Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж
Он төртінші таpay


ДОКТОР ЛИВИНГСТОН
TУPАЛЫ ХАБАР
Негоро кеткен соң, миссис Уэлдон лашығында жалғыз қалды, бұл
арада ең алдымен Негоро өз ұсынысының жауабын алуға бір жетісіз
келмейтінін есіне түсірді ол. Осы мерзімнің ішінде нендей де болса
бірер тіршілік істеу керек. Негороның ар-намысына сенуге болмайды,
бірақ оның дүниеқор ашкөздігін пайдаланудың артықтығы болмас.
Миссис Уэлдон өзінің түрмешісі үшін «сауда жөнінде» бағалы
болды. Ендеше, осы «бағалылық» оны бірнеше күнге əртүрлі жаңа
қауіп-қатерден қорғауға тиіс. Егер осы уақыттың ішінде, мүмкін, өзінің
Сан-Францискоға қайтуы үшін мистер Уэлдонның Казондеге келуін
керек қылмайтын бірер жаңа жоба табылып қалар.
Джемс Уэлдон əйелінің хатын алған бойда, сапардың қаншама
қиындығына қарамастан Африкаға қарай тартып тұратынына жас
əйелдің күмəні жоқ-ты. Бірақ жүз мың доллар ақша Негороның қолына
түскеннің соңында, оның əйелі мен баласын Бенедикт ағайды алып,
ешқандай кедергісіз Казондеден кетуіне рұқсат етілетініне кім кепіл?
Американдарды Казондеде ұстап қалу үшін Муана королеваның
аяқ астымен қырсықтана қалуының өзі-ақ жетіп жатыр.
Егер «товарды» өткізу мен оның бағасын төлеу ісі мұхит
жағалауының бір жерінде жүргізілсе қайтер еді, осы дұрыс болмас па?
Бұлай етілсе, қауіпті сапарға аттанып Африканың ішкі өлкелеріне
барудан мистер Уэлдонды құтқарар еді, жəне ақша төленіп болған соң
тұтқындағылар мына оңбағандардың қолынан ақиқат құтылуларына
мүмкіндік болады.
Миссис Уэлдон осы жөнінде көп ойланды. Оның Негоро ұсынған
шартты қабылдаудан үзілді-кесілді бас тарту себебі де осы еді.


Ойлануға бір жеті мерзімді Негороның неліктен бергенін білді ол,
өйткені жолға дайындалу үшін Негороға да бір жеті уақыт керек.
— Ол оңбаған Джекті менен бөліп əкетуге шынымен-ақ ниеттенді
ме екен? — деп күбірледі миссис Уэлдон.
Осы сəтте Джек лашыққа кіріп келді. Анасы оны көтеріп алып
құшырлана бауырына басты; оған, Негоро келіп баласын əкеткелі
тұрғандай көрінген-ді.
— Мама, сен бірдеңеге ренжідің ғой? — деп сұрады бөбегі.
— Жоқ, қарашығым, жоқ! — деді анасы.— Сенің папаң есіме түсіп
еді. Сен оны сағындың ба?
— Ие, мама, өте сағындым. Ол мұнда келе ме?
— Жоқ, жоқ, айта көрме, қарашығым!.. Келмейді...
— Ендеше оған өзіміз барамыз ба?
— Ие, ие, өзіміз барамыз...
— Дик те, Геркулес те, Том атай да бара ма?
— Ие... ие...
Миссис Уэлдон бөбегіне көз жасын көрсеткісі келмей теріс
айналып төмен қарады.
— Сен папамнан хат алдың ба? — деп сұрады бала.
— Жоқ, қарашығым.
— Əлде оған өзін хат жазайын деп пе едің?
— Ие... мүмкін, жазармын,— деді анасы.


Джек мамасының жан жарасын тырнап алғанын байқаған жоқ. Бұл
сауалды тоқтату үшін анасы бөбегін құшақтап сүйе берді.
Ойламаған жерден Негороның кедергісі жайына қалып, ерінің
көмегінсіз-ақ құтылып кетермін деген үміт миссис Уэлдонға елестей
қалғанын айта кетейік. Ол кездейсоқ, бірнеше ауыз сөз естіп үзілген
үміті қайта жалғанғандай болды.
Бұдан бес күн бұрын миссис Уэлдон тұрған үйдің жанындағы бак
ішінде Альвец пен уджиджилік метист екеуі əңгіме соғып отырған.
Əңгіме тақырыбы, əрине өз кəсіптеpi — құл саудасы жайлы болды.
Олар өз істерін жəне оның келешегі оңбайтын жаққа бет бұруы мүмкін
екендігі жайлы сөйлесіп отыр.
Хозе-Антонио Альвец, ішкі Африкаға ғылыми зерттеу жүргізуге
жəне оның географиялық жағдайларын ашуға келген көптеген
саяхатшылар құл саудасының бостандығына орасан зор зиянын
тигізеді деп шамалады. Оның бұл пікіріне əріптесі де түгелдей
қосылды жəне келген ғалымдар мен саяхатшыларды оқпен қарсы
алған жөн болар еді деп үстеді.
Бірсыпыра ғалымдар бұрын да осылай қабылдаған-ды.
Бірақ құрметті саудагерлердің сорына, əуесқой саяхатшыны
өлтірісімен ізінше тағы əлденеше саяхатшылар келе берген. Альвецтің
айтуынша, ол адамдар еліне барып, онсыз да беделі түскен құл
саудасының сұмдығы туралы хабарды көптіре таратып, құл саудасына
зиянын тигізбек.
Бұдан оның сөзін қостаумен қатар, əсіресе Няньгве, Уджиджи,
Занзибар базарларында құл саудасының сəтті болмағанын айтты: Онда
Спик, Грант, Ливингстон, Стенли — бірінің соңынан бірі барған еді.
Мұны құл саудасына тікелей шабуыл десе болады. Ұзамай-ақ Англия
мен Америка түгелдей көшіп барып Африканың ішкі өлкелеріне
орналасатын болар.
Альвец те əріптесінің пікірін қостап, батыс Африканың анағұрлым
бақытты екенін айта келіп, бұл тыңшылар осы күнге дейін ол жақты


көрмеген шығар. Дегенмен бұл індет батыс Африканы да қамти
бастады. Əзірше Казондеге төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ Кассанго мен
Вихоға — Альвецтің факториясы онда да бар-ды — тікелей қауіп төніп
тұр, — деп сөзін қорытты.
Құл саудагерінің қауіптенуі орынды еді. Біздің жазып
отырғанымыздан бірнеше жыл кейін батыс Африканың зерттелмеген
провинцияларының Камерон оңтүстігіне, Стенли солтүстігіне
барғандығы мəлім, олар құл саудагерлерінің құлақ естімеген
қаталдығы мен жексұрын кəсіпке кейбір европалық төрелердің де
қамқорлық жасап сатылып жүргенін əшкерелеп еді.
Стенли мен Камеронның аты Альвецке болсын, уджиджилік
метиске болсын, əзірше белгісіз еді. Олар бұл екеуін білмегенімен
доктор Ливингстонның атын жақсы білетін-ді. Құл саудагерлері
Ливингстонның атын атағанда, миссис Уэлдонның көңілінде зор
қобалжу пайда болып, енді Негороның талабына көнбеуге бел
байлады. Ливингстон өзінің эскорттарымен
97 
жуық арада Казондеге
келіп қалуы ықтимал!
Бұл саяхатшы Африкаға орасан беделді адам, Ангола өкіметі оған
жəрдем етуге міндетті еді. Мұны білген миссис Уэлдон
Ливингстонның жəрдемі арқасында, Альвец пен Негороның
қарсылығы жайына қалып, өз басына, жақын адамдарына да
бостандық тиеді деп үміттенді.
Дэвид Ливингстон 1813 жылы 13 мартта туған, оның əкесі шаймен
сауда ететін ұсақ саудагер болатын-ды. Дэвид Ливингстонның туған
отаны Англия, Лэнарк графтығы, Блентайр деревнясы. Ливингстон
Лондонның миссионерлік қоғамында аз уақыт қызмет еткеннен кейін,
миссионер жəне дəрігер деген атақ алып, 1840 жылы Капштадқа
келеді. Ол Оңтүстік Африка миссиясын басқарушы миссионер
Моффатқа қосылуға тиіс болған.
Болашақ саяхатшы Капштадтан шығып бечуан руының жеріне
қарай сапар шекті. Осы өлкені бірінші болып зерттеген ақ нəсілді адам
Ливингстон болатын. Ол Куруманға қайтып келіп, Моффаттың қызына
үйленеді де, 1843 жылы Маботс алқабына миссия негізін салады.


Арада төрт жыл өткен соң, Ливингстон Куруманның солтүстігіне
таман 225 миль Бечуаналендегі Колобенгіге көшіп барған.
Ливингстон ол жерде екі жыл тұрып, 1849 жылы Колобенгден тағы
кетеді, ол өзінің əйелін, үш баласын жəне екі досын — Осуэлл мен
Мерриді бірге ала кетеді. Сол жылдың бірінші авгусында Нгами көлін
ашып, Цуга өзенін төмен ағып Колобенгіге қайта оралды. Бұл
саяхаттың кезінде Ливингстонның Нгами көлінің аржағындағы елді
зерттеуіне жабайылардың дұшпандығы кедергі жасады.
Ол жаққа баруға ниеттенген екінші əрекеті де алғашқысы сияқты
сəтсіздікке ұшырады. Оның есесіне үшінші əрекеті нəтижелі аяқталды.
Бұдан соң Ливингстон солтүстікке жаңа саяхат жасау үшін барлық
семьясымен өзінің досы Омуэлді ала шығып, Замбезидің бір саласы
Хобе өзенін бойлай жүріп, камололдар руының жеріне дейін барды.
Жол адам айтқысыз қиын болды. Азық-түлік пен тұщы судың
кемтарлығынан Ливингстонның балалары өлім тырнағына іліне
жаздады. Сонда да болса 1851 жылы июнь айының аяғында Замбези
өзеніне жетеді.
Осы арада саяхатшымыз семьясын өз еліне — Англияға жөнелту
үшін Капштадқа қайтып барған.
Ержүрек зерттеуші елдің алыс түкпіріне барып аса қауіпті жаңа
саяхат жасауға ниеттенген еді, сондықтан өзінің жақын адамдарының
өміріне қауіп төндіргісі келмеген-ді.
Жаңа саяхатының маршруты: Африканы оңтүстігінен түсіп
батысқа қарай кесіп өту, Капштадтан шығып Сан-Паоло де-Лоандқа
бару еді.
Ливингстон жергілікті халықтардың бірнешеуін ертіп 1852 жылы 3
июль күні жолға шықты. Куруманнан аттанып Калахари сахарасын
бойлай жүріп, батысқа қарай тартты. Декабрьдің 31 күні Литубарубқа
барып кірді. Ол бечуандар руының жерін Голланд отаршылдарының
нəсілі жаулап мүлдем талқандалып қалған күйінде тапты.
Ағылшындар басып алғанға дейін бұл отаршылдар Каплендте
бұрыннан орын тепкен болатын-ды.


Ливингстон Литубарубтан 1853 жылы 15 январь күні шыққан. Ол
бамангуаттар руының орталық өлкесіне барып, 23 майда Линьятиге
жетіп еді, макололдар руының жас королі Секелету зерттеушіні аса
құрметпен қарсы алды.
Ливингстон аса қатерлі безгекпен ауырып, бұл жерде бірсыпыра
кідіріп қалды. Бірақ саяхатшы өзінің науқастығына қарамастан сол
елдің əдет-ғұрпын зерттеді, Африкадағы құл саудасының жан
түршігерлік əдіспен елді қырып-жоятынын бірінші болып анықтады.
Бір айдан соң Хобе өзенін төмен ағып, оның Замбезиге құйған
жеріне дейін барды. Ол Нальеге, Катонгеге, Либонтеге соғып,
ақырында Замбезидің Либамен қосылған жеріне жетті. Бұл арада
зерттеу жүргізуге ойы кетті де, осы өзенді жоғары өрлеп оның батыс
жағындағы Португалияға қарасты шегіне дейін барды. Сөйтіп, тоғыз
жұма жол шегіп, ендігі зерттеу жұмысына қажетті дайындықтар жасап
алу үшін Линьянтиге қайтып келді.
1853 жылы 11 ноябрь күні 27 макололден құралған отрядты бастап
зерттеушіміз аттанып кетті. 27 декабрьде Либа сағасына жетіп, осы
арадан өзенді жоғары өрлеп, Макондо өзенінің шығыс жақтан ағып
келіп Либаға құятын сағасындағы балонда руының жеріне дейін
барды.
Бұл өлкеге алғашқы келген ақ нəсілді адам Ливингстон еді.
1854 жылы 14 январьда Ливингстон балонда руының ең құдіретті
патшасы Шинтенің қабылдауында болды. Бұл жерде өзін құрметпен
қарсы ала тұрса да, онда бірнеше күн болып, қажымас саяхатшы
Либаның арғы бетіне өтіп, сол айдың жиырма алтысы күні Катеме
корольдің жеріне барып кірді. Оны мұнда да меймандостықпен қарсы
алды, əйтсе де зерттеушіміз ол арадан кетіп, жиырмасыншы февральда
Диололо көлінің жағасына жетіп қос тікті.
Бұл жерге келген бойда сəтсіздік басталып, жерді аралау қиынға
айналды. Жергілікті халық зерттеушіге қастандық жасауға бейімделді,
оның үстіне Ливингстонның өз отряды бүлік шығарды. Саяхатшыға
ажал қаупі төнді. Жігерсіз біреулер болса бұл қиыншылыққа қарсы


тұра алмас еді. Бірақ доктор Ливингстон мұндай сəтсіздікке мойыған
жоқ. Ақыры апрельдің төрті күні Куанго жағалауына жетті. Бұл өзен
суы мол, Португалияға қарасты жерді бойлай солтүстікке қарай ағып
Заирға (Конго) құятын-ды.
Алты күннен соң саяхатшымыз Кассангода болып, майдың отыз
бірінде Сан-Паоло де-Лоандқа жетті. Екі жылға созылған бұл саяхат
осылай аяқталды. Осы уақыттың ішінде ол Африканы оңтүстігінен
шығысына қарай бірнеше рет кесіп өтті.
Дэвид Ливингстон сол жылдың 24 сентябрінде Сан-Паоло де-
Лоандтан шығып жол тартты. Ол Куанза өзенін, кəдімгі Дик Сэнд пен
оның жолдастарын қырсық қарсы алатын қайырсыз Куанзаның оң жақ
бетін жағалай жүріп, оның Ломбе өзенімен қосылатын жеріне жетті.
Жолшыбай əлденеше еріксіздер керуеніне ұшырасып, Кассангоға
екінші рет барды. Бұл арадан 20 февральда шығып, Куанго өзенін
кесіп өтіп, Замбези жағалауына жетті. Ол сегізінші июльде Дилоло
көлінің жағалауында тағы бір рет болып, сосын Замбези өзенін төмен
ағып Линьятиге қайта келді. Ондағы ойы 1855 жылы үшінші ноябрьде
тағы да жолға шығудың қамын қарастыру болған.
Бұл жолы Орталық Африканың батыс жағалауынан түсіп, шығыс
жақ шетіне дейін кесіп өтуі керек, тарихта бұл алғашқы саяхат
болғалы тұр.
Дэвид Ливингстон атақты Виктория сарқырамасына барып Замбези
жағалауынан солтүстік-шығысқа қарай тартты: Батока өлкесін аралай
өтіп, сол елдің құдіретті патшасы Семалембуэмен кездесу, Кафуэден
кесіп өту, тағы да Замбезиге оралу, король Мбурумамен кездесу,
Португалияның қирап қалған ескілікті қаласы Зумбогға бару, 1856
жылы 17 январьда, сол уақытта португалдармен соғысып жатқан
Мпенд патшамен кездесу, ақырында 2 мартта Замбези жағасындағы
Тетеге оралу көрсетілген.
Бір заманда байлығымен даңқы шыққан жерден Ливингстон
апрельдің жиырма екісі күні кетіп, Капштадтан шыққанына төрт жыл
дегенде, майдың жиырмасы күні Замбезь атрауындағы Калиманға
келді.


Июль айының он екісі күні Морестен кемеге отырып жолға шықты.
Ливингстон алты жыл жоғалып кетіп, декабрьдің 22-сі күні өз отаны
— Англияға қайта оралды.
Мұнда атақты саяхатшыны қарсы алуға, Париж географиялық
қоғамының сыйлығы, Лондон географиялық қоғамының үлкен медалі
күтіп жатқан. Оның орнында басқа біреу болса, демалып тынығуға
тұрарлық қызмет еттім ғой деп мардамсыр еді, бірақ Ливингстонның
ойы басқада болды. 1858 жылы бірінші мартта ол тағы да Африкаға
жол тартып, май айында Мозамбик жағалауына барып түсті. Ол
зерттеу жұмысын Замбези бассейнінен бастауға ниеттеніп еді.
Бұл жолы Ливингстонға өзінің тумасы Чарльз, капитал Бединфилд,
Тортон, Бейнс, доктор Кирк жəне Миллер ере шықты. Бірақ олардың
бəріне бірдей өз отанына аман қайтуға нəсіп болмады.
«Ma-Роберт» деген шағын пароходпен зерттеушілер Ұлы өзенді
өрлей жүзіп, сентябрьдің сегізі күні Тетеге келді. Жаңа экспедицияның
алғашқы жылғы жұмысында мынадай елеулі уақиғалар болды: 1859
жылы январь айында Замбезидің төменгі жағы мен сол жағынан келіп
құятын Шире деген бір тарауы зерттелді. Сол жылы апрель айында
Шируа көліне барды. Манганья өлкесін зерттеп, Ньясса көлін тапты.
10 сентябрьде Виктория сарқырамасына қайта аттанды. 1861 жылдың
март айында «Пионер» пароходымен Ровумды зерттеді. Сол жылы
сентябрь айында Ньясса көліне қайта келді. 1862 жылы 30 январьда
«Дети Ньясса» атты екінші пароходпен Дэвид Ливингстонның əйелі
миссис Ливингстон келіп еріне қосылды. 27 апрельде миссис
Ливингстон ерінің қолында қайтыс болды.
Сол жылы май айында Ливингстон Ровумды екінші рет зерттеуге
талаптанды. Ноябрь айының ақырында Замбезиге қайта оралып, Шире
өзенін жоғары өрледі. 1863 жылы апрель айында оның жолдасы
Торнтон қайтыс болды. Ливингстон, ауырып мүлде жүдеген өзінің
тумасы Чарльз бен доктор Киркті Европаға қайырып жіберді де, өзі 10
ноябрьде үшінші рет Ньясса көліне барды. Ондағы ойы ол көлдің
географиялық жазуын бітіріп, өз жұмысын аяқтау еді. Арада үш ай
өткесін Замбези сағасына қайта оралып, ол арадан Занзибарға жөнелді.
Сөйтіп, 1864 жылы 10 июльде, арада бес жыл өткесін, Лондонға қайта


оралды. Онда келіп еңбектерін баспаға өткізіп, оған «Замбезиді жəне
оның тарауларын зерттеу» деп ат қойды.
1866 жылы 28 январьда Ливингстон Занзибарға тағы барып түсті.
Оның бұл жаңа саяхаты есеп бойынша төртінші еді.
Ливингстон Занзибарға келгесін, құл саудасының елге орасан зор
зиян тигізетінін өз көзімен көріп, сенуіне тура келді. Ол августың
сегізінде Ньясса жағалауындағы Мокалаоске келді. Бұл жолы қасында
бірнеше сипаиден
98 
құралған азғана эскорт негрлер ғана бар-ды. Алты
жұмадан соң эскорттың көбісі қашып Занзибарға барды да,
Ливингстон өлді деген лақап таратты.
Бірақ ержүрек саяхатшы бет алған сапарынан бұл жолы да
қайтпады. Ол алдында тұрған белес-белес қиындықтарға қарамастан,
Ньясса көлі мен Танзаньика өзенінің аралығында жатқан байтақ
даланы зерттеу жұмысын жүргізе беруге бел байлады. 10 декабрьде
бірнеше жергілікті жолбасшыларының жəрдемімен Лоангвэ өзенінен
өтіп, 1867 жылы 2 апрельде Льеммба көліне жеткен жерде ауырып
қалды. Ол бір ай бойы хал үстінде жатқан. Бірақ науқасынан құлан
таза айықпай-ақ, 30 августа Маеро көліне жетті де, оның солтүстік
жағалауын зерттеп, 21 ноябрьде Казембо қаласына келеді. Мұнда 40
күн тоқтап дем алады. Осы уақыттың ішінде Маеро көліне екі рет
барып та үлгеріп еді.
Ливингстон Казембо қаласынан шығып солтүстікке қарай кетті. Ол
Танганьика көлінің жағасындағы халқы көп ірі қыстақ Уджиджиге
барғысы келген. Бірақ өзеннің тасқыны жол бермейтін болады.
Жолбасшылары Ливингстонды тастап жайына кеткесін, саяхатшымыз
Казембоға амалсыз қайта оралды. Мұнда да дəйек тұтып тұра алмай,
оңтүстікке бет алуға асығыпты. Алты жұмадан соң, июньнің алтысы
күні Бангвеоло көліне жетеді. Мұнда екі ай аялдап зерттеу жүргізген. 9
августа Танганьиканың солтүстігіне бару əрекетін қайта бастайды.
Өте қиын, жан төзгісіз ауыр саяхат еді бұл! 1869 жылы январьда
ержүрек саяхатшы əбден əлсіреп, жүре алмастай халге жеткен соң,
жолдастары оны зембілмен көтеріп жүр-ді. Ол февраль айында ақыры
Танганьиканы көрген екен. Оған шығыстық қоғамның Калькуттадан


жіберген сəлемдемесін Уджиджиде алыпты ол. Ливингстонның ендігі
көздеген мақсаты біреу-ақ — Танганьикадан солтүстікке қарай өрлеп,
Ниль өзенінің басын іздеу. 21 сентябрьде Луалаба өзенінің
жағасындағы Бамбарға жетті. Бұл ара Конго өзенінің басы екенін
Стенли бұрын анықтаған-ды. Саяхатшымыз Мамогалге келгесін қайта
сырқаттанып сексен күн төсек тартып жатқан. Сол уақытта оның
қасында бар болғаны үш-ақ қызметкері қалыпты. Ақырында 1871
жылы 21 июльде Танганьикаға қайта баруға оның шамасы келмей
қалды. Ол октябрьдің жиырма үшінде Уджиджиге жеткен. Науқасы
меңдетіп əбден жүдегендіктен оның саудырап құр сүйегі ғана қалып
еді.
Содан кейін Ливингстон көпке дейін ешқандай хабарсыз кетті.
Мүмкін, Европадағылар оны өлді дейтін болар, олардың жəрдемінен
саяхатшының өзі де күдерін үзген еді.
Ливингстон Уджиджиге келген соң он бір күннен кейін көл
маңынан ширек миль жерден мылтық атылды. Ливингстон қосынан
жүгіре шыққанда, оған бір ақ адам қарсы келді де:
— Сіз доктор Ливингстон боларсыз, солай емес пе? — деп сұрады
əлгі кісі.
— Ие, солай,— деді саяхатшы.
Олар бірінің қолын бірі қатты қысып амандасып жатыр.
— Мен сізді тапқаным үшін өзімді аса бақытты санаймын.
— Сізді көргеніме мен де зор қуаныштымын,— деді Ливингстон.
Жаңа келген адам Стенли деген американ еді. Ол «Нью-Йорк
Геральд» газетінде репортер болып қызмет ететін-ді, оған
Ливингстонды іздетіп жіберген сол газеттің редакторы еді.
Стенли Занзибар жағалауына баратын кемеге Бомбейде мінген. Ол
Занзибар жағалауынан тура Уджиджиге жөнелген екен.


Ливингстон мен Стенли екеуі бірлесіп тағы бір экспедиция құрып,
Магала мүйісіне дейін барды да, сол араны əбден зерттеп болғанның
соңында, Луалаба тарауларының бірі Танганьика көліне құятын болар
деген қортынды шығарды. (Бірнеше жылдан соң Камерон мен
Стенлидің өзі бұл жорамалдың дұрыс екенін анықтады.) 12 декабрьде
Ливингстон серігімен бірге Уджиджиге қайтып келген.
Стенли елге қайтпақ болады. Екі дос сегіз тəулік сумен жүзіп 27
декабрьде Урембаға келеді. Сөйтіп, жолаушыларымыз келесі жылы
февральдің 13 күні Куихараға жетеді.
Олар марттың 23 күні қош айтысып айрылысатын болған.
— Көп адамдардың тəуекелі жетпейтін іс істеп тастадыңыз,— деді
Ливингстон, Стенлиге.— Сізге өте ризамын.
— Сізді есен-сау тап осы қалпыңызда, өз отанымыз Англияда тағы
көрермін деген сенімім мол,— деді Стенли оның қолын қатты қысып
тұрып.— Қош бола тұрыңыз. Көріскенше күн жақсы болсын!
— Қош! — Ливингстон да даусы қалтырай жауап қатты.
Стенли 1872 жылы 12 июль күні Францияның Марсель портынан
барып түсті.
Ливингстон өзінің зерттеу жұмысын жүргізе берді. Ол Куихарада
бес ай демалып, 25 августа Танганьика көлінің оңтүстік жағалауына
зерттеу жүргізгелі кетті. Бұл жолы саяхатшының қасында Сузи, Шума,
Амоде деген үш қара қызметкері, Стенли қалдырып кеткен Яков
Уэнрайт жəне жергілікті халықтан құралған қырық салтатты адам бар-
ды.
Керуен жолға шығып бір айдан соң Мурға жетті. Ауа райы құрғақ
болғандықтан жаңбыр шақырған дауыл ұдайы зіркілдей берді де,
соңынан жаңбыр жауа бастады. Цеце шыбыны шағып жүк артқан
көліктер қырылып қалды. Жергілікті халық қастандық ниетте болды.
Сонда да болса Ливингстонның отряды 1873 жылы 13 январьда


Чигункуэге келді. 27 апрельде саяхатшымыз Бангвеола көлінің шығыс
жағын айналып өтіп, Читамбо қыстағына қарай беттеді.
Бұл арада құл саудагерлерінің бірнешеуі, Ливингстонның келгенін
өз көздерімен көрді. Олар Ливингстонның келгендігі жайлы Альвец
пен оның уджиджилік, «құрметті жемтіктестеріне» хабарлаған.
Ливингстон Танганьиканың оңтүстік жағалауын зерттеп болып, енді
Казонде мен Анголаға келеді деп шамалауға олардың дəлелі толық еді.
Миссис Уэлдон ұлы саяхатшыны жуық арада келіп қалар деп
дұрыс шамалаған, өйткені оны Бангвеоло көлінің оңтүстігінде көріпті
дегенге екі айдан асып кетті.
Бірақ 13 июнь күні Негороның жүз мың доллар олжа дəмеленіп
миссис Уэлдоннан хат алғалы келер қарсаңында Альвец пен тағы
басқа құл саудагерлерін қатты қуантатын хабар Казонде қаласына
таралып та үлгірді.
Доктор Ливингстон 1873 жылы 1 май күні таң алдында қайтыс
болыпты!
Мына сорды қараңызшы, бұл шындық хабар еді! Ливингстонның
кішкене отряды Читамбо қыстағына жетеді. Онда саяхатшыны
зембілмен көтеріп жеткізген екен. Отызыншы апрельге қараған түнде
науқасы ауырлай түсіп, демалысы нашарлай береді де, артынан есінен
танып қалған.
Бір сағаттан соң есін жиып, өзінің қызметкері Сузиді шақырады да,
маған пəлен дəріні тауып берші деп өтініпті. Сосын əлсіз үнмен:
— Жарайды! Енді бара беруіңе болады! — депті.
Ертеңгі сағат төрттің кезінде Сузи мен эенордт құрамындағы бес
адам саяхатшы жатқан қосқа кіріпті.
Дэвид Ливингстон өзінің төсегі жанында тізерлеп отыр екен.


Сузи саяхатшының бетіне ақырын ғана қолын тигізіп еді, денесі
мұздап қалыпты.
Дэвид Ливингстон жансыз еді...
Адал ниетті қызметкерлері саяхатшының денесін теңіз жағалауына
зембілмен көтеріп жеткізіпті. Олардың сапары ұзақ та қиын болған,
бірақ жол азабының бəріне төтеп бере он ай дегенде Ливингстонның
жансыз денесін Занзибарға апарыпты.
1874 жылы 12 апрельде Ливингстонның денесі, Виет-министрлік
аббаттағы Англияның бұрынғы өткен атақты адамдары арасына
жерленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет