Жергілікті жансыздандыру – науқастың ес-түсінің өшірілуінсіз операция жасалынатын тіндердін, яғни жүйке жүйусінің перифериялық бөлімдеріне әсер ету. Тәсілдері мен әдістері
Инъекциялық емес жергілікті жансыздандыру – тіндердің тек беткей бөліктерін жансыздандыру. Ол үшін дәрілік заттар немесе төменгі температурамен әсер ету (мұздату), лазерлік сәулелер, электромагнитті толқындар, анестетиктерді элнектрофорез арқылы енгізу қолданылады.
Инфильтрациялық әдіс
Жансыздандыру анестетикті терең тіндерге инъекциялық ине көмегімен сіңдіру арқылы жасалынады.
Тікелей және тікелей емес турлері болады:
Тікелей жансыздандыру – беттің жұмсақ тіндерін,, альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатын жагсыздандырады.
Тікелей емес – шырышты қабатқа депо жасайды. Шырышты қабаттағы анестетик сүйектің күйекті затына өтіп, нервтердің блокадасын туындатып, тіс өрімдеріне, тіс тіндеріне барады.