Жалпы орта білім беретін мектептердегі тарихты оқытудың негізгі мақсаттары:
оқушылардың адамзаттың ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи даму жолы туралы негізгі білімдерді игеруі;
тарихи білім негізінде оқиғалар мен қҧбылыстардың шынайылығын талдау қабілетін дамыту;
тарих пен халықтар мәдениетіне деген қызығушылық пен қҧрметті тәрбиелеу.
Тарихты оқытудың негізгі функциялары:
тәрбиелік;
оқу-танымдық немесе білімділік;
дамытушылық.
Осы міндеттер мен функцияларды жҥзеге асырудың басты қҧралы – оқулық болып табылады.
Оқулық –білімнің негізгі кӛзі және оқыту қҧралы болып табылады. Тарих оқулығының негізгі қҧрылымдық компоненттері мәтіндік және мәтіннен тыс компоненттен тҧрады. Мәтіндік компонент 3 топтан тҧрады. олар:
Негізгі;
Тҥсіндірме;
Қосымша.
Негізгі компонентке баяндаушы, сипаттаушы, тҥсіндіме, пролемалық мәтіндер жатады. Тҥсіндірме компонентке терминдер анықтамасы, жақша ішіндегі тҥсініктемелер, иллюстрациялар атаулары жатады. Қосымша компонентке қҧжаттар, кӛркем әдебиет шығрмаларынан ҥзінділер, биографиялық анықтамалар енеді.
Текстен тыс компонентке әдістемелік нҧсқаулар, иллюстрациялар, тірек аппараттары енеді. әдістемелік компонент
– бҧл сҧрақтар мен тапсырмалар, даталар, таблицалар. Тірек аппараттары дегеніміз – сигналдар мен символдар, кӛрсеткіштер, ҧсынылған әдебиеттер.
Оқулықтың функциональдық ролі:
координациялық функциясы – бҧл оқыту қҧралы;
ақпараттық қызметі – оқулық - ақпарат кӛзі;
жҥйелеушілік қызметі – пән бойынша білім жҥйесі;
интеграциялық қызметі – оқушылардың білімі мен дағдысын интеграциялау;
бақылаушылық қызметі – міндетті оқу материалын тасымалдаушы;
ӛзін-ӛзі жетілдіру қызметі – тарихты ӛз бетімен оқу оқу қҧралы;
тәрбиелік қызметі – жеке тҧлғаны қалыптастыру мен дамытудың тиімді қҧралы болып табылады.
Жалпы оқыту қҧралдарын мазмҧнының сипаты мен әдістеріне қарай 2 топқа бӛлуге болады. Олар:
Образдық
Шартты.
Образдық қҧралдар адамдарды, заттарды, оқиғаларды кӛрсетіп, шынайы бейнелі образды қалыптастырады. Шартты қҧралдар оқиғалардың кеңістік пен уақыт бойынша орналасуын, олардың арасындағы тҥрлі байланыстарды кӛрсетеді. Образдық қҧралдарға: картина, диарамма, аппликация, макеттер мен модельдер жатады. Образды қҧрал тарих курсын шынайы, нақты мазмҧнмен толықтырады. Оқушылар ӛткен кезең адамдарының шаруашылық ӛмірімен, әлеуметтік қатынастармен, билік тҥрімен т.б. танысады. Образдық қҧралдардың арасында қҧжаттық иллюстрацияның орны ерекше. Ол тарихи оқиғаның дәлдігіне оқушының кӛзін жеткізеді.
Диорама – картина декорация. Ол бірнеше жекелеген пландардан немесе кулистен тҧрады. Кулистерді ӛзгертіп отыру арқылы образдық бейне беріледі.
17 ғасырда Я.А.Коменский кӛрнекі принциптерін қалыптастырды. Бҧл принцип қазіргі кезде қолданыста. Заттай кӛрнекілік - оқиға және тарихтағы қоғамдық қатынасты, қҧбылыстарды оқытады.
Бейнелі кӛрнекілікке - тарихи кӛріністі бейнелейтін ғылыми картина, иллюстрация, фото, портрет, карикатура, қҧжаттық ғылыми кинофильм, монеттер және т.б жатады. Мектептегі оқу қҧралдарының ішінде мынадай бейнелеу кӛрнекіліктерін қарастыруға болады:.
a)қҧжаттық сипаттағы бейнелеу кӛрнекіліктері - қҧжаттық фото, кинофильм, заттай ескерткіш бейнесі, қару - жарақтар;
б) ғылыми архитектуралық ескерткіштер, тҧрмыс заттары; в) кӛркемдік композиция немесе иллюстратордың еңбегі.
Ерекше типтегі кӛрнекік тҥріне тарихи белгілер:схема, графика, диограмма, апликация, схемалық сурет жатады.
Схемалық сурет заттың сипатын нақты кӛрсетеді, тҥсінігін қалыптастыруға мҥмкіндік береді.
Аппликация- қағаз, картоннан контур бойынша қиылған және боялған сурет. Ол типикалық тҥрде заттың немесе әртҥрлі қоғамдық топтың дәуірін оқытады. Олар адам, қару-жарақ бейнелері. Аппликация техникалық жасалу жағынан әртҥрлі
болады. Мыс,рельефтық. Ол 1812ж Отан соғысы кезенің кӛрсетуге кӛмектеседі.Мыс, әскерлерге жасылдан кӛйлек, қызыл
-белдік және т.б жапсыруға болады. Негізінен аппликация тақтада болса, оқушының есте сақтау қабілеті дамиды. Негізінен кӛрнекіліктің бҧл тҥрі бастауыш класқа қолайлы, ал жоғарғы сыныптарға схемалық суреттерді кӛрсетуге болады. Бҧған графикалық кӛрнекіліктер- таблица, диаграмма, графиктер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |