Автордың сатиралық шығармаларға жағымды кейіпкерлер енгізуіне де болады. Бірақ ол олардың жақсылық қасиеттерін насихаттау үшін емес, солар арқылы жағымсыз кейіпкерлерді әшкерелеп, авторлық идеяны ашу үшін істеледі.Қазақ публицистикасын зерттеушілер назарынан осы күнге дейін мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мәтіндердің фабуласы, журналистік шығарманың композициясы тыс қалып келеді. Кейінгі жылдары орыс зерттеушілері В. В. Ворошилов пен М. Н. Ким масс-медиа туындыларының композициясына назар аударып, өз тұжырымдарын көпшілікке арналған «Журналистика», «Жанры современной журналистики» оқу құралдарына енгізді. Дей тұрғанмен ол байламдар әлі де болса ғылыми көпшілік мойындар деңгейде емес. |
2
|
3,4,7
|
27. Пародия
Сатираның көне жанрларының бірі – пародия. Бұл жанр да ежелгі заманда, яғни б.э.д. VII ғасыр шамасында пайда болған. Сол дәуір, сол тұста туған «Тышқандар мен бақалар соғысы» деген дастан батырлар жырын, «Илиада», «Одиссеяны» пародиялаған.
Пародия – гректің para (против – қарсы), edo (песня - өлең) деген сөздерінің біріккен, кіріккен түрі, яғни қарсы өлең, өлеңге қарсы өлең деген сөз. Бұған қарап пародия поэзия түрінде ғана жазылады екен деп ұғынуға болмайды. Кең мағынасында ол шығармаға қарсы жазылған шығарма деген ұғымды білдіреді. Демек, пародия проза түрінде де жазыла береді.
Пародия, негізінен, белгілі бір автордың, немесе бүтіндей бір әдеби ағымның, әдеби мектептің творчестволық сәтсіздіктері мен жеке туындыларының мінін іліп-шалып, келемеждеу үшін жазылады. Әдебиеттің бағытын дұрыстап, мазмұнын байытуға, оның жеке өкілдерінің шеберлігін ширатып, творчестволық бетін қалыптастыруға, жалпы сөз өнерін биікке көтеруге қызмет етеді.
|
1
|
4,9,12
|
28. Эпиграмма
Әр жанрдың генетикалық тегі болады. Эпиграмманың генетикалық төркіні – эпитафия. Эпиграмма грекше «надпись» деген сөз екен. Антикалық дәуірдегі гректер атақты адамдарының ескерткіштеріне, салтанатты сарайына, пайдаланған тарихи мүлік-заттары – ыдыс-аяқ, ер-тұрман, қару-жарағына жазылған ескерткіш жазуды эпиграмма деп атапты.
Эпиграмма - өте тиімді, ұтымды жанр. Кейде ол үлкен бір мақаланың, не екі жүз жолдық фельетонның айтар ойын төрт-ақ жолмен бере қояды. Эпиграмма – қысқа жазудың, белгілі бір ойды ұзақ сонарға салып созбай-ақ емеурінмен, нобай-тұспалмен түсіндірудің құралы.
Асылы эпиграммада негізгі салмақты сөз көтереді. Мазмұн да, кекесін де, астар да, айтпақ ой, берілер баға – бәрі де сөз арқылы жеткізіледі. Эпиграмма – сөзбен әшкерелеудің тілдік құралдарымен жұмыс істеуді талап ететін нәзік өнер.
Эпиграммаға қойылар басты талап – нысананы дәл табу, кімді, нені не үшін, қалай сынауды айқын түсіну.
|
1
|
1,6
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |