Әдіскерлер мен дидактиктер арасында іскерлік пен дағды туралы тҥрлі кӛзқарастар орын алған. Олар мыналар: іскерлік – қандай да болмасын қызметтің тәсілін саналы тҥрде игеру. Автоматты деңгейге дейін жеткізілген іскерлік дағды болып есептеледі. Демек, іскерлік бірте - бірте дағдыға ҧласады. Мысалы, әуелі мәтінді оқу іскерлігі пайда болады, ол кейін жылдам оқу дағдысына айналады. Іскерлікті меңгеру ҥшін әрекеттің тәсілін біліп, ҥнемі жаттығу қажет болады.
Ендігі бір авторлар іскерлікті әрекеттің тәсілі туралы білім, дағды қалыптастырудың бастапқы сатысы деп есептейді. Іскерлікті саналы, тиянақты әрекетке дайындық немесе ӛзгермелі жағдайда мақсатқа саналы тҥрде жетуге қажеттілік дейтіндер де бар. Осылайша ғалымдардың іскерлік пен дағды, олардың оқушылардың дамуындағы орнын бағалаудағы пікірлері әр алуан.
Жалпы дағдыларды тӛрт топқа бӛлуге болады.
Оқу -ұйымдастыру дағдысы (әрекетті жоспарластыру, тапсырманы тиімді орындау, ӛзін-ӛзі бағалау, кҥн тәртібін реттеу).
Сөздік дағдылар (ауызша және жазбаша) (сҧраққа жауап беру, мәтінді баяндау, байланыстыра мазмҧндау, сынап-талдау)
Оқу- ақпапраттық дағдылар (кітаппен (оқулық, хрестоматия), анықтама, библиография, каталогпен жҧмыс)
Оқу, ақыл- ой дағдылары (әрекетті дәлелдеу, ақпаратты қисындық тҧрғыдан қорыту және мазмҧндау, мәселені шешу, қабылдау және еске тҥсіру, ӛзін-ӛзі қадағалау).
Оқу жұмысының тәсілдері дегеніміз - сипаты әр тҥрлі тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді қҧрайтын әрекеттердің тізбесі жҧмыстың орындалу тәртібін, оның жалпы бағыттарын айқындайды. Оқу жҧмыстарының тәсілдері сӛздік-жазулық немесе кескіндемелік әрекеттерде айқын танылады. Ол жағдайда қолданылған тәсілдерді кӛруге, естуге болады. Сол арнайы тәсілді қолданғанда оқушының жіберген қатесін тҥзетуге және соның кӛмегімен оқу материалын тиянақты игеруіне кӛмек жасалады.
Тарихты оқу барысында оқушылардың бойында оқу еңбегінің, соның ішінде ең алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптасады. Олар тарихи материалдың мазмҧнын игеруге бағытталған қисындық операцияларды атқарады (тарихи мәтінге талдау жасау, тарихи фактілер мен қҧбылыстарды салыстыру, материалды жинақтап, қорытынды жасау). Оқушылардың ақыл-ой дағдыларының деңгейі жоғары болған сайын олардың қисынды ойлау деңгейі де соғҧрлым жоғары болады.
Оқу дағдыларының ендігі бір тобы арнайы тарихи материалды игеруге бағытталады, оның нәтижесінде тарихи диалектикалық ойлау дағдылары қалыптасады. Сондай дағдылардың бірі – тарихи деректерді уақыт шегінде оқшаулау. Ол ҥшін мынадай әрекеттер бірізділікпен атқарылуы тиіс: тарихи оқиғаның ҧзақтығы мен сабақтастығын, олардың синхрондылығын анықтау; тарихи қҧбылыстар мен процестердің кезеңдері мен дәуірлерін анықтау; оқиғаны белгілі бір тарихи кезеңмен ҧштастыру.
Осы сияқты оқушылар оқиғалар мен қҧбылыстарды кеңістік шеңберінде оқшаулау дағдыларын меңгереді. Бҧл дағдылар картамен жҧмыс арқылы қалыптасады.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың игеретін дағдыларының бір тобы оқулық мәтінімен, оқу қҧралдарымен және дереккӛздерімен, тарихи қҧжаттармен жҧмыс істеуге байланысты. Бҧл дағдылар мынадай әрекеттерді орындауды талап етеді: жай және кҥрделі жоспар қҧра білу; оқулықтың қҧрауыштарынан бағдар ала білу; тарихи қҧжаттарды оқып- ҥйрену барысында конспект және тезис жасай алу; бір мезгілде бірнеше дереккӛзін пайдаланып, қажетті мағлҧматты ала білу; алған білімдерін жҥйелеп, қисынды пайдалану.
Тарихты оқу барысында оқушылар тарихи процестің жекелеген кезеңдерін немесе ҧқсас қҧбылыстарды салыстыру, олардың себеп-салдарлы байланыстарын анықтау, қҧбылыстар дамуындағы ӛзгерістерді кӛре білу дағдыларын да игеруі тиіс. Бҧл дағдылар арқылы оқушының бойында алған тарихи білімдерін мақсатты тҥрде қолдануға қол жеткізеді.Бҧл дағдыларды қалыптастыру мҧғалімнің басшылығымен жҥргізіледі де, ол жоғары сыныптарда оқушылардың дербес, ӛздігінен жҧмыс істей алуына ҧласуы тиіс.
Жалпы алғанда, оқу жҧмысының тәсілдері мынадай тиісті ақыл-ой әрекеттерімен сәйкес келеді: талдау, жинақтау, жалпылау, оқу материалын салыстыру, тарихи материалды кӛз алдына елестету, есте сақтау.
Тарихты оқытуда жоғарыда аталған іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру ҥшін мҧғалімнің ӛзі белгілі бір әдіс-тәсілдерді меңгеріп алуы тиіс. Әсіресе, мектепте тарихты оқыту барысында ҥнемі қажет болатын дағдыларды, қай сыныпта қандай дағды қалыптастыру қажет екендігін жетік білуі тиіс. Сонымен бірге мҧғалім сыныптан сыныпқа ӛткен сайын дағдыны кҥрделендіріп, дамытуды нақты жоспарластыра білуі керек. Мектеп бітірушілерді білімді дербес, ӛздігінен игеру дағдыларымен қаруландыру мақсатын кӛздейтін бҧл бағыттағы жҧмыстар мҧғалімнен ҥлкен жауапкершілікті талап етеді.
Бҧл жҧмысты оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, тарихтың әрбір курсының материалдары негізінде олардың бойында қалыптастырылатын дағдылардың тізімін белгілейтін мектеп бағдарламасымен танысудан бастау қажет. Бҧл тізім сыныптан сыныпқа ӛткен сайын оқушылардың дағдыларын қалай дамытып, арттыру керек екендігіне бағдар береді.
Дағдыларды қалыптастыру мақсатты болуы тиіс. Әр сабақта қандай дағдыны қандай жолдармен қалыптастыру керек екендігі де белгілі болуы тиіс. Дағдыларды қалыптастыру жҥйелі жҥргізілуі ҥшін оқушыларға қажетті оқу жҧмысының тәсілдері тҥсіндіріледі; сабақтардағы жаттығу тапсырмаларының жҥйесін қамтамасыз етіп, олардың орындалуын қадағалауы қажет.
Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру бірнеше кезеңнен тҧрады.
Бастапқы кезеңде оқушылар мҧғалімнің басшылығымен оқу әрекетінің жаңа тәсілдерімен танысады. Мҧғалім оқушыларға атқарылатын жҧмыстың мақсатын айқындап, орындалу жолдарын тҥсіндіреді (мысалы, оқулықтағы сабақ тақырыбы бойынша жоспар тҥзіп ҥйрену). Одан әрі жҧмыс тәсілінің мазмҧны мен оны орындаудың тәртібі тҥсіндіріледі (мысалы, оқулық мәтінін оқу, оны мағынасына қарай бӛліктерге бӛлу, одан басты ойды табу, мәтіннің негізгі ережелерін бірізділікпен орналастыру, оларды жоспар тҥрінде қағазға тҥсіру).
Келесі кезеңде мҧғалім басшылығымен тәсілдерді игеруге қажетті әрекеттер іске асырылады. Ол әрекеттің тәсілі мен
бірізділігі қисындық сҧлба немесе жаднама тҥрінде белгіленеді де, оқушылардың бағдарламалық материалды игеруіне кӛмектеседі, бағыт береді. Жаднама зерттелген материалдың мазмҧнын ашуға (мысалы, тарихи тҧлғаларға сипаттама беруге, қоғамдық даму деңгейін анықтауға арналған жаднама) және белгілі бір дағды қалыптастыруға (тарихи қҧбылыстарды салыстыру, қҧжатты талдау т.б.) арналған болуы мҥмкін.
Тарихи тҧлғаға сипаттама беруге арналған жаднама.
Тарихи тҧлғаның ӛмір сҥрген кезеңі.
Тарихи тҧлғаның алдында тҧрған міндеттер және оларды іске асырудың әдістері.
Тарихи тҧлға қандай әлеуметтік топтың мҥддесін қорғады?
Оның жеке қасиеттерінің маңызы.
Тарихи тҧлға қызметінің нәтижелеріне баға беру.
Дағдыларды игерудің аралық кезеңі оқып-ҥйренген әрекет әдістеріне машықтану және қолдану, жаттығулар жасап, қисындық тапсырмаларды орындаудан қҧралады. Оқушыға таныс тәсіл басқа жағдайда және басқа материалды игеруге қолданылады. Мысалы, мҧғалім “Ежелгі Египет” тақырыбын ӛткенде мемлекеттің қҧрылу барысын тҥсіндірген болса, осында танылған тәсілдерді келесі ҧқсас тақырыптарда қодануға болады.
Қорытынды кезең игерілген дағдыларды оқушының жаңа жағдайда жаңа материалды ӛздігінен, дербес қолдануын қамтиды. Егер оқушы осы әрекетінде жоспар тҥзу, салыстыру сияқты дағдыларды дербес іске асыра алған жағдайда дағды қалыптасқан деп есептеуге болады. Әрбір дағдыны игеруге уақыт та әрқилы болады. Хронологиялық кесте тҥзу дағдысы бір оқу жылының кӛлемінде қалыптасса, салыстыру, талдау, тезис тҥзу, реферат жазу дағдыларын игеру ҥшін бірнеше оқу жылы қажет.
Тҥрлі оқу дағдыларын игеру оқушылардың ғылым негіздерін терең меңгеріп, тарихи қҧбылыстың байланысын, маңызын, рӛлін дербес анықтай алуына мҥмкіндік береді.