Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж
Жетінші тарау


КУАНЗА
ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Термиттер қаласы тұрған ойпат су астында қалып, көлге айналған
соң, маңайдағы жер адам танығысыз боп өзгеріп кеткен еді. Су басқан
алапта тек бірнеше күмбездің төбесі ғана қылтиып көрінеді.
Түнімен сабалап жауған нөсер Куанза өзеніне құятын салалардың
бəрін тасытып, өзеннің өзін де кемерінен шығарып жіберіпті.
Куанза — Анголадағы үлкен өзендердің бірі, бұл «Пилигрим»
қираған жерден жүз миль шамасы қашықтан барып Атлант мұхитына
құяды.
Диктің кеме жүзе алатын өзенді солтүстіктен іздеуі өте дұрыс еді.
Отряд жағалап келе жатқан сала тіп-тіке барып Куанзаға құяды екен.
Егер Дик Сэнд жергілікті халықтың қапыл шабуылына кезікпесе,
термиттер қаласынан бір миль ұзамай-ақ сол өзенді табатыны сөзсіз.
Отряд қиналмай-ақ сал жасап алып, сонымен өзенді төмен ағып
сағадағы португал еліне аман-есен жетер еді. Ол араға пароходтар да
жиі тоқталып өтеді жəне жолаушылар үшін қауіпсіз жер.
Бірақ тағдыр жолаушыларды көздеген мақсаттарына жеткізбеді.
Дик Сэнд өздеріне мола бола жаздаған термиттер күмбезінің
төбесінен басын қылтитып қарағанда, сол маңайдағы қырқада тұрған
жергілікті халықтардың бір лагерін байқап қалған еді. Қырқаның
шоқысында зəулім биік бір анжир ағашы өскен. Оның айнала
тарамданған бұтақтарының саясына бес жүз адам еркін сиярлық.
Африканың алып ағаштарын көрмеген адам, бұл ағаштың соншалықты
ірілігіне сенбеуі мүмкін. Анжир ағашының жасыл көлеңкесіне
Гэрристің Негороға айтқан еріксіздер керуені орналасқан еді. Құл
саудагері Альвецтің агенттері құл саудасының орталық базары


Казондеге тұтқындар жөнелтіп жатты. Казондеге жеткен сорлылар
батыс жағалаудағы немесе Үлкен Көл өлкесіндегі Ньянгве лагерлеріне
жөнелтілетін: Ньянгвеге жеткен соң солтүстікке—Египетке қарай
немесе шығысқа Занзибарға қарай жөнелту үшін жаңадан керуен
құрылады.
Лагердегілер жергілікті халықтан алынған тұтқындарға қандай
қараса, қолға жаңа түскен жолаушыларға да сондай қарады. Кəрі
Нанды, Том ақсақалды, шалдың баласы Батты, Остин мен Актеонды
екеу-екеуден қосақтап мойындарына ұзындығы алты фут ағаш бұғау
кигізді: бұғаудың екі басында (V) рим цифрына ұқсаған ойық бар.
Ойықтың мойынға кигізетін жеріне темір құрсау салынған. Қаныпезер
сұмдар сорлары қайнаған еріксіздерді не оңға, не солға бұрылдырмай
бірінің соңынан бірін қаздай шұбыртып жүргізеді. Ағаш бұғауға
қосымша сорлыларды ауыр шынжырмен белінен тағы қосақтайды.
Сөйтіп еріксіздердің қолы мен аяғын ғана матамай бос қалдырады.
Қолын бос қоятын себебі, оның жүк көтеріп жүруі керек, ал аяғын бос
қойғанда, ұзақ жолға өзі жүріп жетсін дейді. Əрине, аяқ — қашу үшін
бос қойылмайды... Мінеки, тұтқынға алынған сорлылар күннің
шыжып тұрған кезінде хавильдарлар (айдаушылар) шыбыртқысы
жондарын тілгілеп жан төзгісіз жағдайлармен жүздеген миль жол
жүреді.
Дик пен оның жолдастары алысумен жүріп əлсіреді, сондықтан
ендігі жерде қарсыласа берудің пайдасыз екендігін аңғарды да,
арпалысуды тоқтатты. Бұлар неғып қана Геркулес құсап қашып құтыла
алмады екен? Геркулес қаншама қайратты болғанымен егер қолға түсе
қалса, мына қатыгез елде оның халі не болар еді? Алдында аранын
ашқан аштық пен жабайы аңдар, аңнан да жаман жергілікті халықтар
тұрғанда, сорлы қашқын неге сенді екен? Көп кешікпей өзінің
тұтқынға түскен жолдастарының тағдырына қызығуы да мүмкін.
Дегенмен тұтқынға түскен жолаушылардың керуен басылардан
жақсылық көреміз деген ешқандай үміттері жоқ-ты. Керуенді
басқарып жүрген арабтар мен португалдар өзара басқа түрлі тілмен
сөйлесетін де, еріксіздермен тек қана ақырып, қорқытып. күш көрсетіп
ымдап «сөйлесетін».


Дик Сэнд ақ нəсілді адам болғандықтан құл саудагерлері
басқаларға істегенін бұған да істеуге батылы бармады. Жас жігіттің
қаруын тартып алды, бірақ шынжырлаған жоқ. Оның есесіне Дикті
арнаулы хавильдарға бақтырып қойды, бақташы Диктен көз айырмауы
керек.
Дик Сэнд, Негоро мен Гэрристің біреуі көрінбес пе деп айналаға
көз жүгіртті, бірақ ешқайсысы көрінген жоқ. Ол екеуі. керуенде жоқ
болғанымен, отряд адамдарын тұтқынға алуда сол оңбағандардың
тікелей қатысы барлығынан Дик Сэнд күмəнданбаған.
Американның немесе португалдың бұйрығы бойынша миссис
Уэлдонды, кішкентай Джек пен Бенедикт ағайды басқа тұтқындардан
бөлген болар деп шамалады Дик Сэнд. Бұлар лагерде көрінбеген соң,
сыбайластар ол бейшараларды басқа жаққа айдап əкеткен екен деді
жас жігіт өзіне өзі. Олар миссис Уэлдонды қайда апарады? Оған не
істер екен? Бұл мазасыз ой Диктің тынышын алып, өз басының қайғы
қасіретін есінен шығарды.
Зəулім биік анжир ағашының түбіне көлеңкелеп иіріліп жатқан
керуеннің кем дегенде сегіз жүздей адамы бар-ды. Олардың ішінде
еркегі, əйелі — екі жыныс аралас бес жүзге тарта еріксіздер, екі
жүздей жергілікті солдаттар, жүз шамалы жүк көтерушілер мен
хавильдарлар жəне құл саудагерінің агенттері бар.
Хавильдарлар араб немесе португал болатын. Бұл адамдардың
еріксіздерге істеген қаталдығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Олар еріксіздерді болмашы нəрсе үшін ұрып-соғып өлтіре қинайтын,
таяқ көтере алмай ауырғандардың кейбіреулерін пышақпен жарып
өлтіреді немесе атып тастайды, өйткені ондайлар енді сатуға
жарамайды. Керуендегі тəртіп адам төзгісіз қатал еді.
Бұл сияқты ауыр жағдайдың нəтижесінде керуендегі «тірі
товардың» мегзеген жерге жарымы ғана тірі жететін. Басқаларының
сүйегі Африканың ішкі өлкелерінен Мұхит жағалауына баратын
керуен жолында шашылып қалатын-ды.


Еріксіздер керуенін бастап жүрген құл саудагерінің европалық-
португалиялық агенттерінің адамгершіліктен жұрдай болған ұсқынын
тану қиын емес. Бұлар қоғамнан аласталып, елінен қуылған,
каторгадан қашқан, ұры-қары азғындар болатын. Негоро мен Гэррис те
осы азғындардың бірі еді. Бұл екеуі ірі құл саудагері Хозе-Антонио
Альвецке қызмет ететін-ді, бұл жөнінде Камеронның талай-талай
қызғылықты мəліметтері де бар.
Құл саудагерлері құл керуенін айдау үшін күзетші солдаттар
жалдағанда, көпшілігін жергілікті халықтардан алады. Адам аулау
кəсібі тек қана құл саудагерлерінің еншісіне тиген нəрсе емес.
Жергілікті негр көсемдері де адам аулау мақсатымен іргелес ұруларға
қырғын шабуыл жасайды. Жеңген жағы тұтқынға түскен əйел,
еркектер мен балаларды құл саудагерлеріне əкеліп сатады. Олардың
сондағы алатыны бірнеше метр шыт, бір уыс мылтық дəрісі, мылтық,
қызыл-жасыл ала моншақ, ал ашаршылық жылдары адамды бір уыс
жүгеріге де сатып жібереді деп жазыпты Линвингстон.
Альвецтің еріксіздер керуенін күзетіп жүрген отрядтың түрі
африкалық жалдамалы армиядан айнымайтын. Бұлар ұзын ұңғылы
білтелі мылтықпен қаруланған, жартылай жалаңаш, қарақшылар
тобының жиынтығы еді. Күзет отрядының мұндай түрімен істес болу
құл саудагерінің агенттеріне жеңіл соқпайтын-ды. Ол қарақшылар
қашан да болса бұйрықты жүре тыңдап, онша құлақ аса қоймайтын.
Олар демалыс пен жол жүру мерзімін өздері белгілейтін. Қит етсе,
керуенді тастап жөнімізге кетеміз деп, ырыққа көнбеген қарыспа
агенттерді оп-оңай жуасытып ала қоятын-ды.
Керуеннің ауыр жүктерін тұтқынға түскен еркек-əйелдердің өздері
көтеріп жүреді. Сонда да болса құл саудагерлері бірнеше адам жүк
көтерушілер жалдайды. Бұларды сенімді көріп, қымбат бағалы,
əсіресе, піл сүйегі буылған тайларды көтертетін. Кейде екі кісілеп
көтеруді керек қылатын піл тістерінің небір ірісі буылған тай жүктер
де кездеседі.
Жағалаудағы факториялардан піл сүйектерін Хартум, Занзибар мен
Наталь базарларына жөнелтіп тұрады. Жүк көтерушілердің еңбегін
уəделі жерге жеткен соң ғана төлейді, оларға берілетін ақының сиқы,


мақтадан тоқылған бірнеше метр мата немесе бір уыс қауыр
(Африкадағы ұсақ ақша орнына жүретін металл), мылтық дəрісі, жіп,
моншақ сияқты түкке тұрғысыз заттар, егер құл саудагерінің мұндай
бағалы заттары болмаса, бұлдап сата алмайтын кейбір тұтқынын да
бере салады.
Альвец керуеніндегі бес жүз еріксіздер қатарында егде тартқан
еріксіздер тым аз еді. Əдетте қирап, өртеніп жатқан қыстаққа шабуыл
жасаған кезде жасы қырықтан асқан еркектерді қырып тастайтын-ды.
Өйткені базардағы өтімді «товар» жас, дені cay еріксіздер мен жас
балалар еді. Мұндай қырғыннан кейін қыстақ адамдарының оннан бірі
ғана тірі қалатын. Экваторлық Африкада тұтас бір өлкенің қаңырап
иесіз қалу себебі осындай жан түршігерлік қырғынның нəтижесі.
Малша иірілген адамдар тобына қарауға жүзің шыдамайды!
Еріксіздер жартылай жалаңаш, ағаш торқасынан дөрекі тоқылған
сылымтырмен денесін жапқан болыпты Арқасындағы шыбыртқы
айғыздаған жаралары іріңдеп кеткен əйелдер, терісі сүйегіне жабысқан
арық, борбайы шидей, үсті басы қан-қан балалар, өз басын алып
жүруге шамасы келмесе де баласын көтеріп сүйретілген бейшара
аналар, мойындарында ағаш қамыт, мұнысы аз болғандай ауыр
шынжыр белдерін басқан адамдар!
Күні біткен құр сүлде мына сорлыларды, Линвингстонша айтқанда
«қара ағаштан жасалған адам сүйектерін» көргенде, бұларға адам түгіл
жыртқыш аңдар да аяушылық етер еді. Бірақ бұл көрініс хавильдар-
арабтардың ойына да кіріп шығар емес. Камеронның сөзімен айтқанда,
хавильдар-арабтар португалдардан да қатал еді.
88
Қонып түстенген кезде болсын, жол үстінде болсын, тұтқындарды
барынша қатал бақылап күзететін-ді. Дик Сэнд қашу дегенді ойламаса
да болады екен деді өзіне өзі. Оның мазасын кетірген тек қана миссис
Уэлдонның тағдыры. Жас əйелді нəрестесімен қоса тұтқынға алуда
Негороның тікелей қатысы барлығы айдан анық. «Пилигрим» апат
болған соң португалдың нендей мақсатпен отрядтан бөлініп кеткенін
Дик Сэнд əлі күнге білген жоқ-ты. Бірақ қылмыстың нендей түрі болса
да Негоро жиіркенбейді, оның



қолынан бəрі де келеді, миссис Уэлдонға төнетін қауіп-қатерді
ойлап жасөспірім қатты қынжылды.
— «Əттегене-ай!— деп өкінді Дик Сэнд.— Ол оңбағандардың
екеуін де атып тастауға мүмкіндігім бар еді, бекер-ақ атпаған екенмін!»
Мазасыз ойлар жас жігіттің жанын жегідей жеді. Миссис Уэлдон
мен кішкентай Джектің сүйенер ешкімі жоқ тұлдыр жетім баладай боп
қорғанышсыз қалды. Бенедикт ағай оларға сүйеу бола алмайды. Ол өз
қара басын аман алып жүрсе де жарағаны. Олардың үшеуін де
Анголаның жырақ бір түкпіріне ендігі жөнелткен де болар. Бірақ ауру
баланы жолда кім көтеріп жүреді!
«Анасы көтереді ғой,— деді Дик өзіне өзі,— анасы көтереді!
Джекті анасы ғана көтеріп жүруге тиіс. Бейшара əйел нəрестесінің халі
бітіп жығылғанша көтеріп жүреді... Күң сорлылар не істесе, о да соны
істейді... Ақырында сол күңдер құсап о да жолда өледі. Əттегене-ай,
бізді осыншалық қорлыққа салған жендеттермен көзбе-көз кездесер ме
едім!».
Бірақ Диктің өзі де тұтқын. Африканың алыс түкпіріне айдалып
бара жатқан «бір қора» адамдар тобының Дик те біpi болып кетіп бара
жатыр. Тек миссис Уэлдон сорлыға Геркулес қана жəрдем ете алады.
Суға кеткен тал қармайды дегендей, Дик Сэнд осы сенімге
жармасты. Ол Геркулестің сырына əбден қанық, оған сенуге болады.
Геркулестің басы бос, алып негр жолдастарын құтқару үшін, əсіресе
миссис Уэлдонды құтқару үшін адам баласының күші жетерлік істің
бəрін де істейді, деді Дик өзіне өзі. Геркулес ендігі тұтқын əйелдің
соңынан кеткен болар, амалын тауып жəрдемнің жуық екенін оған
білдірген де шығар. Ол əлде алдымен Диктің өзін құтқарып, сосын
екеулеп миссис Уэлдонды құтқаруды қарастыруы да ғажап емес!
Дик лездің арасында көз алдына мыналарды елестетті: Геркулес
түн ішінде білінбей келіп еріксіздер керуеніне кіреді де құлдар тобына
араласады. Күзетшілер оның бөтен адам екенін білмей қалады, өйткені
басқа құлдар сияқты ол да қара, оны қараңғыда бірден тани қою қиын.
Ол мінеки еңбектеп Дикке келеді де, шығарып алып орманға ертіп


əкетеді... Енді екеуі де бостандықта!.. Миссис Уэлдонды құтқару үшін
бұлар қолынан келгенін аямас еді-ау!
Сөйтіп, ол торығуды қойып енді үмітке көшті. Жас жігіт
сарыуайымға салынбады, жігерлі жас күрессіз берілуді өз басына ар
көрді. Ол ұтыры келіп қалған кішкентай ғана мүмкіндіктер болса да
пайдаланып қалуға бел байлады.
Бəрінен бұрын еріксіздер керуенінің қайда бара жатқанын білу
керек. Егер керуеннің барып тоқтайтын жері Ангола факториясы
болса, оған жету үшін небары бірнеше күндік қана жол қалды. Бірақ
керуен Экваторлық Африканың ішкі өлкелерін аралап келе жатса, онда
əлде де болса бұлардың алдында бірнеше жүз миль жол бар. Құл
базарының ең зоры Үлкен Көл өлкесіндегі Ньянгведе болатын.
Ньянгве - Африканы екіге бөліп тұрған меридианның нақ үстінде.
Бірақ Куанза жағалауындағы лагерден Ньянгвеге дейін өте алыс, онда
жету үшін бірнеше ай жол жүру керек.
Керуеннің қайда бара жатқанын білуге Диктің құмартуы тегін емес,
өйткені Ньянгведе қашам дегенді ойға алудың да қажеттігі жоқ.
Бұлардың қай-қайсысы болса да сəті түсіп қаша қалғанымен, Үлкен
Көл өлкесі мен мұхит жағалауының арасында, мегзеген жерлеріне
жете алмай, бəрібір жолда өлер еді.
Бірақ Дик Сэнд кешікпей-ақ білгісі келген мəліметті біліп тынды.
Ол керуенбасылардың өзара сөйлескен бұралқы тілдеріне түсіне
алмады, олар африкан тілдерінің бірімен будандас араб тілінде
сөйлесетін, əйтсе де керуенбасылардың жергілікті еріксіздер
базарының бірін жиі-жиі айта бергенін байқады. Əңгіме Казонде
туралы еді, бұл жер Анголадағы құлдар базарының орталығы болатын,
жас жігіт мұны анық түсінді. Айдалып келе жатқан барлық
тұтқындардың тағдыры Казондеде шешіледі екен деп шамалады Дик,
жас жігіт бұл жөнде қателеспеді.
Лоанд пен Казонденің арасы төрт жүз мильден аспайтыны Диктің
есінде бар-ды, өйткені жас жігіт географияны барынша жақсы
білетұғын. Ендеше Куанзадағы лагерден орталық құлдар базары екі


жүз елу мильден аспаса керек. Жайшылықта мұндай жолды он, он екі
күнде алуға болады. Бірақ еріксіздер керуені ұзақ жолда жүріп əбден
қажып болдырған еді, Дик Сэнд осы жағдайды ескеріп, Казондеге
жету үшін кем дегенде үш жеті уақыт керек деп есептеді.
Дик Сэнд өзінің бұл мөлшерлеуі жөнінде Том қартпен жəне басқа
жолдастарымен пікір алысқысы келді. Жан құтылмас Экваторлық
Африкаға құлдар керуенінің бармайтынын білсе ол сорлылар қандай
қуанар еді. Бірақ бұл жақсылық хабарды оларға қалай жеткізуге
болады?
Тұтқынға алынған төрт негр лагердің оң жақ қанатында еді. Олар
екеу-екеуден, Актеон Остинмен, Том баласы Батпен қосақталып
шынжырмен бұғауланған болатын. Оларға айрықша хавильдар
белгілеп, оншақты солдат қарауыл қойылған-ды.
Дик Сэнд бұғаусыз, қол-аяғы бос болатын, өзінен елу қадамдай
жерде отырған жолдастарына жолығайын деп, хавильдарлардың кезін
ала беріп оларға жақындай түсті.
Шамасы, Диктің ниетін Том қарт та білсе керек, жолдастарына
бірдеңе деп күңк ете қалып еді, негрлер сөйлесіп отырған сөзін
тоқтатып, назарларын Дикке аударды. Бейшара тұтқындардың отырған
жерінен қозғалуға мүмкіндігі жоқ, бірақ құлақ түріп сөз тыңдауға,
мойын бұрып қарауға ғана шамасы бар.
Дик көзге түспей елеусіз жылжып жарым жолға жетті. Оның енді
құлдар керуенінің бара жатқан қаласының атын атап, онда жету үшін
қанша уақыт керек екендігін Томға айқайлап айтуға мүмкіндігі бар.
Бірақ жолдастарымен кездесіп, жол бойындағы мəселелер жайлы бір-
екі ауыз тіл қатысқысы келді. Сондықтан хавильдарлардың кезін ала
беріп ілгері қарай жылжи берді. Оның жүрегі тайдай тулап кеудесіне
сияр емес, енді бірнеше қадам аттаса болғаны, межелі жеріне жетеді...
Бірақ хавильдар Диктің ниетін біліп қалған сияқты, жас жігіттің алдын
кес-кестеп ақыра ұмтылды. Хавильдардың айқайы жайбарақат отырған
солдаттардың шырқын бұзды, солдаттар жүгіріп келіп Дикті итеріп
жіберді, сол сəтте Томды жолдастарымен бірге түйгіштеп лагердің
басқа жағына қарай айдап əкетті.


Дик Сэнд ызаға булығып есі-түсін білмей хавильдарға бассалды.
Оның қолындағы мылтығын тартып алғысы келді, мылтықтың
құндағы хавильдардың қолында қалды да, ұңғысын Дик жұлып əкетті.
Бірақ солдаттар шуласа жабылып жас жігітті жерге жықты. Егер
керуен басылардың біреуі — бетінен зұлымдықтың оты шашырап
тұрған ұзын бойлы араб келіп араға түспегенде, ызаланған солдаттар
Дикті бұтарлап тастайтын еді. Бұл кəдімгі Гэрристің анадағы Негороға
айтқан Ибн-Хамис деген арабы болатын.
Араб бар болғаны бірнеше ауыз тіл қатты, əрине Дик оның түгіне
де түсінген жоқ, бірақ солдаттар өлтіргелі тұрған адамын жайына
қалдырып өздері бір жақ шетке ығысып кетті. Шамасы, бұларды біріне
бірін жолықтырмайтын болса керек. Бірақ Дикті аман сақтау
күзетшілерге нық тапсырылған. Бұл тапсырманы Гэррис пен
Негородан басқа кім беруші еді?
Осы сəтте керней тартылып барабан соғылды. Бұл — жолға
шығудың белгісі еді. Лагерді жығып жинады. Лездің арасында
керуенбасылар да, солдаттар да, жүк көтерушілер де, айдалып бара
жатқан құлдар да аяқтарын тік басты. Еріксіздер тайлап буылған
жүктерді көтеріп сапқа тізілді, ең алда шұбар туды желбіретіп бір
хавильдар тұр.
Сосын жол тартуға белгі берілді.
Ыңырсып айтылған əн естілді. Бірақ əн салған қанаушылар емес,
қаналушылар еді. Бұл əннің ішінен жендеттерге тігілген қаһар мен
келешектің игілігіне балаша иланған үн естіледі.
«Сіздер мені құлдыққа айдап бара жатырсыздар, күш сіздер жақта.
Бірақ мен жуырда өлемін. Өліп жатсам да, қайтып келіп сендерді
өлтіремін!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет