Анестетикті тістің периодонтына енгізу арқылы жасалатын жансыздандыру. АРнайы интралигаментарлі жансыздандыруға арналған инъектормен тістің түбіріне 30С бұрышпен қызылиек жүлгесіне 1-3 мм тереңдікте, тіндердің кедергісі пайда болғанға дейін инені енгіземіз.
Пульпаішілік жансыздандыру
Жергілікті анестетикті сауыттық немесе түбірлік пульпаға енгізетін инфильтрациялық жансыздандырудың түрі. Эндодонтияда, пульпитті емдегенде, пульпаны витальді және девитальді тәсілмен экстирпациялауда қолданылады. Сауыттық пульпа ашылып, апликационды жансыздандыру жүргізіліп болғанда түбір каналдарына инъекция жасайды.