барды екен деген қызығушылықпен «Фараб» ән-би театрының көркемдік жетекшісіне телефон соғып, мәнжайды толық білуге тырыстық.

Ән-би театрының көркемдік жетекшісі Мейіржан Әлиакбаровтың айтуына қарағанда, аталмыш халықаралық фольклорлық фестивальге Македания, Черногория, Сербия, Литва, Украина, Грекия, Грузия, Болгария, Үндістан мемлекеттерінен келген 500-ден астам адам қатысыпты. Әлемдік өнер саласында аз ғана уақыт ішінде ерекше танымалдыққа ие болған, төрт күнге жалғасқан бұл фестивальдің барлық концерттік бағдарламалары София қаласының ең танымал делінетін ашық алаңдарында өткізілген көрінеді.

Осыдан бір жыл бұрын жоғарыда аталған агротехникалық университет Болгариядағы «Предтечи» қоғамдық бірлестігімен білім және ғылым саласында келісім-шартқа отырған болатын. Осы келісім-шарттың аясында Қазақстан «София – 2010» халықаралық фольклор фестиваліне қатысуға арнайы шақырылыпты.

Қазақстандық делегацияны С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Сара Қытайбекова бастап барыпты. 12 адамнан тұратын «Фараб» ән-би театрының өнерпаздары төрт күн бойы «Жорғатай», «Сары бидай», «Бипыл», және т.б. қазақтың халық әндерін шырқап, Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», Н.Тілендиевтің «Аққу», «Әлқисса», күйлерін шарықтата орындап, би элементтерінен сахналық көрініс сомдап шықса, ең соңында халық биі «Қара жорғаны» көпшіліктің назарына ұсынған екен.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің және ата-аналар тарапынан қаржылық қолдау көрген «Фараб» ән-би театры басқа мемлекеттерден барған өнерпаздарға қарағанда әлдеқайда көп ықылас пен құрметке бөленген көріненді. Бұлай дейтініміз, фестивальдің соңында, ұйымдастырушылар ең пәрменді концерттік нөмірді Қазақ елінен келген өнерпаздарға қайта ұсыныпты. Яғни, фестивальдің жабылу салтанатында қазақстаннан барған өнер иелері қайтадан ортаға шығып, «Қара жорға» биін билепті. Бір айта кететін жәйт, «Қара жорға» биін фестивальге қатысқан басқа мемлекеттердің өнерпаздары да, сол фестивальді ұйымдастырған жергілікті тұрғындар да бірге билеген көрінеді.

Сапар барысында қазақстандық өнерпаздар салалас Пловдив аграрлық университетінде болып, оқу орының ұжымымен де етене танысып қайтыпты.

«Фараб» театрының көркемдік жетекшісінің сөзіне қарағанда, әр халық би өнерін өзге халыққа үйрету мен таныту мақсатында әр күн сайын қосымша шеберлік сабақтары өткізіліп тұрған болса, онда қазақ халқының «Қара жорға» ұлттық биін бәрі де ынтамен үйренген көрінеді. Басқа мемлекеттерден 40-50 шақты өнерпаздар барған фестивальге Қазақстаннан 12 адам ғана қатысыпты. Алайда өнер иелері саны жағынан аз болғанымен, шығармашылық сынға келгенде өзгелерден асып түспесе, кем түспегендері ақиқат. Қатысушылардың ерекше ықыласына бөленген елордалық «Фараб» ән-би театры 2010 жылдың аяғында осы Болгарияда өтетін эстрада әндерін орындаушылардың «Даскавери» халықаралық байқауына, 2011 жылы Болгарияның Варна қаласында өтетін халықаралық фольклорлық байқауға қатысуға шақырту алыпты.



«Жолға шықпас бұрын, Болгарияда да қазақ бауырларымыз тұратындығын естіген болатынбыз. Сөйтіп, қоржынымызға құрт, бауырсақ, жент секілді ұлттық тағамдарымызды салып алған болатынбыз. Софияға барғаннан кейін сол жердегі қандас бауырларамыз алдымыздан шығып, бізді құшақ жая қарсы алды. Әрине, жат жұртта жүрген өз бауырынды көрегнде еріксіз толқиды екенсің. Бізді көріп олар да марқайып қалды», - деді өз сөзінде театрдың көркемдік жетекшісі Мейіржан Әлиакпаров.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет