Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж
Он екінші тарау


КӨКЖИЕКТЕГІ АРАЛ
Бұл күні «таза жел» дауылға айналды. Оңтүстік-батыстан соққан
ауа ағысының тездігі сағатына жүз километрге жақындады.
Бұл дауыл — якор тастап портта тұрған кемелерді допша атып
жағаға шығарып тастайтын, үйлердің шатырын жұлып əкететін,
фабрик-заводтардың биік трубаларын жермен жексен қылатын барып
тұрған күшті дауылдың бірі еді.
1825 жылы 23 июньде Гваделупта жиырма төрт сантиметрлік
58
ауыр зеңбірек желдің екпінімен лафетінен аударылып қалған. Олай
болса зіркілдеген толқыннан басқа ешқандай таянышы жоқ кемені
мына дауылдың асықтай шүйіріп жіберетіні айдан анық.
Бірақ кеменің аман қалуына бірден-бір сенім, оның осы қатты
жүрісіне байланысты. Кеме құтырына соққан дауылға қарсы тұра
алмай ыға береді, егер оның құрылысы жақсы болса, не-не күшті
дауылға да төтеп бере алады, «Пилигрим» де осы сияқты берік
кемелердің бірі еді.
Көлбеу гротты жел жұлып əкеткен соң бірнеше минуттан кейін,
ішін тартып қайта соққан дауыл бром-кливердің парша-паршасын
шығарды. Дик Сэнд тіптен стаксельді де қоя алмады, бұл бір жапырақ
кенеп болса да, кемені басқару ісін недəуір оңайлататын еді.
«Пилигримнің» барлық желкені түсіріліп қойылды, сонда да болса
жел екпіні кеменің корпусына соғып, пəрменімен сырғытып айдай
берді. Кейде толқыннан жоғары көтеріліп, табаны суға тиер-тимес
сырғып бара жатқан тəрізденді.
Тау-тау толқындар кемені қақпақылдап əкетті.


Мұның үстіне толқынның кемені артынан дүре соғу қаупі төнді,
себебі, жүйткіген толқын «Пилигримнен» əлдеқайда шапшаң еді.
Арттан екінші толқын қуып жеткен кезде, кеменің кормосы тез
көтеріліп толқын жалына іліне алмай қалса, толқынның астында
қалып, кеменің суға батуы мүмкін. Дауылдан қашқан кемеге ең қауіпті
жағдай осы.
Бұл қауіппен қалай күресу керек? «Пилигримнің» жүрісін
тездетуге де мүмкіндік жоқ, өйткені оның барлық желкені алынып
қойылған. Ендігі қолданар жалғыз-ақ амал,— рульдің күшімен кеменің
тұмсығын толқынға қарсы ұстау, бірақ кеме рульге бағынбай, өз
бетімен лағып кете берді.
Дик Сэнд штурвалдан аттап та шыққан жоқ. Ол кездейсоқ бірер
долы толқын теңізге жұлып əкетер деп қауіптеніп, өзін өзі арқанмен
байлап қойды. Сол сияқты Том мен Бат та өздерін-өздері байлап, жас
капитанға жəрдем ету үшін қасыңда əзір тұрды. Геркулес пен Актеон
битенгіге
59 
жабысып тұмсықтағы вахтада болды.
Жас капитанның бұйрығымен, миссис Уэлдон, кішкентай Джек,
кəрі Нан, Бенедикт ағай палубаға шыққан каютада отырды. Миссис
Уэлдон палубада болғысы келіп еді, бірақ Дик Сэнд орынсыз тəуекел
етіп жазым табуға болмайтынын айтып, əйелдің бұл пікіріне үзілді-
кесілді қарсы болды.
Люк біткеннің бəрі су кірместей етіліп жабулы еді. Жазатайым
кеменің үстін толқын басып кетсе де, люктің қақпағы су салмағына
төтеп бере алады деп сенді жас капитан. Егер де люк қақпағы су
салмағына шыдамы опырылып кете қалса, күн қараң: кеме ішіне су
толады да, қалқып жүретін қабілетінен айрылып, су түбіне кетеді. Бір
жақсы жері, «Пилигримнің» жүгі дұрыс тең тиелген жəне кеме
қаншама қатты шайқалса да, трюмдегі жүк бір орыннан қозғалмады.
Дик ұйықтап жарытқан жоқ. Тіптен миссис Уэлдон оны шалдығып
ауырып қала ма деп қорқа бастады. Дикке аз да болса жатып мызғып
ал, деп жалына берді ол.


Марттың он үшінен он төртіне қараған түнде, Дик Сэнд дем алып
жатқанда, мынадай бір уақиға болды:
Том мен Бат штурвал вахтасында еді. Жайшылықта кеме
кормосына сирек келетін Негоро, ойламаған жерде штурвал вахтасына
келді, тіптен вахтада тұрғандармен əңгімелесуге де ойы кетті. Бірақ
қарт негрдің өзі де, оның баласы да оған ешбір жауап қайырмады.
Сол арада кеме бір жақ бортына таман қапыл қисайып кетіп еді,
Негоро ұшып түсті. Егер Нактоузға жармасып үлгірмесе, теңізге
құлауында сөз жоқ еді.
Том айқайлап жіберді, ол компасты қиратты деп қорыққан-ды.
Дик Том қарттың айқайын ұйқыда жатып есітіп, көз ашып
жұмғанша болмай палубаға жүгіре шықты да кормоға қарай ұмтылды.
Негоро бұл уақытта тұрып та үлгірген еді. Оның қолында нактоуз
астынан суырып алған жалпақ темір бар-ды. Кеме аспазы жас
капитанға сездірмей, əлгі темірді суға тастап жіберді.
Демек, Негоро компастың тілін бұрынғы қалпына түсіріп, кемені
алғашқы бағдарына салғалы келген болар ма?
Шамасы, кемені алға қарай айдаған оңтүстік-батыстың желі, оның
құпия мақсатына қызмет еткен болды.
— Не боп қалды? — деп сұрады жасөспірім.
— Мына оңбаған көк
60 
компастың үстіне жығылды! — деді қарт
негр.
Бұл сөзден зəресі қалмай қорыққан Дик, асығып-үсігіп нактоузға
үңілді. Компас бүлінбеген, оның бетіне фонарьдың жарығы түсіп,
көрсеткіш тілі бұрынғы қалпында тұр.
Жас капитан ауыр жүгі жеңілгендей, уһ деп демін алды. Егер
ақырғы компас та бұзылса, қайтып келеге келмейтін қырсыққа


ұшыраған болар еді.
Бірақ нактоуз астына қойылған жалпақ темір алынған соң, компас
тілі бұрынғы қалпына барып, тұп-тура магнитті полюсті көрсеткенін
Дик Сэнд байқамай қалды.
Егер Негороны компасқа құладың деп айыптауға болмағанымен
(бұл сияқты байқаусыз уақиға бола береді ғой), оның мезгілсіз уақытта
кеме кормосында жүруіне жас капитан ғажаптанып, сезіктенуі де
орынды.
— Сіз мұнда неғып жүрсіз? — деп сұрады ол.
— Жүргім келген соң, жүрмін,— деп жауап қатты Негоро.
— Сіз не айтып тұрсыз? —деп Дик Сэнд ашулана ақырды.
— Кормода жүруге тиым салынған тəртіп жоқ деп тұрмын,— деді
кеме аспазы жайбарақат үнмен.
— Мұндай тəртіптің болмағаны рас, бірақ қазіргі сағаттан бастап
осы тəртіпті мен шығарамын,— деді Дик Сэнд.— Сіздің кеме
кормосына баруыңызға тиым саламын!
— Қарай гөр мұны! — деп айқайлады Негоро.
Бұл адам өзінің ежелден дағдыланып қалған үрейлі қимылын
жасады.
Жас капитан қалтасынан алты атарын суырып алып тіп-тіке кеме
аспазына қарай көздеді.
— Негоро, — деді ол,— сіз менің ешқашан алты атарсыз
жүрмейтінімді біліп қойыңыз, егер бұдан былай да тəртіп
бұзғандығыңызды көрсем, атып тастаймын!
Негоро, өзін бір алып күштің кенет палубаға қарай еңкейтіп бара
жатқанын сезді.


Бұл күш оның иығынан бүркітше бүрген Геркулестің салмақты
қолы еді.
— Капитан Сэнд,—деді ол,— бұл оңбағанды борттан лақтырып
тастауға рұқсат етіңіз! Балықтар да бір тойып қалсын! Олар жақсы-
жаманды талғамайды ғой.
— Жоқ, Геркулес, əлі ертерек,— деп жауап қатты жас капитан.
Алып өзінің салмақты қолын кеме аспазының иығынан қалған соң,
Негоро еңсесін тік көтерді. Геркулестің жанынан өтіп бара жатып:
— Тоқтай тұр, қарғыс атқан негр, сен бұл қылығың үшін
сазайыңды тартарсың,— деп күңкілдеді.
Компастың тілі бірден төрт румбаға барып тоқтапты, жел ыңғайы
өзгерген екен,— деп ойлады Дик Сэнд компасқа қарап. Теңіз бетінде
желдің бұл сияқты қапыл өзгеруіне жасөспірім ғажап қалды.
Кеме бұрынғы бағытына қайта түсті, бірақ толқын кеменің арт
жағынан соғудың орнына, енді сол жақ бортын қиғаштай соқты. Бұл
жағдай аса қауіпті еді, сондықтан Дик Сэнд кеме бағытын төрт румба
өзгертуге мəжбүр болды.
Қатерлі ой жас капитанның мазасын алды. Негороның бүгінгі
абайсыз жығылуы, алдыңғы компастың сынуына байланысты емес пе,
мұнда біріне бірі ұштасып жатқан бірер жасырын сыр жоқ па екен, деп
сұрады ол өзінен өзі. Кеме аспазы кормоға неге барды? Мүмкін, ол
екінші компастың да істен шығуына тілектес болар? Компас біткен
істен шыққанда, оған түсері не? Дик Сэнд бұл жұмбаққа түсіне алмай-
ақ қойды. Негоро американ жағалауына тезірек жетуді басқалардан кем
тілемесе керек. Дик Сэнд болған уақиғаны миссис Уэлдонға айтқанда,
ол да Негороға сенбейтінін, алайда навигация приборларын сол бұзды
дегенге ешқандай негіз жоқтығын айтты.
Дик Сэнд, Негороны өнебойы бақылап жүру керек деп ұйғарды. Ол
бұған да қанағат етпей, Дингоны кормаға орналастырды. Кеме
аспазының иттен аулақ жүретінін Дик білетін-ді. Бірақ Негоро өзінің


кеме кормасына баруына капитанның тыйым салғанын есіне сақтап,
енді қайтып кормоға бармайтын болды жəне оның енді ол жерде
жұмысы да жоқ-ты.
Құйынды дауыл бұрынғысынша ұдайы бір жеті кəрлене
зіркілдеумен болды. Барометр əлі төмендеуде. Марттың он төртінен
жиырма алтысына дейін бір минут тынбай соққан күшті желдің
алдына түсіп, желкен көтеруге мүмкіндігі болмаған кеме алға қарай
ытқи берді.
«Пилигрим» тəулігіне екі жүз миль шамасы тездікпен солтүстік-
шығысқа қарай тартып келеді. Жер əлі көрінер емес. Бұлардың жетеміз
деп бет алған жері—американ континенті — Тынық мұхит пен Атлант
мұхитының аралығында жүз жиырма градусқа шамалас созылып
жатқан бөгет — барьер.
Дик Сэнд өзінен өзі, мен осы есімнен танбадым да, əлде есептен
жаңылып оңбағандай бірер қате болмады ма, соның нəтижесінде
«Пилигрим» көп күндер теріс бағытпен ақпады ма, деп сұрады. Жоқ,
ол оншалықты қателеспеуі керек. Аспанды бұлт басқанымен, күн
өнебойы кеменің алдыңғы жағынан шығып, арт жағынан батып
отырды. Олай болса, кеме соғылып қирайды деп қорқып жүрген жер
қайда? Мұнда болмағанда, ол Америка қайда құрып кетті? Мына
сияқты қиыр-шиыр жүрістің үстінде «Пилигрим» Оңтүстік немесе
Солтүстік Америкаға жетуі керек еді ғой. Осы үрейлі сұрапыл
дауылдың кезінде нендей уақиғалар болып өтті? Жетеміз деп
үміттенген жағалау, кеменің не бақытына, немесе сорына болса да
бұлардың алдынан əлі күнге көрінбеуіне нендей жағдай болды! Əлде
компастың көрсетуі теріс деп шамалау керек пе? Бірінші компас
бұзылып істен шыққан соң, қалған жалғыз компасты салыстырып
тексерерлік Диктің мүмкіндігі болған жоқ! Бұл жорамалдың бəрі
Диктің көңіліне берік орнады, өйткені бұл жағдай жер шарының тұтас
бір континенті үшті-күйді жоғалып кетуіне байланысты.
Дик Сэнд штурвалдан қолы босаған кездерде, аса зер салып
картаны тексерумен болды. Қаншама ақтарса да, оған карта ешқандай
түсінік бере алмады.


Марттың жиырма алтысы күні ертеңгі сағат сегіздің шамасында
аса маңызды бір уақиға болды.
Геркулес вахтада тұр еді, ол кенет:
— Жер! Жер! —деп айқайлап жіберді.
Дик Сэнд ентелей басып тұмсыққа қарай жүгірді. Геркулес теңізші
емес. Мүмкін, оның көзі алданған болар!
— Жер қайда? —деп айқайлады жас капитан.
— Ана жақта!—деп жауап қатты Геркулес, көкжиектің солтүстік-
шығыс жақ бөлегінде болар-болмас қарауытып көрінген нүктеге қарай
қолын шошайтып.
Желдің уілі мен жалданған толқынның біріне бірі шарт-шарт
соққан шалпылы арасынан Геркулестің даусы əрең естілді.
— Сіз жерді көріп тұрсыз ба? — деп жас капитан қайталап сұрады.
— Ие, көріп тұрмын!—деді Геркулес басын изеп.
Ол солтүстік-шығысты көрсетіп тағы қолын шошайтты. Дик
алысқа қарай көзін тікті... Бірақ ешнəрсе көре алмады.
Сол минутта Геркулестің айқайын ести сала, миссис Уэлдон Дикке
берген уəдесін бұзып палубаға жүгіре шықты.
— Миссис Уэлдон! — деп айқайлады Дик.
Жас əйелдің уəдемен ісі болған жоқ, негр көрген жерді көруге
əрекеттенді. Оның бар əмірі сонда тұрған тəрізді.
Бірақ Геркулестің қолы дұрыс бағытты көрсетпесе керек, өйткені
миссис Уэлдон да, Дик те қаншама тесіліп қарағанмен, көкжиектен
ешнəрсе көре алмады.
Осы арада Дик те қолын шошайтып:


— Ие! Ие! Жер!— деп айқайлады.
Бұлттың саңлауланған жыртығы арасынан тау шоқысына ұқсас
əлденені оның көзі шалды. Бала жігіттің «теңізге үйренген көзі»
қателескен жоқ: ол нағыз жердің өзін көрген еді.
— Ақыры, əйтеуір, ақыры көрінді-ау!—деп қуанғанынан бір айтқан
сөзін қайталай берді.
Миссис Уэлдон көруден əлдеқашан күдерін үзген жерді тұтқаға
жармасып тұрып көз айырмай қараумен болды.
Жағалау «Пилигримнен» он миль жерде, сол жақ бортта, ық жақта
еді. Бұлттың жыртығы үлкейіп, бір жапырақ аспан көгі көрінді. Енді
таудың биік шоқысын анық көруге болады. Бұл көрінген американ
континентінің бірер мүйісі екенінде дау жоқ!
Желкені түсірілген жалаңаш мачталы «Пилигрим» мүйіске қарай
дұрыс бағыт алып жүре алмады. Бірақ жерге еріксіз баруы керек,—
бұл бірнеше сағаттың ішінде шешілетін мəселе. Қазір сағат сегіз, түс
болғанша «Пилигрим» жағалаудың өзіне жетеді деген сөз.
Диктің иек қаққан белгісімен, Геркулес миссис Уэлдонды жетелеп
кейін каютасына алып кетті, ол өздігінен палубада жүре де алмас еді.
Жас капитан кеме тұмсығында тағы бірсыпыра тұрып, сосын
штурвалға қайтып барды, бұл кезде штурвалды Том қарт басқарып
тұрған.
Дик шыдамы таусылып ынтыға күткен жерді де көрді! Қуанудың
орнына неге қорықты ол? Өйткені жер ық жақтан, екпіндей заулап
қатты келе жатқан «Пилигримнің» алдыңғы жағынан көрінді, мұның
ақыры кеменің апат болып, жан түршігерлік жамандыққа айналуы
ықтимал...
Бұдан кейін екі сағат уақыт өтті. Таулы мүйіс кеменің бұрынғы бет
алған бағыты емес, бір бүйірден көрінді.


Осы арада Негоро тағы палубаға шықты. Жерге тесіле қарап, оның
білгенін басқа кісі білмейтін кісіше басын изей түсті де, камбузына
қайта кіріп кетті.
Дик Сэнд мүйістің төменгі жағалауын анықтап көруге тырысты.
Екінші сағаттың ақырында мүйіс кеменің арт жағында қалды, бірақ
жердің өзі əлі көрінген жоқ.
Бұл екі арада көкжиектің бұлты ыдырап тұман ашылды, енді Анд
тауы жиектеген американ жағалауының биігі жиырма миль жерден
көрінуге тиіс.
Дик Сэнд подзор дүрбісін алды да ақырын жылжытып көкжиекті
шолып өтті.
Көрініп тұрған жер жоқ.
Ертеңгісін көрінген мүйіс, түстен кейін сағат екінің кезінде артта
қалып қойды.
Алдыңғы жақтан не биік, не аласа жер подзор дүрбіге ілінбеген
соң, Дик Сэнд қатты айқайлап жіберді де, басқышпен төмен түсіп
миссис Уэлдон, кішкентай Джек пен Бенедикт ағайлар тұратын
каютаға қарай жүгірді.
— Бұл көрінген арал екен!—деп айқайлады ол.—Тек қана арал!
Арал деймісің, Дик? — деп сұрады миссис Уэлдон.— Қандай
арал?
— Қазір картадан қараймыз! — деп жауап қатты жас капитан. Ол
өз каютасына барып карта алып келді.
— Міне, миссис Уэлдон, міне!—деді ол картаны жауып.— Біз
көрген жер, Тынық мұхиттың картаға түспей қалған бір нүктесі болса
керек. Бұл Пасхи аралы. Бұл арада одан басқа арал жоқ.


— Олай болса; жер біздің артымызда қалғаны ма? — деп сұрады
миссис Уэлдон.
— Ие, ол арал қазір көрінбей кетті...
Миссис Уэлдон нүктедей боп əрең көрінген Пасхи аралына қадала
қарады.
— Бұл арал американ жағалауынан қанша қашық?
— Отыз бес градуста.
— Ол неше миль болады?
— Екі мың мильге тарта.
— Олай болса, «Пилигрим» бір орыннан жылжымаған болғаны
ғой! Біздің əлі күнге дейін жерден соншалықты қашық болуымыздың
себебі қалай?
— Миссис Уэлдон...— деп бастады Дик. Ол өзіне ой түсіргісі келіп
қолымен маңдайын сипады.— Мен біле алмай тұрмын... Мұның
мəнісін қалай түсіндіруге білмеймін. Əлде компас бұзылды ма?.. Бұл
тек қана Пасхи аралы болуы керек — жел бізді өне бойы солтүстік-
шығысқа қарай айдады ғой... Ие, бұл Пасхи аралы, біз енді мұхиттың
қай жерінде екенімізді білдік, жолымыз болса керек. Біз жағалаудан екі
мың миль қашықта екенбіз! Оның есесіне мен енді бізді дауылдың
қайда айдап апарып тастағанын білдім! Дауыл басылған соң, біз аман-
есен түп-түгел американ жағалауына жетеміз!
Жас капитанның сеніммен айтқан сөзі жұрттың бəрін көңілдендіріп
жіберді. Тіптен миссис Уэлдонның да көңілі көтеріліп қалды. Соры
қалың жолаушыларға да, қауіп-қатер біткен кейін қалып, «Пилигрим»
енді қауіпсіз портқа жақын жерде, портқа кіру үшін тек қана судың
көтерілуін күтіп тұрған сияқты боп көрінді.
Пасхи аралы 1722 жылы ашылған, оның шын аты Вайгу, Ваяху
немесе Рапануи. Ол 27° оңтүстік ендік пен 112° шығыс бойлықта


жатыр. Сөйтіп, «Пилигрим», өз бағытынан бүтіндей он бес градус
ауып кеткені анықталды. Дик Сэнд кеменің жолдан бұлайша
адасуының себебін, өздерін оңтүстік-шығысқа қарай айдаған дауылдан
көрді.
Сөйтіп, «Пилигрим» жерден əлі де екі мың миль қашықта болып
шықты. Егер жел осы құйындатқан қалпынан айнымай соға берсе,
кеме бұл екі мың миль жолды небəрі он күнде басып өте алады. Бірақ
осы уақыттың ішінде ауа райы неғып қана түзеле қоймайды? Тіптен
«Пилигрим» жер қарасына жақындаған кезде де желкендерін көтеруге
болмайтын бола ма?
Диктің есебінше, ұдайы бірнеше күн тынбай соққан дауыл жуық
арада басылуға тиіс. Жас капитан Пасхи аралының кездесуін жақсы
ырым деп жорыды: өйткені ол «Пилигримнің» қазіргі уақытта
мұхиттың қай жерінде екенін анық білді. Бұл жағдай оның өзіне өзінің
сенімін нығайтты жəне саяхаттың аман-есен аяқталуына да сенім
туғызды.
«Пилигрим» берік соғылған жəне жақсы жабдықталған кеме еді,
соның нəтижесінде дауылдың қатты қысымынан бүлінбеді деуге
болады. Ол тек көлбеу гроты мен бом-кливерінен ғана айрылды. Бірақ
бұл жараны емдеп жазу оншалықты қиын емес. Оның қиюлары кендір
торқасымен жақсы тығындалған, сондықтан кеме ішіне бір тамшы су
өткен жоқ. Су төгетін помпа ақаусыз, дайын тұр.
Бұл жөнінде «Пилигримге» төнетін ешқандай қауіп жоқ.
Бірақ дауыл əлі зіркілдеуде, оның екпінін ешқандай күш кеміте
алмайтын сияқты. Жас капитан «Пилигримді» дауылмен күресуге
дайындап еді, бірақ желді тындыру, толқынды тоқтату, ауа райын
жақсарту оның қолынан келмейтін іс...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет