Журасова А. Ш. Тарихты оқыту


Тарихи білім беру құрылымы мен мектеп бағдарламалары. Тарихи білім берудің оқу әдістемелік



бет4/36
Дата07.02.2022
өлшемі339,16 Kb.
#82289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі

Тарихи білім беру құрылымы мен мектеп бағдарламалары. Тарихи білім берудің оқу әдістемелік


кешені және тарихты оқытуды жоспалау

Негізінен ХХ ғасырдың 60-70 жылдары тарихи білім берудің мынадай қҧрылымы орнықты:


5 сынып- Отан тарихының эпизодтық әңгімелері 6 сынып- Ежелгі дҥние тарихы

  1. сынып- Орта ғасырлар тарихы.

  2. сынып- 18 ғ соңына дейінгі Отан тарихы.

  3. сынып- Жаңа тарих, I бӛлім,XIXғ Отан тарихы.

  4. сынып- Жаңа тарих, II бӛлім, XXғ басынан- 30жылдарға дейін.

  5. сынып- Қазіргі кезге дейінгі Отан тарихы.

Бҧл білім қҧрылымы 1993 жылға дейін сақталды. Жалпы білім беретін мектептерде тарих пәнінен аптасына 18 сағат, жылына 612 сағат бӛлінді.
1992 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданады. Тәуелсіздік нәтижесінде қабылданған осы заң еліміздегі тарихи білім беру қҧрылымын дербес, ҧлттық деңгейде қарастыруға негіз қалады. Кеңес Одағының қҧрылымында болған кезенде еліміздегі мектептер де тарихты оқытудың ҧлттық жҥйесі қалыптасқан жоқ еді, ол тікелей Ресей Федерациясының
айқындаған бағыттары, белгіленген бағдарламаларын білім беру тәжірибесінде бҧлжытпай іске асыруға негізделгенді.
«Білім туралы заңға» сәйкес білім беру жҥйесінде ең ҥздік ҧлттық және әлемдік дәстҥрлерге байланысты қҧндылықтарға бетбҧрыс басталды.
90-жылдары «Білім туралы» заңға сәйкес мектептегі тарихи білім берудің қайталамау қағидасы орныға бастады. 1993 жылы ҚР Білім министрлігі бекіткен Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламаларында бҧрынғы кеңес одағы ауқымындағы халықтардың тарихы мен дҥние жҥзілік тарихты оқып ҥйренудегі бытыраңқылықты, оқшаулықты жоюға, дҥние жҥзілік қӛзқарас қалыптастыруға бағытталған жаңа қҧрылым мен мазмҧн таңдалды.
Осы бағдарламаға сай жалпы білім беретін орта мектепке тарихты оқып ҥйренуге аптасына 18, жылына 612 сағат бӛлініп, мынадай қҧрылым бекітілді:
Дҥние жҥзілік тарихтың біртҧтас курсы. 5 сынып- Қазақ елінің тарихы.

  1. сынып- Ежелгі дҥние тарихы.

  2. сынып- Орта ғасырлардағы дҥние тарихы. (б.з 5 ғасырынан- 15 ғ. дейін) 1-ші бӛлім.

  3. сынып- Орта ғасырлардағы дҥние тарихы. (15 ғасырдан - 17ғ. соңына дейін)

  4. сынып- Жаңа заман тарихы (17 ғ.-1914ж.) 10 сынып-Қазіргі заман тарихы (1914-1945)

11 сынып- Қазіргі заман тарихы (1945-қазіргі уақытқа дейін) Қазақстан тарихы.
6-сынып- Ежелгі Қазақстан тарихы.(ежелгі заманнан б.з 5 ғасырына дейін)

  1. сынып- Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. (б.з 5ғ.-15ғ. дейін) 1-ші бӛлім.

  2. сынып- Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.(15 ғ.- 17 ғ. аяғына дейін) 2-ші бӛлім

  3. сынып- Жаңа замандағы Қазақсьан тарихы (17ғ. – 1914ж. дейін)

  4. сынып- Қазақстан тарихы (1945 жылдан- қазіргі уақытқа дейін)

  5. сынып- Қазақстан тарихы (1945 жылдан- қазіргі уақытқа дейін)

Тарих пән»і бҥгінге дейін 5-11 сыныптарда 7 жыл оқытылса, келешекте жаңа бағдарлама бойынша 5 жыл оқытылып, 9- сыныпты бітірген оқушы тарих пәнінен аяқталған білім алады. Демек, тарих пәніне бӛлінген 612 сағат 442-ге қысқарады.Осыған байланысты бҧған дейін тарихтың жҥйелі курсы 6-11 сыныптарда, ал 5-сыныпта «Қазақ елінің қысқаша тарихы» оқытылып келсе, қазіргі кезде ол курс ықшамдалды. Соған сәйкес жҥйелі курс 5 сыныптан басталатын болды. Ал 10-11 сынып оқушылары жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы мектеп жҥйесіне кӛшеді.
Ҧзақ жылдар бойы мектеп бағдарламалары мҧғалім ҥшін негізгі мемлекеттік қҧжат қызметін атқарды. Кеңес Одағы кезінде бағдарламалар монографиялық және синхронды сипатта тҥзілді. Монографиялық бағдарламалар жекелеген елдердің тарихын оқып-ҥйренуге арналса, синхронды бағдарламалар жекелеген елдердің ӛзара байланысы мен қарым-қатнасын айқындауға арналды. 80- жылдардың оқу бағдарламалары тарихты оқытудың мақсаттарын ашып кӛрсететін тҥсінік хатпен басталатын. Оның негізгі бӛлімінде білім мазмҧнын қҧрайтын деректік және теориялық материал бӛлімдер мен тараулар бойынша мазмҧндалады. Бағдарламалардың мақсаты талап етілетін біріңғай білім деңгейін қамтамасыз ету. Дегенмен, 90-жылдардан бастап бағдарламалардың мемлекеттік қҧжат ретіндегі маңызы ӛзгерді. Батыстың ҥлгісінде тарихи білімнің міндетті минимумы оқу сапасын бағалаудың сандық ӛлшемін айқындайтын мемлекеттік стандарттар енгізіле бастады. Мемлекеттік стандартта ғылым- әдіскерлер тарихи білім беруге қойылатын негізгі талаптарды айқындауды мақсат етіп қойды. Білім беру стандарты мҥлдем жаңа нормативті қҧжат болғандықтан оқу ҥрдісін басқарудың жаңа қҧралы арқылы қандай педагогикалық мәселелерді шешу кӛзделетіндігін айқындауы қажет.
Білім беру стандарты қызметінің мынадай ерекшеліктері бар:
-білім беретін бағдарлама мазмҧнының міндетті минимумын анықтау қызметі.
-білімнің сапасын кӛтеру қызметі.
-бағалау- ӛлшемдік қызметі.
-толыққанды білім алу қҧқығын қамтамасыз ету қызметі.
-еліміздің білім беру кеңістігінің бірлігін сақтау қызметі.
-басқару қызметі.
Білім стандарттарының жекелеген қызметтеріне басымдық беруге болмайды. Білім беру стандартының ең басты қызметі білім беру ҥрдісінің барлық нысандарының мҥддесін қорғау деп бағалау қажет.
Қоғамдық гуманитарлық пәндер қатарында ерекше орын алғандықтан да тарих пәнін оқытудың әдістемелік мәселелерін шҧғыл тҥрде шешу міндеті ӛткір қойылды. Кеңестік мектептегі тарихты оқытудың әдістемесінде оқу мазмҧны мен тҥрлері, мақсаты мен міндеттерін талдау, оқу процесін ҧйымдастырудағы оралымсыздықтар тәуелсіздік жағдайында кедергіге айнала бастады. Мҧндай олқылықтарды жоюда мемлекет тарапынан кӛптеген шаралар жҥзеге асырылды. Солардың қатарында
«Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тҧжырымдамасы» (1994ж), «Қ.Р тарихи сана қалыптастырудың тҧжырымдамасы» (1995ж), «Қ.Р этномәдени білім беру тҧжырымдамасы» (1996ж) сияқты қҧжаттарды айтамыз.
Соңғы жылдарда оқыту процесін жетілдіру мен мҧғалімдердің біліктіліктерін арттыру мақсатында оқу кешендері талап етіліп отыр. Оқу-әдістемелік кешендері деп тарихтың әрбір курсын оқытуға арналған оқу- әдістемелік әдебиеттер, кӛрнекі және басқа да оқу қҧралдарын атайды. Олар:

  • оқу қҧралдары (хрестоматия, оқу кітабы);

  • әдістемелік әдебиеттер (әдістемелік қҧралдар, кітаптар, мақалалар, ҧсыныстар, тапсырмалар жинағы);

  • ғылыми, ғылыми-кӛпшілік және кӛркем әдебиет (монография, хрестоматия, кӛркем шығарма);

  • оқытудың кӛрнекі қҧралдары (баспалық, экрандық, экрандық-дыбыстық);

Еліміздің әдіскер ғалымдары (Т.Тҧрлығҧл, Б.Адырбек, А.Кӛпекбай) пәннің ерекшелігіне қарай 7 мен 10-ның арасында оқу-әдістемелік қҧралы қажет деп есептейді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің 1996 жылғы 26-қыркҥйектегі
«ҚР жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы» деп аталатын қаулысы негізінде мектептерді жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз ету, оқу- әдістемелік кешенді жабдықтау ісі жҥзеге асырылуда.
Мемлекеттік базистік оқу жоспары білім берудің деңгейі мен мазмҧнының республикалық, ҧлттық және мектептік қҧрауыштармен айқындалады.
Оқу жоспары –мектеп ҥшін міндетті қҧжат, онда оқытылуға тиісті пәндер, оның жылдар бойынша ретпен бӛлінуі, оқу сағатының жылдық, тоқсандық, апталық саны кӛрсетіледі. Барлық мектептер мен мҧғалімдер ҥшін міндетті келесі қҧжат – оқу бағдарламасы. Оқу бағдарламасында игерілуге тиіс білім деңгейі, дағдылар мен әдеттер тізімдері, пән тақырыптары, кӛрсетіледі. Бағдарлама соңында бағалау ӛлшемдері мен әдебиеттер тізімі беріледі. Әр мектеп ӛз оқу жоспарын мына жағдайларды ескеріп жасайды:

  1. базистік оқу жоспарында міндетті білім берудің ең тӛменгі мазмҧны қандай.

  2. оқушылардың ең кӛп апталық жҥктемесі

  3. республикалық және облыстық қҧрауыштарының арақатынасы.

  4. мектеп қҧрауышының кӛлемі қамтылуы тиіс.

Мектептік қҧрауыш білім алуды айқындап, оқу мекемесінің оның бағдарламасы мен оқу жоспарының ерекшеліктерін қҧрайды. Оқу жоспарына сәйкес мҧғалім ӛз жоспарын жасайды. Ол жоспар жалпы, тақырыптық және жеке сабаққа арналуы мҥмкін. Тақырыптық жоспарлауда уақытты белгілеу курсты уақтылы оқып-ҥйренуді ғана емес, сонымен бірге оқып-ҥйренудің келешегін кӛре біліп, таяу және алыс мақсаттардағы негізгі мәселелерді қайталау уақытын белгілеп, нәтижені болжай білуге мҥмкіндік береді. Бҧл жерде қандай білім блоктарын біріктіріп, қысқартып ӛткізуге болатындығы, қандай тақырыптар бойынша сынақ, семинар, саяхат ҧйымдастыруға болатындығы айқындалады.
Кҥнтізбелік-тақырыптық жоспар мынадай бағандарды қамтуы мҥмкін: бӛлімнің, тақырыптың аты, кҥнтізбелік мерзім, тақырыпқа бӛлінген сағат саны, сабақтың аты және рет саны, сыныптан тыс жҧмыс т.б. Ал сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, типі, негізгі ҧғымдар, байланыстар тҥрі, оқыту қҧралдары кӛрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет