Тіс жұлғанда, емдегенде, альвеолярлы өсіндіге операциялар жасағанда қолданылады. Жоғары жақта вестибулярлы және таңдайлық жақтан, төменгі жақта вестибулярлы және тілдік беттен жасайды. Анестетикті ауыз қусының өтпелі қатпарына, яғни шырышыасты негізі бар аймаққа енгізеді. Ауру сезімін тудырмау үшін жайлап жібереді.
Сүйекішілік жансыздандыру
Анестетикті сүйектің спонгиозды және кеуектік бөліміне енгізу.
Интрасептальді – қатар тұрған тістердің альвеолярлы ұяшықтарының аралықтарына енгізеді.
Сүйекішілік жансыздандыру жүргізгенде сүйектің кортикальді пластинкасын арнайы трепанмен немесе жіңішке шар тәрізді бормен теседі. Жасалынған тесік арқылы ине көмегімен 1-2 мл анестетик ерітіндісін жібереді.