Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша



бет38/38
Дата08.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#156953
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

4. Витрификация
Мұздатудың жоғары жылдамдықтарында (5000°С/мин) су молекуласы орнын ауыстырып кристалдық торды түзуге үлгермейді. Осындай кезде су кристаллдық емес аморфтық күйге немесе шыны тәрізді мұзға айналады. Осы физикалық процесс витрификация деп аталады. Витрификация кезінде гаметалар мен эмбриондарды криоқорғаудың жылдам және қарапайым амалы қамтамассыз етіледі; гаметалық және эмбрионалдық суспензия сидингінің және баяу тоңазытудың бақыланатын кезеңінің қажеттілігі болмайды. Сондықтан витрификация гаметалар мен эмбриондарды криоқорғаудың жылдам және қарапайым әдісі. Бірақ еріген кезде -100°С температурасынан бастап -25°С дейін рекристаллизация, яғни кристалдардың түзілуі мен ұлғаюы жүреді. Сондықтан еріту процесі жылдам болу керек. Сонымен, витрификация сәттілігін қамтамасыз ететін негізгі факторлар:
1) витрификациялық ерітіндінің құрамы; витрификация үшін гаметалар мен эмбриондарды BP-I 90%-дық ерітіндісінде суспензиялайды, себебі осы жағдайда криопротекторлар концентрациясының уыттылығы төменірек болады;
2) Витрификациялық ерітіндіде гаметалар мен эмбриондарды осмостық тептеңдету (эквилибрации) үшін қолданылатын ісшаралар. Эквилибрацияны бөлме температурасында BP-I 25% -дық ерітіндісінде жүргізеді. Содан кейін екі рет витрификациялық ерітіндінің өсіп жатқан концентрациялар арқылы 4°С-та жылытады.

Әдебиеттер:
1. Вечканов Е.М., Сорокина И.А. Основы клеточной инженерии: уч. пос. Ростов-на-Дону, 2012. – 136 с.
2. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 260 б.
3. Р.Адамс. Методы культуры клеток для биохимиков. Москва: Мир, 1983.
4. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық. Алматы: ЖШС «Дәуір», 2009 – 336 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет