Үйренушілерге қарапайым ұсыныстар



бет5/8
Дата03.10.2023
өлшемі1,74 Mb.
#183488
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№3 ӨкпеАуск 2
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, курстык, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, Анат лекция, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс

Қосымша тыныс шулары

  • Сырылдар – трахея, бронхтар және патологиялық қуыстарда пайда болатын қосымша тыныс шулары.
  • Механизмі және дыбыс түрінде қабылдануы бойынша сырылдар құрғақ және ылғалды болып бөлінеді.
  • Сырылдар түрлері:
  • жергілікті (белгілі шектелген аймақта) естіледі;
  • шашыранды (бір не екі өкпенің бірнеше жерлерінде
  • естіледі);
  • кең тараған (кеуденің көлемді жерлерінде бірнеше
  • өкпе бөліктерінде).
  • - бірен-саран, көптеп және мол

Ылғалды сырылдар:

  • Бронхтарда не олар қосылатын қуыстарда сұйық қақырық жиналғанда (мысалы, өкпе абсцессінде).
  • Ішке дем алғанда ауа осы сұйықтық арқылы өтіп, көбік пайда болады. Көбіктер жарылғандағы дыбыстар аускультацияда сырыл түрінде естіледі.
  • Ылғалды сырылдар көбіне ішке дем алғанда, сиректеу дем шығарғанда естіледі.

Ауалы көбіктер өлшемі бронх не қуыс калибріне байланысты ұсақ - орташа - ірі көпіршікті болып бөлінеді Ылғалды сырылдардың дыбысты не дыбыссыз түрлері бар. Дыбысты сырылдар өкпе тіні тығыздалғанда (пневмонияларда) естіледі. Дыбыссыз ылғалды сырылдар бронхтар өзегінде сұйық сөл болғанда, бірақ айналасындағы өкпе тығыздалмағанда қалыптасады (бронхит, кіші қан айналымындағы іркілістер).

Құрғақ сырылдар – қою жабысқақ қақырық:

  • Бронхтарда қалыптасады және әртүрлі музыкальды тембрлі ұзақ дыбыстар.
  • Олар ызылдайтын (басс тәрізді) және ысқырықты (дискантты) болып бөлінеді.
  • Ызылдайтын сырылдар ірі және орташа бронхтар қабынғанда өзегінде ауа ағымынан қақырықтан жіп тәрізді пердешелер пайда болады.
  • Ысқырықты сырылдар ұсақ бронхтардың түйілуі және кілегей қабаттың ісінуінен әртүрлі деңгейде тарылуынан пайда болады. Олар алдыменен тыныс демікпесі ұстамасына тән.

Крепитация ("crepitare" - сықырлау, сытырлау)

  • Әдеттегіден көбірек ылғалданған, серпімділігі төмендеген альвеол қабырғалары жазылғанда естілетін қосымша тыныс шуы. Алвеолдар сұйықтығында сурфактант азайғанда естіледі.
  • Тек қана дем алудың соңында «тырсыл» не «жарылыс» тәрізді естілетін қысқа дыбыс.
  • Құлақ түбінде саусақтармен бір түйір шашты уқалағанда естілетін дыбысқа ұқсас.
  • Крепитацияны кейде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдардан айыру қиын. Одан айырмашылығы ол дем алудың ең соңында естіледі және жөтелден соң өзгермейді.
  • Әдетте крепитация крупозды пневмония белгісі, экссудат пайда болу және тарау сәттеріне сәйкес келеді; кейде өкпе шеменінің бастапқы кезеңінде естілуі мүмкін.
  • Альвеолиттерге де осы шу тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет