Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж
Он бірінші тарау


ДАУЫЛ
Келесі жетінің ішінде, яғни февральдың он төртінен жиырма біріне
дейін, кеме үстінде айта қаларлықтай ештеңе болған жоқ. Солтүстік-
шығыстан соққан жел күшейе түсіп, «Пилигрим» орта есеппен
тəулігіне бір жүз сексен миль жол жүріп алға қарай аға берді.
Екі 
жарты 
шардың 
арасындағы 
жолаушылар 
таситын
трансокеандық пароходтар жүретін судан «Пилигрим» оншалықты
қашық болмауы керек, деп есептеді Дик Сэнд.
Жасөспірім осы пароходтардың бірі кездесер деп сенген еді.
Кездескен пароходпен «Пилигримдегі» жолаушыларды жөнелтуге,
немесе оның капитанымен келісіп кемеге бірнеше матростар, тіптен
мүмкіндігі болса офицер алуға ұйғарды. Ол талмастан қиырға көз
жіберумен болды, бірақ бір де бір кеме ұшыраспады. Теңіз баяғы
құлазыған қалпынан өзгерген жоқ.
Бұл жағдай жас капитанды ойға қалдырды. Ол поляр теңізінде үш
рет болып, мұхиттың қазіргі «Пилигрим» жүзіп жүрген бөлегін
бірнеше рет кесіп өткен. Сол сапарында Горн мүйісінен экваторға
қарай, немесе американ континентінің осы оңтүстік шеткі шегіне
қарай кетіп бара жатқан американ немесе ағылшын кемелерінің
талайына кездескен-ді.
Бірақ Дик Сэнд мұхиттың сол бөліміне жеттім ғой деп шамалаған
жерінен «Пилигримнің» əлдеқайда алыста, оңтүстікке таман екенін
білмеді, тіптен күдіктенбеді де. Мұның екі түрлі себебі бар-ды.
Біріншісі — ағыс. Дик Сэнд ағыс тездігін нашар білетін. Бірақ бұл
арадағы ағыс күшті еді, жай қарағанда байқалмағанымен, кемені бет
алған жағынан бұрып басқа жаққа əкете берді.


Екіншісі — арам ниетті Негороның қолы бүлдіріп теріс бағыт
көрсеткен компас. Қосалқы компас сынып істен шыққан, соның
нəтижесінде қолда қалған компасты Дик Сэнд тексере алмады.
Жас капитан кемені тура шығысқа қарай жүргізуге тырысты, бірақ
іс жүзінде оңтүстік-шығысқа қарай алып кетті!
Компас əрқашан оның көз алдында. Əрбір отыз минут сайын үнемі
лаг тастатып отырады. Осы екі құрал кеменің жүрген жолын
мөлшерлеп есебін шығаруға, кемені бағытқа қарай тура алып жүруіне
мүмкіндік береді. Бірақ осы сияқты мөлшер есеппен қанағаттануға
бола ма? Əрине болмайды!
Кейде күнілгері үрейленіп мазасы кететін миссис Уэлдонды
тыншайтудың қамын қарастырып Дик Сэнд барынша тырысып бақты.
— Бір жеті ерте, бір жеті кеш,— деді ол қайталап,— əйтеуір
американ жағалауына жетуіміз анық. Қай жер болса, ол жер болсын...
Ең қажеттісі, əйтеуір жерге жетеміз!
— Дик, мен бұған күмəнданбаймын!
— Түсінікті ғой, миссис Уэлдон, егер «Пилигрим» бортында сіз
болмасаңыз, маған анағұрлым жеңіл болар еді, егер мен тек қана
экипажға жауапты болсам, бірақ...
— Бірақ, егер кездейсоқ жағдай сіздерге бізді, апатқа ұшыраған
негрлерді кезіктірмесе, балам, саған екеуден-екеу — Негоромен қалуға
тура келер еді... Сен сонда қайтер едің? Сенің оған сенбейтініңді
білемін.
- Ең алдымен,— деді жас капитан тұжыра сөйлеп,— Негороны
өзіме зиян келтіре алмайтын етер едім...
- Сонда сен кемені жалғыз басқарар ма едің?
— Ие, жалғыз!


Бала жігіттің қатал да тұжырымды үні миссис Уэлдонның көңілін
орнықтырды.
Дегенмен, əйелдің көзі өзінің бөбегіне түсіп, мазасыздық сезімнен
арыла алмады. Ержүрек саяхатшы əйел өзінің мазасызданғанын
сездірмеуге тырысты, əйтсе де оның көңілі өзінен өзі қобалжып жай
таппады.
Жас капитан навигация теориясын астрономия жолымен
анықтауды жеткіліксіз білетін-ді, бірақ онда «ауа райына» қарап
келешекті болжайтын қасиет бар-ды. Біріншіден, аспан мен теңіздің
құбылысы; екіншіден, барометрдегі сынап бағанасының төмендеуі;
осы екі сезім оның көз алдында күтілмеген болашақты көрсетіп
отырады.
Капитан Гуль ауа райын алдын ала болжауға озат кісі еді. Ол,
барометрдің көрсеткенін қалай ажыратып түсінуді Дикке үйреткен
болатын. Біз бұл тамаша құралды қалай пайдаланудың жайын қысқаша
айтып өтейік.
50
«1. Ауа райы ұзақ уақыт жақсы болған кезде, барометр бірден
тоқтаусыз төмендей берсе, бұл ақиқат жаңбырдың белгісі. Сөйтсе де
ауа райы өте ұзақ уақыт ашық болған жағдайда да сынап бағанасы екі-
үш күн қатарынан төмендесе, ауа райында нендей де болса елеулі
өзгеріс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сынап бағанасының
төмендеуімен жаңбырдың басталуы арасындағы уақыт неғұрлым
ұзаққа созылса, жаңбыр да ұзақ жауып, соңы ақ жауынға айналады.
2. Жаңбыр ұзаққа созылған кездерде, барометр сынабы жайыменен
тоқтаусыз жоғарылай берсе, ауа райы қайтадан жақсарады деп сенімді
түрде шамалауға болады. Алғашқы шуақ күн мен сынап бағанасының
жоғарылауы арасындағы уақыт неғұрлым ұзақ болса, ауа райының
жақсы болуы да солғұрлым ұзаққа созылады.
3. Бұл екі жағдайдың екеуінде де, яғни сынап бағанасы
көтерілгеннің немесе төмен түскеннің артынша өзгерген ауа райы, сол
күйінде ұзақ тұрмайды.


4. Егер барометр сынабы жайымен, бірақ тоқтаусыз екі-үш күн,
одан да артығырақ уақыт көтеріле берсе, тіптен бұл күндері тоқтаусыз
жаңбыр құйып тұрса да, бұл ауа райының түзеліп кететіндігінің
белгісі.
51 
Бірақ барометр жаңбырлы күндері көтеріліп, күн ашылып
жадырасымен төмендей бастаса, жадыраған ауа райы ұзаққа
созылмайды.
52
5. Көктемде жəне күздің күні барометрдің бірден төмендеп кетуі,
ауа райының желді болуын білдіреді. Жаздың ми қайнатқан ыстық
күндерінде барометрдің бірден төмен түсуi, дауылдатқан нөсер
құятындығының нышаны. Қыстың күні, əсіресе ұзаққа созылған
аяздан кейін сынап бағанасының тез төмендеуі, күн жылынып, жаңбыр
жауып, жел ыңғайының басқа жаққа ауысатындығының белгісі.
Керісінше, ұзаққа созылған аяз күндері сынап бағанасының жоғары
көтерілуі, қар жауатындығын хабарлайды.
6. Сынап бағанасының бір жоғары көтеріліп, бір төмен түсіп
қобалжуы, ауа райының ұзаққа созылатын құрғақ немесе жаңбырлы
мерзімінің таянғандық белгісі деп жоруға мүлдем болмайды. Тек
сынап бағанасы жайыменен бірте-бірте төмендесе немесе жоғары
көтерілсе, ауа райы ұзақ уақыт бір қалыпта тұрады деп болжалдауға
болады.
7. Күздің ақырында, ұзаққа созылған желді де жаңбырлы
мерзімдерден 
кейін 
барометрдің 
сынабы 
көтеріле 
бастаса,
солтүстіктен жел тұрып аяз болуының нышаны».
Дик Сэнд барометр ерекшелігін жақсы білетін. Ол теңдесі жоқ
жəне əрбір теңізшінің жəрдемшісі болған осы құралдың болжалдап
көрсеткенінің дұрыс екендігін талай рет көзімен көріп сенген еді. Ол
қапелімде ауа райының өзгеруіне кезігіп қалмау үшін, барометрмен
күн сайын кеңесіп тұратын-ды.
Жас капитан барометрге қайта-қайта келіп жүрді, бірақ
февральдың жиырмасы күні сынап бағанасының бұрынғы қалпынан
өзгере қалғанын байқады. Барометр жайыменен тоқтаусыз төмендеп
бара жатыр. Бұл жауын-шашынның белгісі болатын. Сынап бағанасы


төмендеген үстіне төмендей берді, əйтсе де жауын-шашын бола
қоймаған соң, лайсаңды ауа ұзаққа созылады екен деп шамалады Дик.
Бірақ жылдың бұл маусымында жауған жаңбырмен қабаттаса күшті
жел де тұруға тиіс, шынында да солай болды. Бір күннен соң желге
жан еніп күшейе түсті, оның еліргендігі сонша, жел ағысының көшуі
сағатына алпыс километргe жетті.
53
Жел екпіні «Пилигримнің» желкендерін жыртып, мачталарын
қиратып кетпеу үшін, кейбір сақтық шараларын қолдану керек болды.
Жас капитан, бом-брамсельді, топсель мен сыртқы кливерді түсіріп
қоюға бұйырды. Бірақ бұл шаралар жеткіліксіз тəрізді. Ол тағы
брамсельді түсіруге, марсельді екі риф жиырып, аумағын азайтуға
бұйырды.
Соңғы маневрді жаңа келген тəжірибесіз экипажбен орындау қиын
еді. Бірақ қиыншылыққа тізе бүгіп тоқтап қалуға болмайды, шынында
да бұл қиыншылықтар ешкімге бөгеу бола алмады.
Жас капитан Бат пен Остинді ертіп рейге шықты да, брамсельді
түсірді, бұл маневрді жасау үшін шынында да аз қиналған жоқ. Егер де
барометрдің төмендеуі соншалықты қауіпті болмаса, екі рейді де
алмай мачтада қалдырар еді. Бірақ жел құйынға айналып кетсе,
желкендерді азайтумен ғана қанағаттанбай, мачтаның да жүгін
жеңілдету керек: жүгі жеңіл болса, мачта қатты шайқалмайды.
Сондықтан Дик Сэнд екі рейдің екеуін де палубаға түсіртті.
Бұл жұмыс аяқталған соң (мұны орындау үшін екі сағат
шамасындай уақыт кетті), Дик Сэнд жəрдемшілерінің көмегімен
марсель желкенінің аумағын кішірейтуге кірісті. Басқа кемелердің
көбісінде болатын екі қабат марсель «Пилигримде» жоқ болатын.
Сондықтан «Пилигрим» экипажы ескі заманның əдісін қолданып, рей
үстімен жүріп, жел екпінімен желпілдеп тұрған желкеннің етегін
тартып линьмен нығыта байлап қоюлары қажет. Бұл өте қиын, ұзақ
уақыт алатын жұмыс. Сонда да болса марсель желкенінің аумағы
кішірейтілді. Енді кеме біртегіс жүріске басты.


Мачта басында жұмыс істеп жүрген Дик Сэнд пен негр матростар
аса күшті таза жел (құрылықтағы дауыл деп аталатын атмосфера
жағдайын теңізшілер осылай атайды) соғып тұрғанда да жүзе алатын
етіп «Пилигримді» əбден дайындап болып, палубаға түсті.
Келесі үш күннің ішінде — 20, 21 жəне 22 февраль күндері —
желдің күші де, ыңғай соғуы да өзгерген жоқ. Барометр үздіксіз
төмендеп барып, 22 февраль күні жиырма жеті де, жеті ондық
дюймге
54 
барып тоқтады.
Енді таяу күндердің ішінде барометрді жоғары көтеріледі деп
үміттенуге болмай қалды. Аспан əлемі қабағын тастай түйіп алған,
жел құлақ жара ысқырып тұр. Теңіз бетін тұтасымен тұман басып
жатыр. Көк жүзін қара бұлт құсап, күннің қай жақтан шығып, қай
жаққа бататынын да ажыратып болар емес.
Диктің мазасы кете бастады. Ол аттап шықпастан үнемі капитан
мінбесінде болды, жөнді ұйықтаған да жоқ. Сонда да болса сыр
білдірмей тыныш қалпында жүре берді.
23 февраль күні ертеңгісін жел аздап бəсеңдеген тəрізденді: Бірақ
Диктің ауа райы түзеліп кете қояды деген үміті жоқ-ты. Шынында да
оның шамалауы дұрысқа шықты: түстен кейін жел қайта күшейіп,
теңіз бетінде күшті толқын пайда болды.
Камбузынан сирек шығатын Негоро, күндізгі сағат төрттің
шамасында палубаға көтерілді. Динго кеменің бір түкпірінде ұйықтап
жатса керек, бұл жолы кеме аспазына абалаған жоқ.
Негоро қашан да болса өзінің үндемейтін тұйық əдетінше,
көкжиекке көзін қадап жарты сағаттай палубада тұрды.
Мұхит бетінде жал-жал толқындар сырғып жатты. Олар бірін-бірі
қуып кимелей түседі, бірақ біріне бірі əлі соқтығысқан жоқ.
Жайшылықтағы толқыннан мына толқын биіктеу. Бұған қарағанда
онша қашықта емес, батыс жақтың бір жерінде күшті дауыл соғып тұр,
көп кешікпей кемені қуып жетеді деп шамалауға дəлел бар-ды.


Негоро теңіз ісінен мүлдем хабары жоқ, немесе теңіз ізімен бір
шолып өтті де, сосын өзінің қобалжымайтын суық көзін көкке қарай
аударды.
Аспан реңі үрейлі еді.
Бұлттың үстіңгі қабаты, астыңғы қабатынан анағұрлым тез көшіп
жатыр. Аспан биігіндегі ауа ағысы жуық арада төмендеп, теңіз бетін
басқалы тұрғандай. Олай болса «тап-таза» жел сұрапылға айналады...
Негоро теңізі ісінен мүлдем хабары жоқ, немесе теңіз апатынан
сескене білмейтін жансыз болуы керек. Оның, жүзінде абыржу
дегеннің аз да болса нышаны жоқ. Оған үстеме зұлымдана күлімсіреп
ернін қисайта түсетінін қайтерсің. Мұнысына қарағанда ауа райының
казіргі түрі оны қорқыту былай тұрсын, қайта қуанта түсетін сияқты.
Негоро бушпритке атша мініп алып, ұшына қарай өрмеледі.
Сыңайы көкжиектен əлденені көруге тырысқан тəрізді. Сосын
палубаға түсіп, бір ауыз тіл қатпастан каютасына кіріп кетті.
Соғып тұрған желдің құйынды дауылға айналып кетуі мен
нөсерлеп жаңбыр жаууы сияқты əбігерлі нышанның арасында
«Пилигрим» үшін бір ғана. қолайлы жағдай болды; бұл жел өтінің
бірыңғай соғуынан айнымауы еді. Жел неғұрлым күшейіп құйынға
айналып кетсе, кеме де солғұрлым тез жүзіп американ жағалауына тез
жететіндерін «Пилигрим» бортындағылар тегіс білді. Барынша берік
жасалған кемеге желдің құтырына соғуы əзірге ешқандай қауіп
төндірген жоқ, бірақ бейтаныс жағалауға барып тіреле қалса, шын
қауіп сонда төнеді.
Бұл ой Дикті аса абыржытты. Егер сол жағалауды жақсы білетін
боцман табылмайтын иесіз жағалауға барып қалса, бұлар нендей шара
қолданбақ? Егер ауа райы лайсаңға айналып, белгісіз жағалаудың бірер
түкпірінен баспана іздеуге мəжбүр болса, жас капитанның қолданатын
шарасы қандай болмақ? Қазір бұл сияқты қиялдармен бас қатыратын
уақыт емес, бірақ ерте ме, кеш пе, əйтеуір, бұл мəселенің болатыны
сөзсіз, сол уақытта тезінен бір шара қолдану керек болады.


Сасатын түк те жоқ, Дик Сэнд бұл шараларды уақытында қолдана
жатар!
Соңғы он үш күн бойы 24 февральдан 9 мартқа дейін ауа райы
өзгермеді деуге болады. Көк əлемін бұрынғысынша қара бұлт құрсап
алған. Жел ара-тұра шамалы уақыт бəсеңсіген болады, бірақ бірнеше
сағаттан соң баяғы қалпынша қайта ұли бастайды. Барометрдің сынап
бағанасы бір-екі рет аздап жоғарылаған болды, бірақ бірнеше сызық
көтеріліп барып қайта төмендеді. Атмосфера қысымы кенет
қобалжыды, бұған қарағанда жуық күндердің ішінде ауа райының
түзеле қоятын түрі жоқ.
Бірнеше рет көк жарылғандай боп күн күркіреді, бұл жағдай жас
капитанды қатты абыржытты. Кемеден небары бір кабельтов жерден
суға жасыл түсіп жатты. Ара-тұра нөсерлеп жаңбыр құйып өтті,
«Пилигрим» енді қалың тұманның ортасында қалды. Көкжиекті
бақылап вахтада тұрған адам, ұдайы бір сағат бойы ешнəрсе көре
алмай, кеменің беталды бағдарлап тартқан кездері болды.
Кеме теңіз толқынына ойдағыдай төтеп берді, əйтсе де толқын
қатты шайқады. Бір жақсы жері, миссис Уэлдон теңіз ауруына
шалдыққан жоқ. Бірақ Джек бейшара науқастанып қатты қиналды,
анасы жанынан аттап шықпай күзетіп отырды.
Уақытының бəрін шыбын-шіркейлер арасында өткізген Бенедикт
ағайдың кеме шайқалуынан көрген азабы американ тарақанының
азабынан артық емес. Ғалым өзінің Сан-Францискодағы ың-жыңсыз
тыныш кабинетінде отырған тəрізді, ұзақты күн коллекциясын
зерттеумен болды.
Бір жақсы жері, Том жəне оның жолдастары теңіз науқасына
шалдықпады, 
жас 
капитанның 
басшылығымен 
жұмысты
бұрынғысынша атқара берді. Капитанның өзі кеме шайқалуына көптен
көндігіп қалған бала еді.
«Пилигрим» көтерілген желкенінің аздығына қарамастан алға
қарай тез ұмтылуда. Дик Сэнд қалған желкендерді əлде де болса азайта


түсу керек болар деп шамалады. Дегенмен, тікелей төніп тұрған қауіп
болмаған соң, бұл іске кірісе қоюға асыққан жоқ.
Диктің есебінше, кеме құрғақ жерге жақындап қалған. Ол вахта
бақылаушысына сақ бол деп мұқият тапсырды. Бірақ жас капитан,
тəжірибесіз матростар жерді алыстан көре қояды деп сенбеді.
Көкжиектен күңгірттеніп көрінетін жер бейнесін ажырату үшін көз
жанарының өткір болуы жеткіліксіз. Сондықтан да Диктің өзі мачтаға
шығып көкжиекке ұзақ уақыт көз жіберіп тұратын-ды.
Бірақ американ жағалауы əлі көрінер емес.
Бұл жағдай жас капитанды ойға қалдырды, ол өз күдігін миссис
Уэлдоннан жасырған жоқ.
Тоғызыншы март күні Дик Сэнд кеменің тұмсығында тұр еді. Ол
біресе теңізге, біресе жел екпінімен иіліп-бүгіліп тұрған
«Пилигримнің» мачтасына көз тастады.
— Дик, ешнəрсе көрінбей ме? — деп сұрады миссис Уэлдон бала
жігіт көзін подзор дүрбіден алған кезде.
— Түк те көрінбейді, миссис Уэлдон, түк те... жел əлде де болса
күшейе түскен тəрізді, теңіз бетіндегі тұманды таратып жіберді...
— Алайда сен бұрынғысынша американ жағалауы қашық болмауға
тиіс деп шамалайсың ба?
— Күмəн жоқ, миссис Уэлдон. Бірақ ол жағалаудың əлі күнге
көрінбеуіне таңым бар.
— Кеме үнемі бағытқа қарай дұрыс жүріп келе жатты ма?
— Сөз бар дейсіз бе! Жел солтүстік-батыстан тұрғалы бір бағытта
келе жатыр,— деді Дик.— Есіңізде болар деймін, капитан Гуль мен
«Пилигрим» экипажы түгелдей қаза тапқан қайырсыз күні жел сол
жағымыздан тұрған еді, сол ыңғайынан əлі ауған жоқ. Бүгін марттың
тоғызы, оныншы февральдан бері жиырма жеті күн уақыт өтті!


— Ол кезде біз материктен қанша қашықта едік? — деп сұрады
миссис Уэлдон.
— Төрт мың бес жүз миль шамасы, миссис Уэлдон. Бұл есеп дəл
болмаса да соған жуық. Есептегі қатенің айырмасы жиырма миль не
артық, не кем, одан ары болуы мүмкін емес.
— Ал кеменің жүріс тездігі қанша еді?
— Желдің күшейген күнінен бастап орта есеппен күніне бір жүз
сексен миль жол жүрдік. Сондықтан да жердің əлі күнге көрінбеуіне
таңым бар. Тағы бір ерекше таң қаларлық нəрсе, бұл араның суында
кеме көп жүруші еді, бізге бірде-бір кеме кездеспеді ғой.
— Кеменің жүріс тездігін есептеуден жаңылған жоқсың ба? — деп
сұрады миссис Уэлдон.
— Жоқ, миссис Уэлдон. Бұл жөнінде менің ешқандай күдігім жоқ.
Ағаттық болуы мүмкін емес. Əрбір жарты сағат сайын лаг тастап,
лагтың көрсеткенін өз қолыммен үнемі жазып отырдым. Тілесеңіз мен
қазір лаг тастайын, сағатына он миль, яғни тəулігіне екі жүз мильден
астамырақ тездікте жол жүріп келе жатқанымызды өз көзіңізбен
көріңіз!
Дик Сэнд Томды шақырып алып, лаг тастауға бұйырды. Қарт негр
бұл операцияны жақсы орындайтын болып жаттығып алған еді. Ол
лагтың арқанға байланған жерін тексеріп қарады да лақтырып суға
түсірді. лаг байланған арқанды жиырма бес ярд
55 
шамасы тарқатқан
кезде, арқан суға батпай салбырады да қалды.
— Ах, капитан! — деп айқайлап жіберді қарт негр.
— Не болды, Том?
— Арқан үзіліп кетті!
— Арқан үзілді? — деп айқайлады Дик.—Демек, лаг құрыды
десейші!


Қарт негр жауап қайырудың орнына, қолында қалған арқанның
үзігін көрсетті.
Том бұл жөнінде айыпты емес. Лаг берік байланған болатын, арқан
қақ ортасынан үзіліп кетіпті. Арқан маниль торқасының сапалы
сортынан есілген-ді. Оның бір жері əбден қажалып қырқылғанда ғана
болмаса, үзілуге тиіс емес. Шынында да солай болып шықты. Мұның
анығына Дик Сэнд арқанның үзігін қолына алып қарағанда ғана сенді.
Бірақ арқан неліктен қажалған?
Жасөспірім бұл сұраққа жауап таппады.
Қалай болса да, лагтың қарасы өшті, Диктің ендігі жерде кеме
жүрісінің тездігін өлшейтін мүмкіндігі жоқ. Оның бұдан былай
пайдаланатын бірден-бір құралы — компас.
Бірақ бұл компастың теріс бағыт көрсететінін Дик Сэнд білген
жоқ-ты...
Миссис Уэлдон бұл уақиғаның Дикті аса қатты күйзелткенін көрді
де, қайтып ешнəрсе сұрамады. Жүрегін қайғы кернеп өз каютасына
кетті.
Бірақ кеме жүрісінің кемімегенін компассыз-ақ байқауға болатын
еді.
Ертеңіне, марттың оны күні, барометр төмендеп жиырма сегіз де
оннан екі дюймге
56 
жетті. Барометрдің бұл төмендеуі сағатына жүз
километр тездіктегі құйынды желдің таянғандығының нышаны еді.
Кемені қауіптен сақтандыру үшін, көтерулі желкендерді тезінен
тағы да азайту керек болды.
Дик Сэнд марсель мен фокты да түсіруге, тек қана бом-кливермен,
көлбеу гротпен жүзуге ұйғарды.
Ол Том бастаған негр матростарды палубаға шақырып алып, бұл
қиын маневр бүкіл экипаж болып бірлесіп істесе ғана орындалатынын


айтты. Мұның бір жаман жері, желкендерді түсіру үшін көп уақыт
кететін болды, ал дауыл минут сайын бірден-бірге үдеп барады.
Дик Сэнд, Остин мен Актеон, Бат төртеуі рейге өрмеледі. Том
штурвалда қалды. Геркулес керек болған кезде шкотты тарту үшін
палубада тұр.
Бұлар ұзақ əуреленіп, ақырында марсель мен фокты түсірді.
Мачталардың ерсілі-қарсылы шайқалуы, желдің құтырына соғуы
ержүрек матростарды жазым ете жаздады. Олар əлде неше рет
жығылып кетудің аз-ақ алдында қалды, сонда да болса тəуекелге бел
байлап, ақырында көлбеу гроттың желкенін жиырды. Ең соңында ішкі
кливерді де түсірді, кеме енді тек көлбеу гротпен, бом-кливермен ғана
жүзді.
«Пилигрим» желкен аумағының аздығына қарамастан, толқын
бетімен бұрынғысынша алға қарай тез зымырауда еді.
12 март күні ауа райы бұрынғысынан да бетер нашарлай түсті. Сол
күні Дик Сэнд барометрге қарап, қорыққанынан денесі мұздап қоя
берді: барометрдің сынап бағанасы төмендеп жиырма жеті де оннан
тоғыз дюймге
57 
жеткен екен.
Бұл белгі өте күшті құйынның нышаны еді. «Пилигримге» ендігі
қалған аз желкеннің де қажеттігі қалмады.
Жел көлбеу грот желкенінің парша-паршасын шығарып жыртатын
болды. Дик Сэнд мұның солай боларын біліп, оны да түсіруге
бұйырды.
Бірақ кешірек бұйырып қалды. Кенет соққан құйынды дауыл
кемеге килігіп, көз ашып жұмғанша болмай желкенді жұлып əкетті.
Брам-рейдің үстінде тұрған Остинді жел үйіріп апарып брам-стенгіге
ұрды. Остин үсті-басы қан-қан болып палубаға азар түсті.
Диктің денесін қорқынышты абыржушылық биледі: оның
есебінше, осы қазір ғана жер көрінуге тиіс, жас капитанның


абыржитын себебі, бар екпінімен заулап келе жатқан кеме, жағалау
маңындағы су асты құздарының біріне барып ұрынуы мүмкін.
Ол жүгіріп тұмсыққа барды да, алысқа көз жіберді. Бірақ алдыңғы
жақтан жер қарасының ешқандай нышаны көрінбеді.
Дик Сэнд қайтадан штурвалға келді. Сосын бір минуттан соң,
Негоро палубаға шықты. Ол өзін өзі зорлаған тəрізденіп, көкжиектің
бір шетіне қарай қолын созды. Оны қалың тұманның арасынан бір биік
жағалау көрген екен деуге боларлық еді...
Португалдың бетінде зымияндық күлкі тағы ойнады. Негоро жақ
ашып, тіл қатпастан камбузына қайта кіріп кетті...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет