Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж
Төртінші тарау


АНГОЛАНЫҢ ҚИЫН
ЖОЛЫНДА
Сол сəтте кішкентай Джек оянып кетті де, титімдей қолдарымен
анасының мойнынан құшақтады. Баланың көз жанары жайнап тұр.
Безгегі қайталап ұстамады.
— Тəуірмісің, қарашығым?—деп сұрады миссис Уэлдон бөбегін
бауырына қысып.
— Иə, мама,— деді Джек.— Бірақ шөлдеп қалыппын, сусын берші.
Салқын судан басқа оған анасының берері де жоқ еді.
— Менің Дик достым қайда? — деп сұрады бала бірнеше жұтым су
жұтып таңдайын жібіткен соң.
— Мен мұндамын, Джек,— деді де Дик Сэнд баланың қасына келіп
қолын ұстады.
— Ал менің Геркулес достым ше?
— Геркулес мұнда,— деп алып негр Джекке күлімсіреп жауап
қатты.
- Ал, ат қайда? — деп ол сұрағын сабақтай берді.
- Ат жоқ, Джек! Қашып кетіпті! Саған енді мен ат боламын. Маған
мініп жүргің келмей ме?
- Мінгенде қандай,— деді бала.— Бірақ сені жүргізе алар ма екем?
Сенің жүгенің жоқ қой.


- Қысылатын түк те жоқ, маған жүген кигіз де, ауыздықтап алып,—
Геркулес аузын аңырайта ашты,— дізгінін тартқылап шаужаулай бер.
— Жоқ, мен ақырын тартармын.
— Аямай-ақ қой! Менің аузым мықты.
— Ал, мистер Гэрристің фермасы қайда? — деп сұрады бала.
— Қашық емес, қазір-ақ жетеміз;—деді миссис Уэлдон.— Иə,
қазір-ақ... қазір-ақ...
— Жүруге рұқсат па? — деп сұрады Дик Сэнд, бұл əңгімені
қысқартқысы келіп.
— Ықтиярың білсін, Дик,— деп жауап қатты миссис Уэлдон.
Отряд қауырт жиналды да, бұрынғы тəртібімен жолға шықты.
Жылға жағалауынан ұзап кетпеу үшін орманның қалың жерлеріне кіре
жүретін болды. Бір кезде бұл арада жол болыпты, бірақ оны шөп-
шырмауық басып енді оның жол аты жоғалған. Отряд бір мильдей
жердің қалың бұтасын жарып өтті, жол салып өту үшін, сол бір
мильдің өзіне ғана үш сағаттай уақыт кетті. Негрлер тынбастан жұмыс
істеп жол салуға тура келді. Геркулес кішкентай Джекті Нанға ұстата
салып, о да жұмысқа кірісті; ырс-ырс етіп, балтасын оңды-солды
сермеп, тоғай ішінің астаң-кестеңін шығарды, қалың бұтаны жарып
жалғыз аяқ жол салды.
Бір жақсы жері, жолаушылар кешікпей-ақ бұл сияқты қажытарлық
жұмыстан құтылды. Орман арасынан бір жалпақ жол кездесті, жол
сүйірлене барып жылғаға тіреліпті де, одан ары жылға жағалауын
бойлап кете беріпті. Бұл шұбырған пілдердің жолы екен. Шамасы осы
жылға, бірнеше жүз пілдің топ-тобымен шұбырып келіп су ішіп
жүрген суаты болса керек. Борпас жерлерде алып денелі, қалың терілі
хайуандардың жуан аяқтарының кіріп кеткен терең іздері жатыр. Бірақ
бұл жолмен жүрген тек қана пілдер емес, басқалардың да жүргендері
көп кешікпей мəлім болды. Бұл жолмен талай рет адамдар да
шұбырған, бірақ олар өз ықтиярларымен шұбырмаған: ол адамдарды


таяқтың астына алып, қасапқа апаратын малша айдап шұбыртқан. Көп
жерлерде жабайы аңдар мүжіп тастаған адам сүйектері шашылып
жатыр. Олардың арасында шынжырымен жатқан сүйектер де бар.
Орталық Африкадағы ұзын жолдардың бойы адам сүйегінен
қарақшы тұрғызылған секілді, ол жақта мұндай жолдар аз емес. Кей
кездерде еріксіздер керуені əлденеше жүз миль жол жүреді. Бағы
ашылмай сорлары қайнаған құлдар қатал хавилдардың шыбыртқысы
астында адам төзгісіз жағдайда шалдығып болдырудан, ауырып-
сырқаудан жолшыбай мыңдап қырылады. Ал енді керуенге тамақ
жетіспей қалады-ау деген қауіпті жағдай бола қалса, айдаушылардың
қырып тастайтын адамдары не сан! Иə, солай! Мұның таң қаларлық
түгі де жоқ. Егер де құлдарды асырарлық азық болмай қалса, қалай
болса солай атып тастайды, пышақпен жарып немесе қылышпен
шауып өлтіреді... Бұл сияқты айуандықпен қан төгетін кезеңдер сирек
кездесетін жағдай емес.
Бұл еріксіздер керуенінің жолы еді. Диктің өзі де, оның жолдастары
да аттаған сайын дерлік адам сүйегінің үйіндісіне кездесе берді. Адам
сыбдырының жақындағанынан үркіп ірі-ірі ешкіемерлер қаша
жөнеледі. Жерден шабан көтеріліп ұшқан қара құстар ауада қалықтап
жол бойын айналып жүрді.
Миссис Уэлдон жан-жаққа көз тастап келе жатыр, бірақ ешнəрсе
көрмеген кісі сияқты. Гэрристің опасыздығымен Африканың алыс
түкпіріне келіп кірген кішкене отрядтың халін жолдастарына айтып
шындықты мойындамай, бала жігіттің мұхит жағалауына қайта
қайтқандағы көздеген мақсаты не, миссис Уэлдон осының мəнісін
сұрап қала ма деген ой Диктің мазасын кетірді. Бір жақсы жері,
маңайдағы болып жатқан уақиғалармен жас келіншектің ісі болмады.
Ұйықтап келе жатқан бөбегін өзі алып аналық мейірбанын нəрестеге
аударды ол. Нан оның қатарында келе жатты, бір жақсы жері, кəрі негр
əйелі болсын, жас келіншектің өзі болсын, Диктің тынышын кетіретін
сауал жөнінде ешқайсысы жақ ашып үндеген жоқ.
Том қарт басын жерге салып төмен қарап келе жатты, жол
бойындағы адам сүйегінің шашылып жату себебін ол жақсы білетін-ді.


Томның жолдастары айналаға таңдана қарап келе жатты. Олар жер
сілкінудің салдарынан аударылып қалған ұшы-қиыры жоқ көп
моланың арасымен жүріп келе жатқан сияқты еді. Бірақ мұның мəнісін
Диктен ешқайсысы сұраған да жоқ.
Осы арада жылға арнасы кеңейіп, суының да недəуір тереңдей
түскені байқалды. Ағысы да шабандай бастаған еді. Көп кешікпей осы
жылғаның өзі кеме жүзе алатын өзенге айналады немесе Атлант
мұхитының өзіне барып құятын үлкен өзеннің біріне қосылады деп
үміттенуге боларлық еді.
Жас капитан отрядқа кездесетін не-не ауыр халдерді елең
қылмастан жылғаны жағалап жүре беруге бел байлады. Сондықтан да
судан бұрылып басқа жаққа кеткен жолдардың ешқайсысына түспей
жылға жағалап жүруге ұйғарып еді.
Кішкене отряд қалың бұтаны тағы жарып өтетін болды. Шырмауық
оралып қалған ит мұрны өткісіз қалың бұталарды аттаған сайын
балтамен кесіп жол салу керек. Бірақ бұл орман мұхит жағалауының
адам өткісіз жыныс орманына ұқсамайды: мұнда ірі ағаштар сирек
өскен. Оқта-текте биік ағаштардың арасынан ерекше сорайып тұрған
бамбуктер кездеседі. Жолаушылар бірінен бірі айрылып адаспау үшін
ербең ете қалған кейбір қурайларды, анда-санда қылт ете түскен
Геркулестің басын межеге алатын-ды.
Күндізгі сағат үштің шамасында отряд ақыры тоғайдан құтылды.
Жер бейнесі кенет өзгеріп кетті. Жолаушылардың алдында, жылдың
жаңбырлы маусымында жаңбыр суымен тасыған өзен тасқыны басып
кеткен ұшы-қиыры жоқ жазық дала жатыр. Батпақ жерлерге қалың-
қалың мүк өскен. Табиғаттың өзі тоқып төсеген жасыл кілемнің əр
жерінде жайқалып тұрған ірі-ірі папоротниктер көрінеді.
Ливингстон кітабындағы бұл сияқты жазық далалар туралы
жазылған сөздер Диктің есіне дəл уақытында түсе қалды. Аяқ астынан
тап бола кететін бəлелерге ержүрек зерттеуші талай рет кездескен
болатын, мұндай жерлерде батпаққа батып қалмау үшін аттаған сайын
аяқты аңдап басу керек болды.


— Менің сөзіме құлақ салыңдар, жолдастарым! — деп айқайлады
отряд алдында келе жатқан Дик Сэнд кенет тоқтай қалып.— Аяқ
баспас бұрын, басатын жерлеріңді байқап алыңдар!
— Не деген сұмдық! — деді Том қарт.— Соңғы күндерде күн ашық
болып еді ғой, сонда да болса мына ара жуырда ғана жаңбыр жауып
өткен жер сияқты.
— Нөсер құйып келе жатыр,— деді Бат.
— Олай болса тездете жүруіміз керек,— деді Дик Сэнд.— Нөсер
құймай тұрып, мына батпақтан өтіп кетейік. Геркулес, сен Джекті
көтер! Бат, Остин екеуіңіз миссис Уэлдонға жəрдемдесіңіздер! Ал сіз,
Бенедикт мырза... Ay, Бенедикт мырза, сізге не болды?
— Мен бе, мен батып бара жатырмын,— деді ол жайбарақат.
Шынында да ол аяғының асты қапыл ойылып кеткен сияқты,
зымырап жерге сіңіп бара жатыр еді. Актеон қолын беріп ғалымды
батпақтан тартып шығарды, үсті-басы адам жиренерлік лас болып
қалса да ренжіген жоқ, өзінің ең қымбат қазынасы — энтомологиялық
жинақтар салынған қаңылтыр жəшігінің бүлінбей аман қалғанына
қатты қуанды. Дик Сэнд мына санасыз ғалымды Актеонға тапсырды
да, оны қасыңнан шығарма деп ескертті.
Бенедикт ағай батып шыққан шұңқырдың бір жағымсыз жері
болды. Ғалымды шұңқырдан суырып алғанда, ізінше бұрқылдап
отауланған сасық газ көтерілді. Бұл сияқты батпақтарға Ливингстон
талай рет кеңірдегінен келе батып шыққан. Асты кеуектеліп қалған
қара топырақты жерден аттаған сайын қайнап су атылады. Мұндай
борпылдақ жерлер жаяу жүруге аса қауіпті деген еді Ливингстон.
Жолаушылар былқылдақтың үстімен жарым миль шамасындай жол
жүрді. Бір жерде миссис Уэлдон тізесіне дейін батпаққа батты. Сосын
Геркулес, Бат, Актеон үшеуі бамбук ағашынан зембіл жасап миссис
Уэлдонды зембілге отырыңыз деп үгіттеді. Жас келіншек кішкентай
Джекті алдына алып зембілге отырған соң, бұл қауіпті жерден тезірек
өтіп кетуге асығып, отряд алға қарай тағы жүріп кетті.


Жолаушылардың аяқ басқан жері өздерімен бірге солқылдап,
жүрістері өнбеді. Актеон өнебойы Бенедикт ағайды сүйемелдеп жүрді.
Том кəрі Нанды жетеледі, егер оған Том қараспаса, кемпірдің батпаққа
батып кетуі сөзсіз еді. Басқа негрлер зембіл көтеріп жүрді. Дик Сэнд
жол бастап отрядтың алдында келе жатыр. Жол бастау оңай міндет
емес еді. Ең дұрысы батпақты жағалап шөптің қалың өскен жерімен
жүрулері керек. Бірақ бұл араның да аяқ тірерлік шөкелектері
былқылдай беретін, аяқ тізеге дейін кіріп кете берді.
Ақырында кешкі сағат бестің кезінде жолаушылар бұл батпақты да
артқа салды. Адамдар енді ширақ жерге аяқ басты, əйтсе де қатты
жердің жұқа қабаты астында батпақ барлығы білінеді. Тегістік жер
іргелес өзеннің табанынан төмен болғандықтан, өзен суын борпылдақ
жердің жұтып жатқандығы байқалады.
Күннің шыжығаны сонша, аспан айналып жерге түскендей. Егep
шақырайған күн мен жердің аралығын нөсерлі бұлт қаптамаса
ыстыққа жан төзіп болмас еді. Алыстан найзағай ойнап, күннің
күркірегені естіле бастады. Нөсер минут сайын жақындай түсті.
Нөсерлеп құйған жаңбыр, тамыры терең əлді ағаштарды құлата
алатын құйынды дауыл, үздіксіз жарқылдаған найзағай — міне
африкалық нөсердің түрі осындай үрейлі болатын. Диктің мұндай
нөсерден бұрын да хабары бар-ды, енді ол тіптен мазасыздана берді.
Отряд ашық далада қона алмайды, өйткені жазықты су басуы мүмкін.
Бірақ Дик Сэнд тасқыннан бас қорғарлықтай алдыңғы жағынан бірде-
бір төбешік көре алмады.
Жалғыз түп ағашы жоқ, тіптен бұта өспеген құлазып жатқан қу
медиен жазық даланың қай жерінен баспана іздеп табуға болар?
Солтүстіктен қатарланған аласалау төбешіктер көрінеді. Бұл
төбешіктер орманның ашық жақ қабырғасы сияқты. Көкжиек пен
нөсер бұлтының арасын бөліп көлденең түскен ашық сəуледен
бірнеше ағаштың бейнесі қарауытты.
Ол төбешіктерге барғанымен нөсерден қорғанарлық пана табар-
таппасына Диктің көзі жетпеді. Жолаушылар ең болмаса сонда жетіп


үлгірсе, тасқыннан қауіпсіз болар еді.
— Алға, достарым, алға! — деп айқайлады бала жігіт.— Бары-
жоғы үш-ақ миль жер жүрсек, мына қазан шұңқырдан құтыламыз!
Бұл қажырлы адам жолдастарының бəрін мойнына мінгізіп қатерлі
батпақтан қуана-қуана алып шығуға əзір еді.
Диктің сөзі жолаушыларға дем берді, адамдар арып-талғанына
қарамастан тез-тез аттап алға басты.
Нөсер төніп қалған кезде отряд мегзеген жерлеріне екі-ақ миль
жетпеген-ді. Бір жақсы жері, найзағай жарқылдап, түнерген қара бұлт
зəрлене төнгенімен, жаңбыр бірден құя алмай, біраздан соң барып
жауды.. Күн əлі бата қоймаған-ды, сонда да болса айнала төңірек
тастай қараңғы боп кетті. Өркеш-өркеш бұлттар жерге гүрс етіп құлай
кететін сияқтанып жайыменен төмен шөгіп келе жатыр. Қызылды-
жасыл найзағай аспан əлемінде айғыз-айғыз жол сызып, əлгі қазан
шұңқыр жазықты отпен сызбайлап торлап алды.
Кішкене отрядтың төбесінде əлсін-əлі жасыл ойнап, ажал төнді. Бір
топ жолаушы бүкіл аспан электрін өзіне тартып, жалғыз түп ағашы
жоқ жапан далада панасыз қалды.
Күннің күркірегенінен шошып оянған Джек басын Геркулестің
қолтығына тыға түсті. Бейшара бала аспан күркілінен қатты шошыған
еді, бірақ анасын ренжіткісі келмей, қорқып қалғанын жасыруға
тырысты. Геркулес сажен жерді бір-ақ аттап, қолынан келгенінше
баланы тыншайтуға əрекет етті.
— Қорықпа, Джек, қорықпа! — деп қайталады ол.— Найзағайдың
бізден дəмесі болса жақындап көрсін, мен оны бір қолыммен екі бөліп
тастайын. Мен найзағайдан күштірекпін ғой!
Қамқоршысының құдіретті екенін сезген бала лездің арасында
тыншая қалды.


Сəлден соң жаңбыр жаууға тиіс, сосын төменгі қабаттағы бұлт сел
болып жерге құйылады. Ал нөсер құйғанша қорғанарлық баспана
табылмаса, миссис Уэлдон мен кішкентай Джектің көрер күні не
болмақ?
Дик Сэнд Том қарттың қасына келіп:
— Не істеуіміз керек? — деп сұрады.
— Ілгері жүруіміз қажет,— деді қарт.— Жаңбыр мына ойпатты суға
толтырып, адам өткісіз шалқар көлге айналдырады. Бұл арада кідіруге
болмайды.
— Бұл жағы белгілі ғой, Том, белгілі! Бірақ қандай да болса бірер
баспана табу керек. Ең құрыса бір күрке табылса да жарар еді...
Дик Сэнд кенет кідіріп тына қалды.
— Көз шағылта жарқылдаған найзағай ен даланың ол шеті мен бұл
шетін күндізгідей жарық қып жіберді.
— Жарым миль жерден шоғырланған бір қара көрініп қалды, ол не
болды екен? — деп айқайлады Дик.
— Мен де бірдеңе көргендей болдым,— деп жауап қатты қарт негр.
— Лагерь шығар? Рас емес пе?
— Ие, лагерь.,.. Бірақ жергілікті халықтың мекені болар демеймін.
Найзағай екінші қайтара жарқ ете түскенде, лагерь анық көрініп
қалды. Жазықтың орта шенінде көше-көше етіп салынған, биіктігі он
екі футтан он бес футқа дейін келетін жүзге тарта шатыр тұр. Бірақ бұл
лагерь иесіз сияқты. Адамдары қайда кетті екен? Егер де лагерьдің
халқы жаңбырдан қашып шатырға қорғаласа, соғып тұрған күшті
дауылды елең қылмай кішкене отряд басқа жаққа қашулары керек.
Егер адамдары лагерьді тастап кетіп қалса иесіз қалған шатыр
жолаушыларға баспана болар еді-ау.


«Мен мұның не екенін білейін» — деді Сэнд өзіне өзі. Ол Том
қартқа қарап:
- Мен келгенше қозғалмаңдар! — Мына лагерьді шолып қайтайын,
— деді.
- Сізге біреуіміз ере барайық, рұқсат етіңіз,— деп өтінді қарт негр.
- Жоқ, Том, мен жалғыз барамын. Лагерьге білінбей бару керек,
мені осы арада күтіңдер!
Дик Сэнд пен Том қарт бастап келе жатқан кішкене отряд сол арада
тоқтап қалды. Найзағай жалт ете қалған кезде жасөспірім бұқпалай
жүгіріп, қараңғылыққа шомып ғайып болды.
Жаңбырдың алғашқы ірі тамшылары біртіндеп тама бастады.
— Дик қайда кетті?—деп сұрады миссис Уэлдон қарт негрге келіп.
— Біздер осы маңайдан лагерь сияқты бірдеңе көрдік, миссис
Уэлдон,— деп жауап қатты Том.— Əлде оның қыстақ болуы да
ықтимал. Біздің капитан адамдарды онда тұп-туpa бастап апарудан
бұрын, алдын ала барлап қайтуға кетті.
Миссис Уэлдон бұл жауапқа қанағат етті.
Бірнеше минуттан соң Дик қайтып келді.
— Жүріңдер,— деп ол қуанған кісіше айқайлап жіберді.
— Лагерьде адам жоқ па? — деп сұрады Том.
— Бұл өзі лагерь де емес, қыстақ та емес,— деді жасөспірім.—
Құмырсқаның кəдімгі илеуі екен.
— Құмырсқаның илеуі?—деп айқайлады Бенедикт ағай, ол бірден
жадырап сала берді.


— Ие, Бенедикт мырза, бірақ илеу болғанда да биіктігі кемінде он
екі фут келетін үлкен илеу. Сонда барып паналайық.
— Олай болса, бұл тропиктік илеуі болуға тиіс. Олар ақылды
жəндіктер, архитекторлардың қандайы болса да сала алмайтын, сол
шеберлердің намысына тиіп ызасын келтіретін өте зор да сəулетті
құрылыстар сала біледі.
— Бенедикт мырза, мейлі, термиттер болсын, мейлі басқа
жəндіктер болсын, қуып шығып, орнын өзіміз басуымыз керек.
— Олар бізді жеп қояды! Əрине, олардікі заң.
— Жүріңдер! —деп айқайлады Дик Сэнд.
— Ay, тоқтай тұрыңдаршы! — деп кес-кестей берді Бенедикт ағай.
— Бұл сияқты термит илеулері тек қана Африкада болады деп
шамалайтын едім.
— Жүріңдер! — деп Дик Сэнд ашулана айқайлады.
Миссис Уэлдон энтомолог-ғалымның жат сөздеріне көңіл аударуы
мүмкін деп қорыққан еді Дик.
Кішкене отряд асыға басып Диктің соңынан жөнелді. Осы арада
жел бірден күшейіп кетті. Жаңбырдың ірі тамшылары тырсылдап
жерге тамып жатты. Дауыл енді құтырына соғып зіркілдей жөнелді.
Жолаушылар кешікпей-ақ шеткері тұрған бір термит илеуіне жетті.
Бұлардың алдында тұрған мəселе: мəмілеге келсе, термиттермен
келісіп қоңсы қону, немесе өздерін айдап шығып, термиттердің орнына
өздері орналасу еді.
Күмбез тəріздес етіп салынған құрылыстың астыңғы жағынан,
қызғылт балшық жапсырылған жерінен кішігірім тесік көрінді.
Геркулес тесікті жалма-жан пышағымен ойып, адам сиярлықтай етіп
кеңіте бастады.


Бұл илеулерді жүз мыңдаған термиттер мекендейтін, ал қазіргі
уақытта олардың бір де бірінің көрінбеуі Бенедикт ағайды таң
қалдырды. Бұл қалашықтың иелері шынымен-ақ мекенін тастап кетіп
қалғаны ма?
Геркулес тесікті үлкейтіп болған соң, жолаушылар бірінің соңынан
бірі еңбектеп күмбездің ішіне кіріп жатыр. Геркулес бəрінің соңынан
кірді. Сол минутта найзағайды өшіруге өршеленгендей, жаңбыр да
төге салды.
Жолаушылар күмбездің ішіне кіріп алған соң, тыстағы дауылдың
долдана ұлығанынан қауіптенбеді. ІІІатырдан да артық, жергілікті
халықтардың үңгірінен анағұрлым берік баспанаға бұларды кездейсоқ
бақыт айдап келтірген-ді.
Лейтенант Камерон, титімдей ғана жəндіктердің шамасы келіп
соншалықты ірі құрылыс тұрғыза алғандарына ғажаптанып: —
ертедегі египет халқының пирамида салған шеберлігін термиттермен
салыстырып қарағанда, мына жəндіктердің шеберлігі таңдануға
татырлық өнер,— деген.
— Адамдар термиттерге теңелу үшін,— деген еді ол,— кем дегенде
Эверест
86 
тауындай тау тұрғызулары керек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет