Үйренушілерге қарапайым ұсыныстар



бет2/8
Дата03.10.2023
өлшемі1,74 Mb.
#183488
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№3 ӨкпеАуск 2
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, курстык, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, Анат лекция, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс

Тыныс шулары

  • Тыныс қимылдарына байланысты кеуде ішінде пайда болатын дыбыстарды тыныс шулары (m u r m u r a respiratoria) дейміз.
  • Негізгі және қосымша тыныс шулары бар.
  • Негізгі тыныс шуларына везикулярлы, бронхиальды және бронховезикулярлы тыныс жатады.
  • Қосымша тыныс шуларына сырылдар, крепитация және плевраның үйкелу шуы жатады.

Аускультацияны орындау реті мен тыңдалатын аймақтары салыстырмалы перкуссиядағыдай.

  • Аускультацияны орындау реті мен тыңдалатын аймақтары салыстырмалы перкуссиядағыдай.
  • Фонендоскоп алма кезек кеуденің оң және сол жақтарындағы симметриялы жерлерге қойылады.

Аускультация аяқталған соң нәтижелері талданады

  • Әр тыңдау нүктесінде қандай негізгі шу естіледі?
  • Симметриялы нүктелерде негізгі шу бірдей ме?; 
  • Қосымша тыныс шуы естіле ме, естілсе қай жерде?
  • Тыныста табылған өзгерістер, қосымша тыныс шулары кеудедегі топографиялық белгілер пайдаланып сипатталады, яғни өзгеріс орналасқан жерді мүмкіндігінше дәл көрсету қажет

Негізгі тыныс шулары

  • Везикулярлы тыныс:
  • - қалыпты жағдайда өкпе орналасқан барлық жерден естілетін аускультативті феномен: нәзік, жұмсақ, төмен, біркелкі тыныс шуы;
  • - ішке дем алғанда ауамен толуына байланысты альвеолдар қабырғалары керілуі мен тербелуінен пайда болады (сондықтан альвеолярлы тыныс);
  • с
  • - ішке дем алу кезінде және үзілместен дем шығарудың алғашқы үштен бірінде естіледі;
  • - нәзік ішке «ф» әріпін сорып айтқанға ұқсас дыбыс.

Везикулярлы (альвеолярлы) тыныстың өзгерулері:

  • Әлсіреуі
  • Күшеюі
  • Қатаң везикулярлы тыныс
  • Саккадирлі тыныс

Везикулярлы тыныстың әлсіреу механизмі:

  • Везикулярлы тыныстың әлсіреу механизмі:
  • жалпы гиповентиляциядан (өкпе эмфиземасы) не жергілікті гиповентиляциядан тыңдап тұрған өкпе бөлігіне ауа жеткіліксіз келсе (плевра қуысында сұйықтық не ауа болуы, пневмосклероздан, бронх обструкциясынан)
  • Везикулярлы тыныс семірген адамдарда кеуде қалыңдағаннан әлсірейді.
  • Везикулярлы тыныстың күшею механизмі: жалпы гипервентиляциядан (физикалық жүктеме) не жергілікті гипервентиляция (өкпенің бір бөлігіндегі компенсаторлы, басқасында гиповентиляция).
  • Егер везикулярлы тыныс үздіксіз және бірқалыпты шу түрінде емес, күшейіп, не әлсіресеп, не үзіліп естілсе, онда саккадирленген везикулярлы тыныс пайда болғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет