Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап


«Қ», «К», «Ғ», «Г», «Х» дыбыстарын қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар кешенің үлгісі



бет16/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
жумыс!!!!!

«Қ», «К», «Ғ», «Г», «Х» дыбыстарын қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар кешенің үлгісі.
«Бәліш»
Аспаз кешке,
Пісірді бәліш,
Білішпен бірге
Шәй іш.
Сипаттама: ауыз кең ашық, еріндер күлімсірейді, жалпақ тілді төменгі ерінге қою керек.Сосын тілдің қырларын жоғары қарай көтеріп «бәлішке» айналдыру. Егер тілдің қырлары көтерілмесе еріндермен тілдің қырларын қысу қажет. Кей уақытта тілдің ортанғы сызығын зондпен басуға болады. Сонымен қатар таза қолдармен де көмектесуге болады.
«Құймақ»
Әжем құйды құймақ
Тілді үйіріп ақ,
Дәмі қандай,
Тәп-тәтті – ақ.
Сипаттама: ауызды кең ашу, еріндер күлімсірейді, жалпақ тілді төменгі еріндерге қою, 5-10 дейін санап осы қалыпта ұстап тұру. «Құймақты» (тілді) ақырын тістеуге болады.
«Ине»
Ине біз тәрізді,
Тілім ине тәрізді,
Жіңішке тілді жасап ап,
Тік тұрады тілім инеге ұқсап!
Сипаттама: ауыз ашық, тілді жіңішкертіп ауыздан шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Маймыл»
Болдым мен маймыл,
Жасадым қызық қимыл
Еріннің артына оңай,
Кетті тілім бұлай!
Сипаттама: жоғарғы ернінің артына тілді жіберіп, ұстап тұру.
«Ет тартқыш»
Әкем әкелді бір құралды
Анам оны қолға алды,
Ас үйде ет ұсатты
Диерменге оны ұқсаттым.
Сипаттама: тілді ұшынан ортасына дейін тістеу керек. Тестеу кезінде еріндер күлімсіреген күйде. Тілге тістер арқылы массаж жасау. Тістегеннен кейін тілді тіспен қасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет