«Журналист психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 11. 09. 2014 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет2/6
Дата31.12.2019
өлшемі0,62 Mb.
#54612
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Журналистика социологиясы және маркетинг ұғымдарының арасындағы байланысты атаңыз

2. «Журналист — ақпарат — аудитория» жүйесін қалай түсінесіз?

3. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері қандай болды?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы.,1990.

2. Буданцев Ю.Г. Социология массовой коммунации. М.,1995.

3. Габдуллина К.Г. Социология и социальная жизнь. Алматы., 1996.

4. Баркер А. Как еще лучше... управлять людми. М.,2002
2-дәріс

Әлеуметтік зерттеулер: құрылымы, қозғалыс, әдістері

1 Социологиялық зерттеулердің мәні

2 Социологиялық зерттеулердің кезеңдері

3 Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі

4 Зерттеу мақсаттарын белгілеу

5 Зерттеу жиынтығын анықтау



Социологиялық зерттеулердің мәні. Ақпарат жинаудағы сандық және сапалық тәсілдер. Фокус топтарды ұйымдастырып, пайдалану. Статистикалық мәліметтерді сақтау, өңдеу, салыстыру, нәтижелерді журналистикада пайдалану, жаңа әдістерді. «Іріктеп алу, сұрау алу» түсінігі. Оның ықпалдылығы , түріне қарай, жауап берушілерді таңдауына қарай іріктелуі, ашық және жабық түрлері.Сұрау салу әдістемесі: сауалнама, контент- талдау, эксперт сұрау терең сұхбат, телефон арқылы және т.б.БАҚ –ғы контент талдаудың мақсаты мен міндеттері.Сұрау салуды іріктеп орналастыру. Кездейсоқ іріктелген сұрау салу. Редакция жұмысындағы социологиялық зерттеу проблемалары ұйымдастыру, жоспарлау әлеуметтік шындықты тану, журналист шығармасының дүниеге келу.

Социологиялық зерттеу – методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.


Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:

- зерттеуге дайындық;

- бастапқы ақпаратты жинақтау;

- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі – үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.
Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері, зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін, бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына тоқталайық.



Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі

Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.

Объективті қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын, зерттеу түрін айқындайды. (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын)

Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу аралас болып табылады: ол тек тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ ғылыми мәселелерді шешеді.

Мәселелік әлеуметтік жағдай ғылыми мәселеде нақты бейнеленеді, онда ол қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда іске асырудың жолдарын мен амалдарын білмеуден тұрады.

Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады.

Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.

Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.



Зерттеу мақсаттарын белгілеу

Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек.

Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.

Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қандай деген ізденісінен тұрады.

Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады. Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша, жаңа зерттеу дайындауға көмек көрсете алады.

Зерттеу объекті мен пәнін белгілеу

Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.

Тар мағынада социологиялық зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.

Зерттеу объектісін суреттеу барысында келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық, саяси және т.б.), уақытша шекаралары (зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді).

Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға байланысты белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы).
Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен жақтарынан тұрады.

Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы

Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийне айналады.

Социологиялық талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар қолданады.

Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы).

Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.

Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады.



Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау

Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек.



Гипотезабұл ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады.

Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады.

Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беру керек:
1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негізі болатын, жалпы социологиялық қағида принциптеріне сай келу керек;

2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі мүмкін.

Гипотезалардың дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.

Бейнелеу – бұл зерттеу объектінің құрылымдық және функционалдық байланыстары жөнінде ұсыныстар. Олар әлеуметтік объектінің классификациялық сипаттамаларына жатқызыла алады.

Түсіндірмелі гипотезалар – зерттеу объектісінің себеп-салдар байланыстары жөнінде ұсыныстарды белгілейді.

Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар негізгі және қосымша болып ажыратылады.



Зерттеу жиынтығын анықтау

Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.

Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.

Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады. Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың микромоделі болып белгілену керек. Сұрыптау жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау қасиеттері негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу керек. Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады.

Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады.

Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:

1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау бірлігімен іске асырылады

2) жүйелік сұрыптау;

3) ұялы;

4) стратификациялық;

5) көпсатылы;

6) квоталық.

Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және бастапқы социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңдерін атаңыз

2. Социологиялық зертеулердің қандай түрлері бар?

3.Социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясына нелер жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.

2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.

3. Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.

4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.

3-дәріс

Әлеуметтік зерттеулердің әдістері және оның журналистикадағы қолданылуы

1 Әлеуметтік зерттеулерде көтерелетін негізгі мәселелер

2 Мертонның әлеуметтану қағидасы

3 Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Социологияның түрлі саласындағы зерттелетін негізгі проблемалар «Жастар, білім, жанұя, дін, қоғамдық ұйымдар, мәдени, ұлт және этнос, ұлтаралық қатынастар, әлеуметтік құрлым, саясат, қала, ауыл, бос уақыт, еңбек социологиясы т.б» Этонсоциологияның қызметі, зерттеу функциялары. Зерттеудің стратегиясымен мақсаты. Әлеуметтанудың БАҚ –ғы ролі. Аудиторияның психологиялық сипаты. Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтік бағыты. Бұқаралық коммуникация өнімін зерттеудің теориялық және методикалық алғы шарттары.

Әлеуметтік білімнің осындай өзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің түсінуінен айқындайтын өз тарихы бар. Ғылым дамуының әр кезеңінде белгілі өзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын қызметтері жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану макро әлеуметтану түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда микроәлеуметтанудың қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде қағидалық сипаттаулардан әлеуметтік – психологиялық және социометрлік әдістерді қолдану арқылы эмпирикалық зертеулерге көшу белгіленді.

Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың бірігуін көздеді. Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді ажыратады.

Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады . Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көпшілігі екі міндетті шешуге бағытталады:

1) қағидалық;

2) тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Арнайы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы заңдылықтарының қоғам өмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні әлеуметтік өмірдің өзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың даму заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге өту өлшем ролін атқарады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бөлінеді:

1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын –тіршілігін ) зерттейді;

2) әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер – әлеуметтану құқығы, әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидалар;

3) арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы – әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл әлеуметін сипаттайды;

4) арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін – басқару әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді;

5) арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік (қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді.

Соңғы уақытта кең таралған көзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі келесі сатыларға бөлінеді:

а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін мен заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы құрастырады;

ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім негізінде, айрықша тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің көкейтестігін зерттеуді мақсат қояды;

б) әлеуметтік инженерия – әр түрлі техникалық құралдарды құрастыру мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі;

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану,әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. — әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.

Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды.

Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» — грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатадыII. Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдеріҚоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті.



Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік зерттеу функцияларын атаңыз.

2. Мертонның әлеуметтану қағидасының ерекшелігі неде?

3. Әлеуметтік зерттеудің қандай типтері бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исследований в журналистической практике. Свердловск., 1986.

2. “Журналист: социологические и социопсихологические исследования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.

3. Коробейников В.С. Редакция и аудитория. Социолоический анализ. М.,1983.


4-дәріс

БАҚ және қоғамдық пікірді зерттеудің әдіс-тәсілдері

1 Қоғамдық, саяси қөзқарас. БАҚтың маңызды дифференциясы

2 Қоғамдық ойдың қалыптасуы
Қоғамдық пікірді зерттейтін орталықтар «Жауаптарды дұрыс түсінбеу», «саясатқа деген немқұрайлық», «пікірлер қарама- қайшылығы», «сөзбен істің алшақтығы», «қоғамның потенциалды мүмкіндіктерін ескеру», «қоғамдық пікірді білдіру жолдары жайлы» түсініктер. Мониторинг. Бүкіл халықтық референдум. Үкіметтің қоғамдық пікірге деген көзқарасы. Қоғам және әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік прогресс. Қоғамның әлеуметтік құрлымы. Әлеуметтік топтармен бірлестіктер. Әлеуметтік ұйымдар және институттар. Қоғамдағы журналистің статусы мен ролі. Қазаққа тән әлеуметтік ой. Тәуелсіз әлеуматтану институттарының материялдарын журналистика социологиясында қолдану. Мәліметтерді жинаудың әдістері. Сұрақ жүргізудің кезеңдері.

Біз біртұтас байланыс ғасырында, яғни бүкіл жер шарындағы адамдар жалғыз ақпараттық ағымға сүйенген заманда өмір сүрудеміз. Бұл жаңа замандық халықаралық байланыстың нәтижесі. БАҚ көпшілік адамдар үшін өмірде екінші сатыға қойылатындықтан, оған жеңіл қарайтындар да кездеседі. Мұндай көзқарас біржақты ғана пікір, өйткені: көпшілік байланыс жүйесі біздің әлеуметтік тұрмысымызда көптеген жағдайлармен тығыз байланысады. Мысалы, газет, теледидар секілді ақпарат құралдары қоғамдық пікір тудыруда және біздің өмірімізге тікелей әсер етеді. Бұл тек біздің көзқарасымызды қалыптастыруда ғана емес, қоғамдық өміріміздегі көптеген жағдайлармен байланысуында.

XVI-XVII ғасырдан бастау алатын бұқаралық ақпарат құралдарының нақты жұмыс процесі қазір де лайықты жалғасын тауып келеді. А.Байтұрсынов бабамыз “Газет – халықтың көзі, құлағы және тілі” демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын осынау БАҚ-тың прогрестік мәнінен аңғарамыз.

Ақпараттық технология барған сайын өз мүмкіндіктерін тереңдей ашуда. Бұқаралық ақпарат құралдары, барлық уақытта мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда, халықтар арасында жайма шуақ, достық қарым қатынас орнатуда, экономикалық – саяси және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуде, жалпы азаматтық құндылықтарды насихаттау мен таратуда орасан рөл атқарып келеді.

Ал жаһандану кең құлашын жайған XXI - ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның алдында тұрған міндеттердің аумағы өсіп, неғұрлым жауапты бола бастады. Елдер мен халықтардың жақындасуына белсенді ықпал ете отырып, баспасөз, электронды бұқаралық ақпарат құралдары іскерлік пен мәдени ынтымақастықтың жаңа мүмкіндіктерін ғана ашып қана қоймай оны дамытудың түрлі жолдарын көрсетуге күш салуда.

Негізінен баспасөзге, бүтіндей бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты “қоғам өмірінің айнасы”, “саяси қызметтің қаруы”, “төртішші билік тұтқасы” деген айтылуы тегін емес.

Егер БАҚ-тың соңғы оншақты жыл көлеміндегі бүкіл табиғатына, атқарған қызметіне зер сала қарасақ, жоғарыда айтылған баламалардың негізі бар екендігіне көз жеткізуге болады.

Бұқаралық ақпарат құралы ретінде де радионың табиғаты осы табиғи заңдылықтар мен қарым-қатынастарға негізделеді. Жүз жылда радиожурналистика ғылымы дамып, өзінің негізгі ұстанымдары мен қағидаларын қалыптастырып үлгерді.

Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделдікті қамтамасыз ете алмайды. Газет ақпараты оқырманына жету жолында күрделі бірнеше процесті: деректі жинау, терім, беттеу, көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда соңғы жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар беру үрдісі жолға қойылды. Бірақ ол көп шығынды, қымбат техникалық құралдарды қажет ететін-діктен екі телеарнаның бірінің шамасы жетпейді, сондықтан сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірибесінен орын алған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі кездесіп жүр. БАҚ катарына соңғы 10 жылда қосылған Интернеттің де өзіндік шектеулері бар. Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпарат сайтқа орналастырылған сәттен бастап, оны кез келген шартараптан оқуға мүмкіндік туады. Ол үшін де тұтынушының ақпарат таратушы сайтын тауып, ондағы дерекке жол табуы үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жұмсауына тура келеді. Радиожурналист болса оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей эфирге шығып баяндай алады. Соңғы жылдары қауырт дамып, кең қолданысқа ие болған ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа тыныс әперді, радионың мүмкіндігін бұрынғыдан да арттырды. Радиотілші төтенше жағдайлар болсын, тез өзгермелі спорт жарыстары болсын, ақпаратын жеткізу мақсатында орталық студия арқылы байланысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жагдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни, ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телевизия да, Интернет те радионың алдына шыға алмайды «Радио ісі жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал болып қала береді.

Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көпшілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті туындайды.

Саяси қөзқараспен қарағанда БАҚтың маңызды дифференциясы үкіметтік, опозициялық және тәуелсіз болып бөлінеді. Осы категориялар арқылы БАҚ көптеген нәрселелерді жарыққа шығара алады, оның ішінде қарама-қарсы мәселелер, олар ақпараттық нарықта ылғи болмайды. Ортақ жоспарға алғанда дәл осындай құрылымнан, ешқандай, оның ішінде басқарушылық та, ақпараттық кеңістікте монополиі жоқ, немесе арнайы билікке әсер ететін дискредитация мақсатында күштер болуы мүмкін. Тәуелсіз БАҚ антибиліктік күйді қалай өзгерткілері келсе, солай өзгертеді және басқа күштерді сынай отырып, тиянақты позицияны ұстануы мүмкін. Қандай жағдай болмасын қоғамдық ой бірдей болып келетін тұстары жоқ, кейде әр бағытты ақпарат көздері болып, идеялы бәсекелістік қоғамда өз бағаларын береді.

Осы идеялық бәсекелестік қызмет орталық және периферилік қызметінде БАҚ арнайы реңін береді. Көбінесе, көптеген демократиялық мемлекеттерде үкімет орынында отырып, БАҚ мен оппозициялық күшті бақылауға алып отырады, орталықтанған прессаға қарама-қайшылық түдыру үшін орталық каналдарға телетрансляция үшін ақпараттық барьер құрады. Осындай құрылымда жергілікті БАҚта өз каналы болмауы мүмкін, мөрлік нарық жергілікті басылымдарда ғана болуы мүмкін.

Ағылшын зертеушісі Дж. Курран коммерциялық БАҚ (жеке секторды танытатын), азаматтық (ұжымдық аудитория немесе тұтастай алынған электорат), профессионалды (алдымен профсоюз ойын құптайтындар) қоғамдық – нарықтық, БАҚ, әлеуметтік ортақ қызықтарды танытады. Ақырғысы үлкен аудиторияны қамтиды, ортақ маңызды әлеуметтік мәселелерді қамтамасыз ете отырып, жеке тұлғаға өз көзқарасымен көбіне қарау позициясына жол береді. БАҚтың осындай жұмыс қатары, ақпараттық саяси нарықта қазіргі кездей мемлекет соқтығысады. Мысалы, коммерциялық БАҚтың әлеуметтік немесе саяси мақсаттары үлкен бизнеске құрбан болады. Басқаша айтқанда, қаржылық бақылау, жарнама берушілер мен бастықтардың айқын құптайтындар жабық мәселелерінде көмекке қалдырады, яғни пайда табуға бөгет жасайды. Сонымен қатар, ірі коммерциялық медиакландар ақпараттық кеңістікті үкіметке өз талаптарын айтып жекешелендіргісі келеді.

БАҚтың осы категориядағы қызметі массалық ақпараттық –экономикалық мәселесі деп қарауға болады. Тәжірибеде көрсеткендей, капитал ғана емес, мемлекеттің өзі экономикалық шарт қояды. БАҚтың саясатта жылы көзбен қарау керектігін, ақпараттық нарықта коформисттік курс өткізуіне талап етеді. БАҚ экономикалық қолдаудың басты көздерін өз бақылауына ала отырып, әсіресе саяси қатынастың қоғамға көшуі, мемлекет пен капитал тәжірибесін тәелсіздіктен ажыратады. Ортадағы БАҚ, саяси позиция таңдауда адамдардың мүмкіндігін анық және еркін айырады.

Капитал мен мемлекеттің қарым-қатынасы, бір жағынан алып қарағанда, және қоғам, бір жағында шынайы қарама-қайшылық жасайды, кімде-кім БАҚты біледі (сондықтан олар қоғамға бірдеңе айтуға мүмкіндігі бар және радио мен телевидение естуге және көруге тіпті басқа нәрселерді көруге) осындай себеппен ақпаратты таңдауда кімнің қолы жетеді және пайдаланса солардың қолында еркін түрде ақпарат болады.

БАҚтың құрылымдық элементі олардың түрлі білімдерін ақпаратты таратудағы және азаматтардың байланысы кезінде арнайы әдістер пайдаланылады. Бәрінен бұрын, оларға телевидение, радио және баспа баспасөз жатады.

Негізінен телекөрініс массалық ақпарат құралының тиімді , әрі мықтысы болып табылады. Әлеуметтік сұрақтар көрсеткенде, адам видеоақпараттың 75 пайзын еске сақтайды. Телекөріністің күші олардың ең бастысы ақпараттың жан-жақтылығы көрерменге көрсету басты қызметі болып табылады. Саясаткердің немесе жеке іс-шараны көрсету олардың басты мақсаты, мәнері және өмірден алынған мәліметтер қабылдауда шынайылық туғызады.

Осындай себептермен адамға немесе адамның өміріне психологгиялық механизмдер «қосылады», ол ақпарат қабылдау мүмкіндігін жоғарылатады.

Телебейне бір уақытта рационалдылыққа, болып жатқан құбылысқа пікірін айтудан құралады. Нақты әр бейнеде ерекеш мазмұн тұрады, ол қабылдауды қалыптастырады. Телеөнім әрине шығармашылық, эстетикалық және мәдени безендірулерсіз жүзеге аспайды. Ол метафоралық мінез бере отырып, көргенін одан әрі құлпырта түседі.

Телекөрініс сонымен қатар, технологиялық әрекеттер саны да болады және видеоматериалдарды ұйымдастырудағы әдістер ақпараттық хабарламалар көлемін жоғарылатады. Мысалы, «жүгірмелі тармақ» және «сурет» немесе әр түрлі сюжеттердің монтажы телеэкранда болып жатқан құбылысқа көңіл аудару үшін адамдардың көңілін тартады. Телекөрініс осындай техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, саяси процестер мен кампаниялардың негізгі құрал-жабдықтары болып саналады, сонымен қатар көрермендер ойын өзіне тартады.

Радио да өте үлкен саяси потенциялды ұстанады. Оның коммуникативті мүмкіндіктері ақпаратты таратуда жоғары оперативтілігінде, ол әлеуметтік аудиторияға дер уақытында хабарламаларды ауқымды жіберіп тұрады. Көптеген адамдар, радионы арнайы тыңдамаса да, өз қабылдағыштарын қосулы қояды. Сондықтан, телекөріністен гөрі радионың мүмкіндіктері көп, және ақпараттар шектеусіз таратылады.

Радио акустикалық, технологиялық тиімділік арқасында ол кең ассоциативті бейнелерді құрайды, драмалық қабылдауларды іске асырады, басқа БАҚ деңгейінде аудиторияның көңіл-күйін басқару үшін пайдаланады.

М.Маклюэн радионың жағдай жасауға мүмкіндігі бар, тыңдаушы шығарылған ақпаратты белсенді ойлағанда, оны «ыстық канал» деп атаған (Телекөрініс айырмашылығы, көрермендер қатысымен бірге және көрермен бейнесі фантазияға шектеу қояды және сондықтан ақпарат таратуда осы канал адам ойына «суық» болып қалады).

Баспа баспасөзі өзінің коммуникациялық ерекшеліктері бар. Оның басты белгісі ақпарат таратудағы рефлексиялық. Баспа өнімдері ақпарат қабылдауда жеке көзқарастардан тұрады және сондықтан оқырмандардың белгілі бір дайындық деңгейлерін қарастырады. Газеттерден ақпарат алушылар әрине оқи алатын оқырмандар, ал телеэкраннан немесе радиоқабылдағыштан ақпарат алушыларға мұндай қасиеттердің қажеті жоқ.

Мұндай тәртіп баспадағы сюжеттік- тақырыптық бағытты анықтайды. Парасатты баспасөз орталығы аналитикалыққа тірек жасайды, оқиғаларды тереңдей ашып, берілген мәліметін жарыққа шығарады, ал «сары» баспасөзде барлығы керісінше болады.
Қоғамдық ойдың қалыптасуы

Қоғамдық ойдың қалыптасудағы механизмі әр түрлі болып келеді, ол азаматтық қоғамның билікпен қатысына байланысты. Ортақ алғанда эмоцияналды, стихиялық және рационалды – танымдық болып оның қалыптасу жолын бөліп қарастырады.

Эмоционалды, сезімдік тәсілдер және механизмдер коммуникация негізінде тұлғааралық болып қалыптасады. Бірақ топтық және көпшілік ойымен келісу үшін біраз уақыт өтуі қажет. Бұл жерде механизмдердің психологиялық рөлі басым келеді.

Қалыптасудағы стихиялық тәсілдер көбінесе БАҚ лидерлерінің ойларына негізделеді. Алдымен беделді лидердің позициясы азаматтар ойына әсерін тигізеді. Қалған басқа адамдар осы ойға келіседі, осының арқасында саяси мүмкіндіктер кеңейеді.

Берілген қоғамдық концентрация тәсілі аясында БАҚ қарама-қарсы сөздерден құтылып, белгілі бір түсіністікке келуін талап етеді. Бұл жерде белгілі қарым-қатынас, эмоционалды жағдай, шаблондар және стереотиптер қатысады.

Қоғамдық позицияда осы тәсілдің қалыптасуында лидерлердің ойлары ғана жоғары емес, сонымен қатар, интеллектуалды элитаның да ойы жоғары. Бірақ билік басындағылар айтылған ойлар мен бағаларға келіседі деген ешқандай кепілділік жоқ.

Қоғамдық ой сонымен қатар арнайы құрылымдар әрекетінен, партиялардан, қозғалыстардан, аналитикалық құрылымдардан тұрады, олар қоғамдық көзқарастан белгілі бағалау жөнінде кәсіби деңгейде айналысады. Бұндай іс-әрекет қоғамдық позицияларды даярлаудағы, каналдарды қалыптастырудағы, ақпарат таратудағы тәсілдер және оны билік құрылымдарына тарату болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Ақпараты оқырманына жету жолында қандай процестер жүзеге асады?

2. Саяси қөзқараспен қарағанда БАҚтың маңызды дифференциялары қандай?

3. Қоғамдық ойдың қалыптасудағы механизміндерін тоқталыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исследований в журналистической практике. Свердловск., 1986.

2. “Журналист: социологические и социопсихологические исследования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.

3. Коробейников В.С. Редакция и аудитория. Социолоический анализ. М.,1983.



5-дәріс

Әлеуметтану мен журналистикадағы ақпарат жинаудың әдістері

1 Ақпарат көзі, талдау мен өңдеу кезеңдері



2 Ақпарат - маркетинг зерттеулер

3 Социологиялық сұрау және Сауалнама әдісі


Ақпарат талдау мен өңдеу кезеңдері. Журналистикадағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдалану мүмкіндігі. Құжаттарды талдау, дәстүрлі әдісте.Түрлі құжаттарды талдаудың ерекшелігі. Ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету. Контент талдаудың журналисткадағы қолданылу ерекшеліктері. Сұрақ. Әдістің жалпы сипаттамасы. Сауалнамаға қойылатын талаптар. Бақылу, мақсаты, міндеті, түрлері, жоспары, нұсқаулар. Ғылми және табиғи бақылау.

Әлеуметтік ақпаратты жинаудың әдістері. «Таңдау, құжаттарды талдау, бақылау, сүрау салу: сауалнама және сұхбат». Қоғамдағы тұлғалардың эмперикалық социологиялық зерттеулерге қатысуы зерттеу кезеңдері. Журналистикадағы ақпарт пен әлеуметттану саласындағы эмперикалық зерттеулердің өзара байланысы, ұқсастықтары.

Ақпарат көзі – адам, ұжым және деректер. Деректерді жинау кезінде журналист ақпараттарды түрлі көздерден алады. Кейіпкер журналиске өзі немесе жолдастары жайында мәлімет беруге міндетті емес. Олардың экран алдында ашылулары үшін оған себеп, дәлел, сылтау керек. Егер олар жауап беруден бас тартқан жағдайда, қысым жасаудың қажеттігі жоқ. Мүмкін, сіз таңдаған кейіпкер туралы көпшілік пікірі басқаша болуы немесе сіз істейтін редакция жайындағы көзқарастың тым теріс бағытта да болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Ақпарат алудың ұжымдық түріне формалды және формалды емес қатынас, жиналыс, мәжіліс, конференция, дөңгелек үстел, баспасөз конференциясы т.б. жатады. Мұның бағалылығы: онда шыншыл көзқарастардың үстемдік алып, журналистің проблема, оқиға туралы дәл, айқын ой түйіндеуіне жол ашатындығы. Ал айда, кей сәттерде шындықтан алып жататын деректердің де хабарланатынын ескеру керек. Журналист көпшілігінде деректерге жүгінеді. Деректермен танысуға автордың рұқсатымен кірісу қажет. Автордың рұқсаты бар екенін ескеру де қажеттілік және онда дәлдіктің кейде сәйкессіздіктің болатынын да аудиторияға қоса хабарлау шарттылық.

Ақпарат - маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді:

• бәсекеде басымдылықты алу,

• шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету,

• тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау,

• сыртқы ортаны терең бақылау,

• стратегияны дұрыстау,

• фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау,

• түтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру,

• тиімділікті көбейту.

Ақпаратты жіктеу

Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтан шығу мерзіміне, оған жүктелген міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.,

Шығу мерзіміне қарай мынадай акпарат түрлерін айыруға болады:

• түрақты ақпарат - маркетингтік ортаның үзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерін бейнелейді;

• айнымалы ақпарат - маркетинг обьектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетін ағынды сандык. және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;

• ауық-ауық ақпарат - керек кезде ғана анда-санда ғана жиналатын мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мэліметтер жинау).

Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:

• анықтамалық ақпарат - танымды сипат алады және маркетинг обьектілерінің біршама түрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйесі ретінде шығады;

• кепілдемелік ақпарат - арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады. Оған өнім өткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау фирмаларды талдау приоритеттері жүктеледі;

• нормативтік ақпарат - негізінде өндіріс саласында қалыптасады, өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады;



Социологиялық сұрау әдісі - белгілі бір адамдар тобына сұрақтар қою арқылы жүргізілетін алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық сана кұбылыстары туралы немесе жай фактілер, окиғалар, үрдістер жайлы ақпарат алу.

Сауалнама әдісі

Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады.Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдана отарып алуға болады.Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістердің бірі.Бақылау барысында зерттеуші обьектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемде мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс – тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде ақпарат алады.Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі.Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды.Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады.Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-анкетерлар(Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады.Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью).Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу , бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:

1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;

2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;

3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.

Анкеталық сұрақтардың түрлері түсінікті болу үшін мысалдар келтірейік:

1. Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауатырақ жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ – жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады;

2. Жабық сұрақ : «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» - ата – анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;

3. Аралас сұрақ : «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» - материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблемма қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзінің жазыңыз.

Анкета (сауал хат) құрастыру мен дайындаудың ережесін әдістемесі.


Бақылау сұрақтары:

1. Деректерді жинаудың қандай түрлері бар?

2. Шығу мерзіміне қарай ақпарат түрлері нешеге бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы.,1990.

2. Буданцев Ю.Г. Социология массовой коммунации. М.,1995.

3. Габдуллина К.Г. Социология и социальная жизнь. Алматы., 1996.

4. Баркер А. Как еще лучше... управлять людми. М.,2002

6-дәріс


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет