Үйренушілерге қарапайым ұсыныстар



бет6/8
Дата03.10.2023
өлшемі1,74 Mb.
#183488
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№3 ӨкпеАуск 2

Плевраның үйкелу шуы

  • құрғақ плевритте фибрин жіпшелері плевраға шөгіп беті бұдырлы болғанда пайда болады
  • тыныстан плевра беттері экскурсиясында қардың не бүктелген тері сықыры тәрізді дыбысқа ұқсап естіледі
  • кейде крепитацияға не ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдарға ұқсайды
  • тыныстың екі фазасында да естіледі, кеудеге стетоскопты тығыз тақағанда күшейеді және ауызды, мұрынды жауып тыныс қимылдарын жасағанда сақталады.

Бронхофонияны анықтау

  • қатаң және ысқырықты дыбысты, мысалы, «бір, екі, үш», «қырық бір», «трактор» сөздерін пациент сыбырлап айтқан кезде кеудеде естіледі.
  • тексерілетін сөзді айтқанда кеуденің симметриялы бөліктерінде фонендоскопта түсініксіз гуіл естілсе, бронхофония қалыпты.
  • өкпе тіні тығыздалғанда не қуыс пайда болғанда дыбыс өткізгіштік күшейгеннен бронхофония оң мәнді болады, яғни айтылған сөздерді айыруға болады.
  • сөздерді айтқанда кеуденің бір жағында фонендоскопта ешқандай дыбыс естілмесе, бронхофония әлсіреді дейміз.
  • бронхофония дауыс дірілінің акустикалық эквиваленті.
  • оң мәнді бронхофония тынық перкуторлы дыбыспен, дауыс дірілі күшеюімен, сол сияқты бронхиальды тыныспен бірге естіледі.

Қосымша тыныс шуларын тыңдағанда көңіл аударылатыны:

  • Қаттылығы мен ұзақтығына (нәзік және дөрекі сырылдар)
  • Санына (сирек не көптеп)
  • Олар пайда болатын тыныс фазасы циклына
  • Кеудеде орналасқан орнына
  • Тұрақтылығына
  • Жөтелгенде, дене қалпын өзгерткенде өзгеруіне

Қосымша тыныс шулары және олардың сипаттамалары

  • Акустикалық сипаттамасы
  • Пайда болу шарты
  • Аурулар мен синдромдар
  • Құрғақ басс тәрізді сырылдар
  • Трахея, ірі, орташа бронхтар
  • Жабысқақ қақырықтың жіптері, созылған пердешелері
  • Трахеит, бронхит
  • Биік, ысқырықты, ұзақ, дем алғанда, дем шығарғанда естіледі
  • Ұсақ бронхтар
  • Бронхиолит-тер, тыныс демікпесі
  • Ылғалды ірі көпіршікті (дыбыссыз) сырылдар
  • Әртүрлі, аз-кем төмендеген, ауа көбігі жарылғанға ұқсайтын дыбыстар, дем алғанда, дем шығарғанда естіледі.
  • Трахея, ірі бронхтар
  • Бронх өзегінде сұйық сөл (қақырық, транссудат, қан)
  • Өкпе шемені, өкпеден қан кету, қансырау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет