«Журналист психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 11. 09. 2014 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет4/6
Дата31.12.2019
өлшемі0,62 Mb.
1   2   3   4   5   6

2 PR этикасы және кәсіби стандарты


Қазіргі кезеңді  ақпарат  заманы деп атау орнықты. Осыған орай бүгінгі қоғамдағы ахуалды бірнеше кеңістік құрайтынын айтуымыз керек. Соның бірі – БАҚ қызмет ететін ақпараттық кеңістік индивидтің когнитивтік кеңістігіне әртүрлі тәсілдермен енеді. Әсіресе адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін әсер етудің қосалқы коммуникативтік технологиялары болып табылатын үгіт-насихат пен жарнаманың рөлі айрықша маңызға ие. Сондай-ақ көппартиялық саяси жүйеге көшкен Қазақстанның саяси құрылымында PR (паблик рилейшнз) бүгінде аса қуатты саяси тәсілге айналып отыр.

Жалпы «паблик рилейшнз» тіркесінің тікелей мағынасы жұртшылықпен байланыс дегенді білдіреді. Қазіргі басқару қызметінде онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Әсіресе басқару, ұйымдастыру, қоғаммен тікелей байланыс жасау салаларының қызметкерлері үшін оның маңызы зор. Өйткені серіктестерімен, тұтынушылармен өзара түсіністікке қол жеткізіп алмай басқару қызметін жүргізу мүмкін емес. Ал билік пен партия қызметтеріне қатысты алғанда бұл проблема өткірлене түседі. Себебі халық арасынан шыққан ондай өкілдер сол көпшілікпен тығыз байланыс орнатпай ешбір табысқа жете алмайтыны белгілі. Сонымен PR шын мәніндегі стратегиялық коммуникация болып табылады. Онда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралар ұзақ уақытқа жоспарланады, қандай да бір ұйымның немесе жеке тұлғаның мүддесін көздейтін ақпараттық басымдықтар айқындалады. Сөйтіп PR басқару процесінің маңызды бөлігіне айналады. Осы жұртшылықпен байланысты жүзеге асырушы ақпарат көздерінің бірі – мерзімді баспасөзде жарияланған материалдарды автордың прагматикалық ұстанымына, көтеретін тақырыбына, қамтылатын деректердің алуан түрлілігіне, мақсатты түрде бағытталған аудиториясының сипатына, сондай-ақ қоғам өміріндегі жалпы халықтық, халықаралық т.б. шаралардың қарсаңында немесе олардан кейін, яки жариялану уақытына сәйкес позитив және негатив бағыттағы PR мәтіндер деп бөлуге болады. Әсіресе «үлкен ойын» саналатын саяси сайлаулар науқаны кезінде электораттың басым  бөлігін   өз  жағына шығару мақсатымен сайланушы азаматтардың, үміткерлердің сенімді өкілдерінің осындай PR мәтіндерді БАҚ-тың барлық түрлері бойынша «қарша борататыны» жасырын емес. Тіпті жеке тұлғаның көпшілік талқысына түспеуі тиіс саналатын проблемалардың өзі мұндайда жұрт назарына ашық ұсынылатыны жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда құптарлық емес.

Саяси коммуникация жүйесі белгілі бір саяси мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамдық санаға әсер ету құралдарынан тұрады. Зерттеуші Б.С.Ахатованың айтуынша, саяси коммуникация мынадай құрамдас бөліктерден: 1) саяси PR; 2) саяси үгіт-насихат; 3) саяси жарнамадан тұрады. Саяси PR көпшіліктің белгілі бір саяси субъектіге (саяси партия немесе қайраткер) деген сенімін қалыптастыру мақсатымен ұзақ уақытқа жоспарланады; 2) ал саяси үгіт-насихат сол қалыптасқан сенім негізінде саяси мінез-құлықтың белгілі бір типін жасау үшін қоғамдық санаға нақты саяси идеяларды сіңіреді; 3) ал саяси жарнама электораттың сол үгіт-насихат ықпалына түскен бөлігін «дұрыс таңдау жасауға» шақырады, яғни нақты бір саяси партияға немесе оның көшбасшысына дауыс беруге үндейді. [20,110] Осылардың ішінде көпшілікке тікелей және күшті әсер ететін жарнама мен үгіт-насихатқа қарағанда PR-дың коммуникативтік ықпалы әлсіздеу болады. Бірақ жоғарыда аталған негатив PR материалдары туралы былай дей алмаймыз. Қандай да бір үміткердің кандидатурасына қарсы пікір туғызу үшін бейәдеп, заңға қайшы, лас технологияларды қолдана отырып мұндай «қара PR» көпшілікке жарнамадан да қатты әсер етеді. Онда ақпарат бұрмаланады, кейде жалған мәліметтер беріледі, бәсекелес субъектіге әртүрлі жала жабылады, тіпті арандату әрекеттері де жоспарланады. Түптеп келгенде, мұның барлығы да «жұртшылықпен байланыс» деген ұғымды білдіретін PR-дың шынайы мән-мазмұнына қайшы әрекеттер болып табылады. Мәселені кеңірек аяда қарастырсақ, бұл тіптен ұлттық намысты қорлайтын келеңсіздіктер деп бағаланады.

Аталмыш екі түрінің ішіндегі негатив мәндегі PR-мәтіндер аудиторияның назарын көбірек аударатындықтан басылымдар да ондай материалдарды көптеп жариялауға ынталы деуге болады. Яғни негатив мәнді PR-мәтінді көбейткен сайын газет  таралымы  да, соған сәйкес танымалдығы да арта түседі.

Қазіргі газеттердегі негатив мәндегі PR-мәтіндердің өзін іштей 1) агрессивтік сипаты басым, журналистік этиканы ескермейтін және 2) мақала кейіпкеріне ашық агрессия көрсетпейтін, журналистік этика ережелерін сақтай отырып жазылатын, жағымсыз теріс пікірлерін ашық түрде емес, бейтарап формада беретін мәтіндер деп бөлуге болады.

Көріп отырғанымыздай, бүгінгі баспасөзді Кеңес үкіметі кезіндегі цензуралық БАҚ-тан ерекшелендіретін айрықша белгілердің бірі – осы PR-мәтіндерінің актив қолданылуы. Мұның өзі сөз бостандығы, ой еркіндігі сияқты ұғымдардың қазіргі оқырман үшін үйреншікті қолданыстарға айналғандығын дәлелдейді. Қазіргі қазақ газеттерінің кез келгенінен PR-мәтінді кездестіруге болады, бірақ «Егемен Қазақстандағы» PR-мәтіндер негізінен жағымдылығымен, оң пікірлерге негізделгендігімен сипатталса, «Жас Алаш», «Ақ Жол Қазақстан», «Апта-kz» басылымдарындағы PR-материалдар сынап-мінеуге, объектіге алынған PR-субъектінің кемшіліктерін баса көрсетіп, аудитория алдында беделін түсіруге, ол жайында теріс, жағымсыз көзқарастар қалыптастыруға бағытталатындығы байқалады. Біз мұндай мәтіндерді «саяси ойында» теріс мақсатта қолданылатын тәсіл деп табуды жөн көрдік. Өйткені PR-ақпараттарды теледидар арқылы тарату үшін PR-субъекті эфирден көрсетіліп, PR-ақпарат аудитория алдында негізделіп, дәлелденуі тиіс. Ал қағаз арқылы, жазбаша формада таралатын PR-ақпаратқа мұндай  талаптар  қойыла бермейді. Мұндағы ақпараттың шынайылығы,  растығы  фотосурет арқылы ғана дәлелденуі мүмкін, бірақ бұл – міндетті шарт емес. Осы жағдай да PR-ақпаратты тарату үшін ең қолайлы БАҚ түрі ретінде газеттердің таңдалуына себеп болады.


PR этикасы және кәсіби стандарты


Қоғаммен байланыс саласы – барлық салалармен тығыз байланысты. Әрбір салада қалыптасқан мінез-құлық қағидаларымен кәсіби біліктілік деңгейі бар. Осындай қағидалар мен шарттардың жиынтығын әдеп немесе этика деген жалпылама атаумен атаймыз.Этика кәсіби моральдың құрылымын зерттейтін ғылым, моральдық нормаларды ұстану – ең бір қажетті қасиет.Қай салада қызмет етпесін адам ең алдымен адамгершілік қағидаттарын берік ұстанып,еліне қызмет ете білуі керек. БАҚ арқылы қоғамның көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады. Қойылатын
моральдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет. PR маманы өзінің жұмысын алға бастыру үшін көзбояушылыққа, екіжүзділікке, сатқындыққа жол бермеуі тиіс. Қоғаммен байланыс орнату барысында тілі майда, сөзі жұмсақ, жүзі жайдары болуы керек. Сонымен қатар, PR маманы барлық әдеп нормаларын меңгерумен қатар үлкен психолог бола білуі керек: қоғамда әртүрлі адамдар, адамадар тобы болады, әртүрлі пікірлер мен мінездер тоғысып отырады, ал ПР маманы осы механизмді басқарып отыратын тетікке айнала білуі керек. Осы мақсатқа қабылданған кодекстер қызмет етеді. Алайда, егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі PR маманының аяқ-асты тап болған
оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек PR маманының кәсіби этикасы мен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін. PR маманының этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан
оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі PR маманына моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді. PR маманы  этикасының қалыптасу негізіне келсек, ол өз халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық
мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс. PR маманы - шындыққа сүйене отырып, дұрыс мәліметті халыққа жеткізуші. Пиар маманының мінез – құлқы мен әдебінің жоғары дәрежеде болу маңыздылығы оның атқаратын қызметі мен үнемі қоғаммен
байланыс пен қатынаста болуымен анықталады.PR маманының атқаратын функциялары:

v  Жазу машығы

Шешендік  өнер

БАҚ-пен қарым қатынас

Зерттеу жүргізіп отыру

Маркетингтік қарым-қатынас  


Тұтынушымен,мемлекетпен,қоғаммен,инвесторлармен қарым-қатынас

PR-ға қатысты заңдарды түсіну, өзгерту,анализ жасау

Веб - сайттар жасау және жаңа медиамен жұмыс жасау

v   Іс-шаралар өткізу.

Пиар мамандары бірінші кезекте, жемқорлыққа бармайтын, көрсеқызарлық қасиеті жоқ, халықтың мүддесі мен қамы үшін қызмет атқаратын адал азамат немесе азаматша болуы тиіс. PR-маманының кәсіби мінез-құлқының кодексі түрлері:

1961 ж. – Кәсіби мінез-құлық және этика Кодексі

1965 ж. – тарихқахалықаралық Publik Relations (IPRA)ассоциациясының моральдық кодексі ретінде енген Афина кодексі, 1968 ж. Тегеранда өзгертілген.

1978 ж. – ПР саласында қызмет ететін тұлғалардың кәсіби біліктілігінің стандарттарын  анықтап берген ПР-дағы кәсіби мінез-құлықтың Лиссабондық (Еуропалық) кодексі , 1989 ж. толықтырылған.

2001 ж. – қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық талаптар туралы Ресейлік кодекс Қоғаммен байланыс саласы бойынша Халықаралық Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық Кодексі Кодекс 1961 жылы Венецияда Халықаралық ассоциацияның бас ассамблеясында қабылданған.Бұл кодекс ассоциацияның барлық мүшелеріне міндетті болып табылады.

I Жеке және кәсіби адалдық

Жеке бастың адалдығын жоғары адамгершілік қағидалары мен жақсы беделді сақтау деп түсінуіміз керек. Кәсіби адалдыққа конституцияны,ережелерді дәл осы кодексті сақтау жатады.

Қоғаммен және БАҚ-мен байланыс IPRA мүшесі өзінің кәсіби қызметін қоғамның мүддесімен сәйкестендіріпжәне тұлғалардың мәртебесіне сыйластықпен қарай отырып жүргізуі керек.

IPRA мүшесі БАҚ мәртебесіне зиян келтіру мақсатын көздейтін қандай да бір іспен айналыспауы керек.

IPRA мүшесі қасақана түрде жалған ақпарат таратпауы керек.

IPRA мүшесі кез-келген жағдайда өзі қызмет


атқаратын ұйым жайлы жан-жақты және нақты ақпарат беруге міндетті.

IPRA мүшесі жарияланған мақсаты басқа, бірақ шын мәнінде жасырын түрде немесе тұтынушылардың,жалдамашылардың мүддесіне


қызмет ететін ешқандай ұйым құрмауы керек,осындай ұйымнан пайда көрмеуі керек.

IV. Әріптестермен қарым-қатынас

IPRA мүшесі әріптесінің кәсіби мәртебесі мен жұмысына қасақана зиян келтірмеуі тиіс. Алайда басқа адамның этикаға сай емес әрекеті мен осы кодексті  бұзғаны жайлы дәлелі болса, PRA кеңесіне осыны мәлім етуі керек.

IPRA мүшесі жалдамашы және тұтынушымен жұмыс барысында басқа IPRA мүшесінің орнын басып алуға талпынбауы керек.

IPRA мүшесі осы кодексті ұстану мен оны орындауы барысынды басқа да әріптестерімен бүрлесіп жұмыс атқаруы керек.

PR саласындағы кәсіби мінез-құлықтың Еуропалық кодексі(Лиссабон кодексі) Ресми түрде 1978 жылы сәуірде Лиссабонда CEPR-дың Бас Ассамблеясымен қабылданған. Бұл кодекске 18 ұлттық ассоциация қол қойған.(15 еуропа елі)
Бақылау сұрақтары:

1. «Паблик рилейшнз» тіркесінің мағынасы түсіндіріңіз.

2. Саяси коммуникация қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.

2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.

3. Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.

4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.
10-дәріс

Сөйлеу коммуникациясы

1 Коммуникация ұғымы, түрлері.


2 Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi.

Коммуникация – латын тілінен аударғанда, «қарым-қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу» деген мағына береді. Коммуникация қоғамның кез келген саласында кездеседі. ХХ ғасырда философтар коммуникацияны қоғамдық дамуға әсер ететін бірден бір күш деп түсіндірді. Осының негізінде ғылымда «әлеуметтік коммуникация» термині пайда болды. Коммуникация ұғымы дами келе, білім, техника, саясат салаларында кеңінен қолданыла бастады. Білім салаларындағы институттардың бір-бірімен қатынасы, екі елдің дипломатия орнатып, саяси мәмілеге келуі де коммуникация құрылымын кеңейте түсті.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ара қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат пен қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін. Мәселен, телефон арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, аралары алыс болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл қатынас жүйелері алмасып қолданылады.


Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi


Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап, коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн. Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік- психологиялық феномен ретінде коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін. Қандайда бiр ақпараттар арнайы белгiлер арқылы бере аламыз, нақтырақ айтқанда белгiлер жүйесi арқылы. Коммуникативтiк процесте қолданылатын бiрнеше белгiлер жүйесi бар, соған сәйкес қылып коммуникативтiк процестiң классификциясын құруға болады.
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болады және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып ақраратты біреудің паралингвистикалық тәсілдері табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбыстарды айту ерекшеліктері, дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы.Қарым-қатынаспен қоса жүретін паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контекстін анықтайды. Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе, керісінше, оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған мен паралингвистикалық тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама –қайшылықты толық емес қарым-қатынас факторы ретінде қарастыру керек. Кез-келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер екі адам кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым-қатынас жүреді. Ал егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым-қатынас жүрмейді, өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана паралингвистикалық тәсілдер деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс емес адам бір-біріне қызыға қарағанда. Адамның әлеуми болмысын талдауда іс-әрекет категориясына маңызды роль беріледі. Теориялық, экспериментальды және қолданбалы зерттеулердегі іс-әрекет талдамы арқылы адам психикасының әлеуми себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады. Егер коммуникацияны бөлiп қарастыратын болсақ, олардың белгiлiк жүйелердiң әртүрлiсiн қолдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлiп қарастырамыз. Осыған сәйкес коммуникативтiк процестiң әртүрлiлiгі байқалады.
Вербалды коммуникация – белгiлiк жүйе ретiнде адам сөзiн қолданады, тiл арқылы табиғи дыбыс шығару. Екi прициптi қосатын фонетикалық белгi жүйесiн лексикалық және синтаксикалық сөз коммуникациясының ең әмбебап құралы болып табылад. Коммуникативтiк процеске қатысушылардың бiр мәселеге байланысты жағыдайды түсiнiп белсендi түде қатысуы үлкен рөл атқарады. Сөз арқылы алынған ақпараттың кодированиясы немесе декодированиясы жүзеге асырылады. Коммуникацияға түсушi сөйлеу барысында немесе ақпарат беру барысында кодпен хабарлайды (кодирует)
Бақылау сұрақтары:

1. Коммуникация мәнін түсінуде қандай кілттік болып табылады?

2. Сөйлеудің маңызды факторы атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.

2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.

3. Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.

4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.

11-дәріс

Журналист тәжірибесіндегі психологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы (эмприкалық, эксперементтік, бақылау, анкета әдістері)

1 Психологиялық зерттеу әдістері

2 Анкеталық әдіс

3 Журналистік зерттеуде псиологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы


Психологияда адамды ғылыми зерттеудің барлық циклін қамтитын әдістер жүйесі қалыптасқан, оған ұйымдастырушылық, эмпирикалық, сандық сапалық, интерпритациялық әдістер енеді (Ананьев).

Ұйымдастырушы әдістер

Салыстырмалы Логгитюдті Кешенді

Эволюцияның әр даму сатысындағы психика дамуы (зоопсихология)

Жалпы психология - топтарды салыстыру

Әлеуметтік психология- демографиялық, этнографиялық, әлеуметтік, мәдени топтарды зерттеу

Патопсихологияда

Жас ерекшелік психологиясында қолданылады. Бір топты бірнеше рет зерттеу

Индивидуалданған

Психикалық дамудың төменгі деңгейін болжай алады. Тұтас құрылымның негізгі компоненттерін зерттеу


Эмпирикалық тәсілдер

• бақылау;

• өзін өзі бақылау;

• эксперименталды әдістер (лобараториялық, табиғи);

• психодиагностикалық әдістер (тест, әңгімелесу, анкета, іс әрекет өнімін зерттеу, өмірбаян, интерпритациялық);

• анкета;

• социометрия;

• сұхбат;

• әңгімелесу;

• іс әрекет нәтижелерін талдау;

• модельдеу;

• өмірбаян.



Әдіс — психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Топ психологиясының әдістерін сипаттау. Оларға қойылатын талаптар. Топ психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері. Психологиялық эксперименттің құрылымы.

Салыстыру әдісі - әртүрлі құбылыстар мен объектілерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Лонгитюдты әдіс — белгілі бір уақыт аралығындағы құбылыстар мен объектілерді неше қайтара зерттеуге мүмкіндік береді.

Комплексті (кешенді) әдіс — әр ғылым салаларының әдістер жиынтығын қолдану.
Эмпирикалық әдіс — бақылау; әңгімелесу; эксперимент; тестілеу жатады.

Бақылау – срез (аралық) оның мерзімі; таңдаулылығы; тұтастылығын қарастырады.

Әңгімелесу – анкеттеу; интервью; сұрақнама; сұхбат.

Эксперимент - лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык әдісінін бірі. Журналисттердің де жиі қолданатын әдісі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.

Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).

Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.

Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.

Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.

Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.

Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.

Алынған материалдың нәтижесі статистикалық талдаудан өткізіледі де, ондағы үлкен цифрларға қарай қорытынды жасалады. Мәселен, бес жүз адамнын төрт жүзі "Абай" романын оқыдық деп жазса, бұдан оқырмандардың 80%-нын осы кітаппен таныс екендігін, бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапға айналғанын аңғаруға болады.

Анкеталық әдіс 19 ғ- дың 80-ші жылдарынан бастап педагокикалық және әлеуметтік психологиялық зерттеулерінде қолданылып келеді. Негізгі кемшілігі - адам кейде шын көңілдегісін жазып бере бермейді, не оны қағаз жүзінде дұрыс көрсете алмайды. Адамның жан дүниесінің сырын жете білу үшін байқау, әңгімелесу, эксперимент әдістерін қосарластыра пайдаланған жөн.

Журналистік зерттеуде псиологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы. Журналистік зерттеуде ең алғашқы қадам – айғақтаманың гипотезасын жасақтау. Гипотезаны жасақтау айғақтаманың ең маңызды сәттерінің бірі. Айғақтама гипотезасы деген ұғымның астарында келеңсіз оқиғаның не себепті орын алғанын, оған не және кім түрті болғанын, оған кімнің мүдделі екенін ойша болжалдау міндеті жатыр. Журналистикада гипотеза кейде болжам, бағам, версия деп те айтылады. Олардың айырмашылығы қандай? Версия да, гипотеза да болжалдау. Ал болжам версия мен гипотезаға қарағанда тек болашаққа қатысты ғана айтылатын болжалдау. Гипотеза мен версия болашаққа қатысты да, өткен шаққа қатысты да айтыла береді. Версия ұғымы гипотеза көп болған жағдайда айтылады. Ал гипотеза деген бір ғана тоқтамға тірелгенде қолданылатын ұғым. Журналист гипотезаны алға тарта отырып журналистік айғақтаманың қандай бағытта жүретінін бағдарлайды. Гипотезаны құрастырудың классикалық әдісі «Бұл жағдайды жасау кімге тиімді болуы мүмкін» сұраққа жауап іздеуден басталады. Мысалы, журналист ақпарат көздерінен белгілі бір зауыт улы қалдықтарды жергілікті жердегі ашық қоқыс тастау орнына төгуге рұқсат алды деген мәлімет естіді. Бұл әрекет қоршаған ортаны қорғау туралы заңға қайшы болса да компания белгілі бір жергілікті басқарушы шенеуніктен рұқсат алған. Басқаша айтқанда, шенеунік өз қызметін асыра пайдаланып заңды аяққа таптап, заңға қайшы әрекетті жасауға рұқсат берген. Осыдан келіп, журналист төмендегідей гипотезаларды алға тартады:

1) Кәсіпорын заңға қайшы келетін болса да өз қажетілігін қанағаттандыра алды, себебі сол кәсіпорынның басшыларының бірі жергілікті атқарушы биліктегі шенеуніктердің бірімен туыс, таныс немесе бір партияда тіркелген, т.б.;

2) Жергілікті атқарушы биліктегі шенеуніктердің бірінің компания акциясынан немесе оның пайдасынан үлесі бар;

3) Шенеунік белгілі бір ортақ таныстары арқылы компания иелерінен пара алған.

Осы сияқты гипотезалардың біріне сүйене отырып, журналист өзінің бар күш-жігерін ақпарат алудың белгілі бір арнасына бағыттай отырып жұмсайды. Бұл журналистің еңбегін зая кетірмейді, журналист өзінің нақты белгіленген бағытына қарай нық сеніммен қадам басады. Мұндай жағдайда журналист аз уақыт жұмсап үлкен нәтижеге қол жеткізеді.

Гипотезаны тексеру сәті журналистік айғақтаманың ең көп еңбекті талап ететін кезеңі және осы сәт журналистік айғақтаманың әрі қарайғы тағдырын шешетін шешуші кезең. Өйткені гипотезаның өзі тексеруден тыс жеке тұрып журналистік айғақтаманың аяғына дейін жүргізілуін қамтамасыз ете алмайды. Гипотеза бар болғаны болжал ғана. Осы гипотезаны тексеру мақсатында ақпарат, керекті фактілер мен дәйектемелер жиналады. Осы дәйектердің негізінде журналист бұл айғақтаманы әрі қарай жалғастыруға болатыны немесе тоқтатылатыны жөнінде шешім қабылдайды. Гипотезаны дәлелдеу үшін журналист ақпарат көздерімен жұмыс істеуді бастайды. Алдымен ақпарат көздерінің тобын жасақтайды да, сосын оларға шығудың амалын қарастырады. Ақпарат көздерінің қайсысымен бірінші жұмыс істейтінін журналист гипотезаның қайсысына көбірек сенсе содан бастайды. Журналистер көбінесе гипотезалардың бәрін бір уақытта қатар тексереді. Олардың біреуінің салмағы басып кеткенге дейін, яғни оның бірінің рас екендігін айғақтайтын бұлтартпас дәйек табылғанша бәрін қатар зерттеуді тоқтатпайды.

Телевизиядағы журналистік айғақтамалар жүргізудің құрылымын былай жіктеуге болады:
- Ақпаратты жинау және сұрыптау кезеңі;
- бейнеқатарды түсіру кезеңі;
- мәтін жазу кезеңі;
- монтаждау кезеңі.
Алдымен ақпарат жинау кезеңі жөнінде. Ақпарат дегеніміз – факт. Факт (латын тілінен аударғанда faktum -жасалған, болған деген ұғымдарды білдіреді) дегеніміз – шын мәнінде бар, ойдан шығарылмаған, шынымен орын алған, теориялық жалпылауға негізделген құбылыс.

Ақпарат жинау әдісін орыс ғалымы В.В.Ворошилов екіге бөледі: эмпирикалық және теориялық. Эмпирикалыққа бақылау, құжаттарды саралау, сұхбат, әңгімелесу, сауалнама, анкета тарату жатады. Ал теориялық ақпарат жинауға индукция, дедукция, ұқсату, салыстыру, анализ, синтез, гипотезалар мен версияларды алға тарту жатады. Эмпирикалық ақпаратты үш түрлі ақпарат көзінен алады: индивидтік (жеке адамнан), ұжымдық және құжаттық (ресми, жеке құжаттар, БАҚ материалдары). Ақпарат тек әдіс-тәсілдермен ғана емес дайын ақпарат тарату науқаны кезінде де жиналады. Мысалы, ұжымдық ақпарат көздері деген ұғым бар. Оған ресми немесе бейресми байланыс кезіндегі жиналыстар, конференциялар, отырыстар, дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер, пресс – конференциялар жатады. Адаммен оның жолдастарының көзінше сөйлескенде алынған мәлімет құнды болуы мүмкін. Өйткені сол мәлімет қасында тұрған жолдастарына да ортақ болғандықтан, оны бұрмалай алмай қалуы ықтимал. Керісінше, жолдастарының көзінше шындықты айтудан қымсынуы да мүмкін.

Ал ұжымдық ақпарат алу кезінде ресми не бейресми лидерлердің ықпал етуімен ақпаратты бұрмалауы да ықтимал. Сондықтан ұжымдық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданбас бұрын оның растығына көз жеткізіп алған жөн.

Журналистік айғақтамада ақпарат жинаудың классикалық төрт әдісі қолданылады:
- құжаттарды сараптау;
- сұхбат алу;
- бақылау;
- тәжірибе жасау (эксперимент).
Бақылау сұрақтары:

1. Эмпирикалық әдістерді атаңыз.

2. Эмпирикалық және теориялық әдістердің айырмашылықтарын айтыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.

2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.

3. Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.

4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.
12-дәріс

Жеке адамның типтік психологиясы

1 Адамның психикалық іс-әрекеті.

2 Жеке адамның психикалық және физиологиялық кұбылыстардың ара салмағы.

3 Эмоция кұбылыстары.

4 Тіл түйсігінін, негізгі алғы шарты.

5 Ойлау процестері.


Тұлға психологиясы - адамтану ғылымдары жұйесіңде ерекше орынға ие. Бұл сала адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның іс-әрекетіне сәйкес қадір-қасиеттерінің калыптасуының психологиялық механизмдері мен зандынықтарын зерттейді. Сонымен бірге адамның кұрылымы мен адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселелерді де зерттейді. Анатомиялық-физиологиялық зандылықтармен үйлеспейтін болын шықты. тұлғаньщ сыртқы ортамен өнімі болы табылатын психикалық үрдістердің өздері мінез-кұлықтың белсенді себепші факторы болатындығы көрсетілді.

Осындай, жеке адамның типтік психологиясын білу арқылы журналистің адам болмысын тануға жол ашады.



Адамның психикалық іс-әрекеті.

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды

Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.

Жеке адамның психикалық және физиологиялық кұбылыстардың ара салмағы

(психо - физиология сауалы) бейнелеу теориясының маңызды саласы. Ол материя мен санаға байланысты философияның негізгі мәселесі.

Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеу ретінде қарайды.

Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден және кісілік қасиеттерден тұрады. Психикалық әрекеттерге ықылас түйсік, зерде, эмоция (сезініс) , ойлау, тіл, сана жатады. Эволюциялық даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін иеленді.

Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.

Психикалық әрекеттің негізі — қоршаған ортамен организмнің объективті ара қатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген субъективтік бейне құрайды (А. А. Ухтомский). П. К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты.



Ықылас. Ықылас — көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.

Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас — туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыра-тын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс - әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.

Ықыластың әртүрлі көріністері бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу процестеріне, сезім мүшелерінін, әсерленісі мен организмнің, табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық механизмін ұғыну үшін И. П. Павловтың шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау синтез әрекеті туралы ілімін арқау етеді. Сонымен қатар, A. A. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс - индукция (кезеліс) процестері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды.

Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің, шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның ми қыртысы проекциясы және гипоталамус жауапты. Торлы құрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін арнамалы серпілістерді ми қыртысына тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) арқылы жеткізеді. Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялық көріністермен сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, тереңдігі, орнықтылығы, қарқындылығы, аудара қосушылығы болады. Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адамның таным - тіршілігі, ақыл - ойы және іс-әрекеті үшін жетекші роль атқарады. Еріксіз ықылас кездейсоқ төтенше тітіркендірістерге шартсыз бағдарлау рефлексі ретінде пайда болады.

Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нәрсеге (объектіге) шо-ғырлануын айтады. Ол тұрақты және тұрақсыз ықылас болып бөлінеді. Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнықтылығы құбылмалы келеді.

Ықыластың тереңдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің саны сипаттайды. Мұнда ыкыластың шашырауы немесе шоғырлануы маңызды орын алады

Сонымен қатар ықылас адамның ішкі әлеміне немесе сыртқы төңірекке бағытталады. Ықылас басқа нәрселерге оңай не қиын ауысады. Ал ықыластың қарқындылығы жоғары немесе төмен болады.

Эмоция. Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция — әртүрлі. Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция — әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Кідірген эмоция — жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық қанағатта.ндырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

Эмоция кұбылыстары аффект (долданыс) , нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект — айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі — заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат) , отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда болады. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі — адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоииялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық керіңіс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.

Бұлшық ет тонусы өеіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.

Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.

Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәңі адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.

Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жактарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс — мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.

Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды қақиғалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын — эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.



Ойлау. Oйлау - адамның жаңа жағдайларға бейімделуі кезінде мақсаттарды жаңаша шешуге' арналған ми қыртысының ете күрделі іс-әрекеті. Ол әлемді танудың және бейнелеудің ең жоғары сатысы. Ойлау — болмысты, оның бүкіл байланыстарын, қатынастарын және заңдылықтарын жанама түрде, жалпылама бейнелеу. Ойлау арқылы заттардың және құбылыстардың түйсінбейтін мазмұны, маңызы және мағынасы танылады.

Танымның алғашқы кезеңі — нақтылы сезімдік бейнелеу. Ол сезу, түйсік, елестету арқылы атқарылады. Қоршаған әлем мен организмнің өз хал-жағдайын нақтылы сезімдік бейнелеуді бірінші сигналдық жүйе атқарады.

Материалдық (мәдилік) дүниені тану сезуден басталады. Ол әртүрлі талдағышқа әсер ететін қоршаған орта құбылыстары мен заттардың жеке қасиеттерін бейнелейді. Ал түйсік біртұтас нақтылы бейне (образ) түрінде тек сезуден құралады. Сезу мен түйсік талдағыш жүйелерге, тікелей әсерден туады. Жалпы нақтылы елестету (түсінік) арқылы пайда болады.

Ойлау процестері жалпы түсінік пен уғышнан және пікір мен ой тұжырымынан тұрады. Ұғым, ең жоғары ойлаудың дәрежесі — түсінікті ой. Ол біздің сезім мүшелеріміз қабылдамайтын ең маңызды жақтарын бейнелейді. Бұлар танымның анағұрлым күрделі кезеңі — қоршаған әлемді жалпылама дерексіз бейнелеу. Ойлаудың дерексіздік (абстракциялық) , сезімдіқ, нақтылы, көрнекі әсерлі т. б. түрлері болады.

Психология ғылымы негізінен ойлаудың үш түрін ажыратады: нақтылы, бейнелі және дерексіз-қисынды (абстракциялық-логикалық).

Нақтылы немесе көрнекі — әсерлі ойлау бірінші сигналдық жүйеге тіркеледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасуы мүмкін.

Бейнелі ойлау — ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл тілмен тығыз байланысты.

Дерексіз-қисынды ойлау — ұғым, пікір символдық белгілер және басқа дерексіз категорияларды пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдылар қажет.

Ұғым дегеніміз заттар мен кұбылыстардың жалпы және маңызды ерекшеліктерін бейнелеу болып табылады. Пікір олардың әртүрлі жақтары мен қасиеттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Ой тұжырымы пікірлерді заңдылықпен байланыстыратын ойлаудың, жоғары сатысы. Ойлаудың үш түрі де тектік (гендік) және диалектикалық тұрғыдан алғанда санның сапаға ауысуы.

Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И. M. Сеченов. Оның айтуынша, ойлау— нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі. Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И. П. Павловтың нактылы тәжірибелерімен дәлелденді.

И. M. Сеченов пен И. П. Павловтың еңбектерінде, ассоииация (ұлас) үғымы организмнің белсенді бейімделу іс-әрекетінің күрделі нәрселер ортасындағы мінезінің нәтижесі деп саналады. Адам мінезінің физиологиялық механизмдеріне талдау жасағанда, ол екі сигиалдық жүйенің, ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-әрекеті екендігі көрінеді. Адам өз еркімен, өзінің шартты рефлекстік әсерленісін тоқтата алады.

Тіл. Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасты. Ол еңбектену нәтижесінде адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін қажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат қабылдау, емдеу және жеткізу түрінде сипатталады. Яғни, болмыс сөйлеу әрекетімен бейнеленеді.

Сөз бейнелеудің екінші сигналдық формасы. Тіл байланыстырушы, ұғындырушы және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің байланыстырушы (коммуникациялық) әрекеті — оның адамға тән арнайы қатынас құралы болуы. Бұл айтушы мен тыңдаушы арасындағы саналы іс-әрекет. Ол өзара тығыз байланысты айтылу (экспрессивтік) , суреттелу немесе ұғыну (импрессивтік) түрлерінен тұрады. Мұның екеуі де өте күрделі психологиялық құбылыс. Бұлардың физиологиялық негізін мидың ерекше әрекеттік жүйелері атқарады.

Жануарларда да коммуникациялық іс-әрекеттің қарапайым түрлері кездеседі. Олардың кейбір дыбыс шығаруы немесе көру тітіркенулері басқа жануарларға сигнал болуы мүмкін. Алайда ол екінші сигналдық жүйе бола алмайды.

Тілдің ұғындырушы әрекеті - дерексіз ойлаудың, түсінудің құралы. Түскен ақпаратты талдап қорыту арқылы пікір және тұжырым туады. Сөйтіп сигналдық жүйелердің өзара әрекеті қарапайм сезуді күрделі ойлау процесіне ауыстырады.

Тілдің реттеуші әрекеті сөз арқылы организмнін әртүрлі жүйелерін реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналы ішкі ағзалар қызметін, организмдегі зат алмасу қарқынын өзгертеді. Мұны K. M. Быковтың ми қыртысы—ағзалық теориясы дәлелдейді.

Сөздік тітіркендіргіштер қимыл-әрекетті, сезімдік жүйелерді, вегетативтік жүйкені, мидың қызметін өзгертіп, адамның психикасына, көңіл күйіне әсер етеді. Мұндай психофизиологиялық көріністерді адамның және науқастардың әртүрлі әрекеттік жағдайларын анықтау үшін қолданады.

Нәрселерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестезиялық және оптикалық түрлері кездеседі.

Тілдің акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап түйсінуге көмектеседі. Яғни байланыстырушы әрекет атқарады,

Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асады. Тіпті дыбыс шығармай тек ойлаудың өзі олардың бұлшықеттерінің сергуін күшейтеді. Ал ойын саусақпен, ыммен түсіндіретін керең-мылқаулардың қол еттері жиырылады. Сол арқылы оларды екінші сигналдық жүйе жоғары парасаттық дәрежеге жеткізеді.

Тілдің оптикалық түрі жеке сөз (әріп) тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру механизмдерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді. Ми қыртысының шүйде аймақтары зақымданса әріптерді тану, ажырату қиындайды. Ал қозғалыс және есту талдағыштары зақымданған жағдайда әріпті жазумен қатар естіген сөзді ұғыну бұзылады.

Тілдің физиологиялық негіздері үш күрделі процестен тұрады: сөздік сигналды түйсіну және танып білу, қабылданған хабардың мазмұнын түсіну және сөзді айту әрекеттері.

Тілдің немесе екінші- сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады.

Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшықеттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. Ол мидық маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан (Брока орталығы). Аурсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған қыртысасты құрылымдар д, а қатысады деп болжауға болады.

Тілді түсіну мидың сөзді есту талдағышы, арқылы атқарылады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағынын, жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).

Тіл түйсігінін, негізгі алғы шарты акустикалык немесе оптикалық түрде келген ақпаратты жіктеп ажырату. Мұны тек есту зердесі мен қиын материалды оқыған кездегі көздін, ізденіс қимылдары арқылы орындауға болады. Ми қыртысының белгілі аймақтары екінші сигналдық жүйенің әрбір көріністеріне жауапты болғанымен, әдетте, тілдің күрделі іс-әрекеті

(сөйлеу, оқу, жазу, санау) мидың баска бөліктері бөлінсе де бұзылады. Өйткені пехикалық іс-әрекет бүкіл мидың бірлестірілген қызметі.



Сана. Сана — болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің - жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады.

Адам мен жануарлар болмысты сезімдік түйсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда объективтік дүниені ақыл-оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.

Тіл — сананың (ойдың) материалдык көрінісі, негізгі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъективтік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана - сезімнен құралады. Сезіну дегенміз акиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.

Адам өзіндік сана (сана-сезім) арқылы өзін-өзі сезініп ұғынады. Сана-сезім дегеніміз — адамның өзін-өзі және өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сондықтан сана-сезім адам өзін - өзі түсінгеннен көрі кең ұғым. Өйткені өзін - өзі сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы тек адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары формасы жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады. Адам санасы әлеуметтік түрткілердін, ықпалынаң — енбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыпасады. Caна-сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін - өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез - құлқын реттейді, тәрбиелейді.

Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П. В. Симонов екі топқа бөледі. Бірінші топ — шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласананың немесе санасыздықтың (бессознательное) бірінші деңгейі—адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі — адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін көркемдік, ғылыми және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады. Екінші топ — асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция. Ол сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану (озорение) , болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын механизмнен тұрады. Асқан сананың негізі — зерде іздерін өңдеп, жаңаша комбинациялар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.

Сана мен таным процесінде эмпияның мәні өте зор. Адам эмоция мен сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет жасайды. Сананың практикалық қимыл-әрекетке бағытталуы, оның маңызды бір саласы — адам ырқын құрайды. Ырық дегеніміз — киындықтарды жеңуге арналған са­налы, мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамның талаптарын, мақсат-мүдделерін, істерін жүзеге асырады.


Бақылау сұрақтары:

1. Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары қай ғалымдар зерттеді?

2. Шаласана ұғымын түсіндіріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.

2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.

3. Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.

4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.

13-дәріс



Бақылау сұрақтары:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет