Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан

Бесінші тарау


ТЕРМИТ ҰЯСЫНДА
ТЕРМИТТЕР ТУРАЛЫ
ЛЕКЦИЯ
Бұл баспананың ойда жоқта табыла қалуы жолаушылар үшін үлкен
бақыт еді. Бірнеше минуттан соң кəдімгі айта беретін тропиктік нөсер
басталды.
Жаңбыр тамшылап қана қоймай, тура шелектеп құйды. Кей-кейде
көктен құйылған тасқын су құламасындай боп сарылдап ақты. Көк
əлемінің ұшы-қиырсыз су қоймасы үсті астына қарай аударылып кетіп,
барлық суы лақ етіп жерге құйылған сияқтанды. Мұндай сел лездің
арасында жазық жерді көлге, жыраны өзенге айналдырып жібере
алады, өзендер арнасынан шығып жазық даланың талай жерін су
басады. Африкада нөсерлі жаңбыр ұдайы бірнеше күн тынбай жауады,
жылы белдеуден Африканың айырмасы осы.
Бір жақсы жері, термит күмбезінің қабырғасы су өтпейтін қалың
екен. Күмбездің төбесінен Ниагар өзенінің суы тұтас ақтарылса да
ішіне бір тамшы су өтер емес.
Жолаушылар термит илеуіне кірген бойда, бəрінен бұрын
күмбездің құрылысымен танысып шықты. Фонарь жарығымен қарап
байқағаны, күмбездің төбесін бүріп əкеліп бітеген, биіктігі он екі фут,
табанынан алғанда айнала ішкі шеңбері он бір фут. Ал қабырғасының
қалыңдығы бір фут екен.
Күмбездің 
ішкі 
қабырғасына 
бөлме-бөлме 
етіп 
текше
жапсырылған.
Титімдей ғана жəндіктер тобының осы тамаша құрылыс орнатуы
адам сенгісіз іс болып көрінуі мүмкін, бірақ термит қаласының бар


екені талассыз, ондай қалалар Африканың ішкі өлкелерінде жиі
кездеседі. Голландия саяхатшысы Смитмен деген осы сияқты бір
күмбездің төбесіне қасындағы төрт жолдасы мен өзі — бес адам
сыйып тұрғанын жазған екен. Ливингстон биіктігі он бес фут, тіптен
одан да биік — жиырма фут келетін қызыл балшықтан соғылған
термит күмбездерін Лундэде көрдім деп жазыпты. Лейтенант Камерон
бұл сияқты шоғырланған көп құрылысты алыстан көргенде, соғыс
лагері екен деп талай рет алданыпты. Ньянгведе биіктігі жиырма фут
қана емес, қырық, тіпті елу футқа жететін зəулім биік термит
күмбездерін көрген. Жанында шіркеу мұнарасы сияқты етіп жапсыра
салған қосымша жіңішке құрылысы бар орасан ірі күмбез еді депті ол.
— Мұндай тамаша құрылыс тұрғызуға термиттердің қай түрі
шебер екен?
— Бұл жауынгер термиттердің жұмысы,— деді Бенедикт ағай,
құрылыстың материалдарымен танысып болысымен көп ойланып
тұрмай-ақ.
Күмбез кішкене отрядқа баспана болуға жарады, бірақ оның
ортасындағы бос алаңнан жолаушылар түгел сиярлықтай бос орын
табылмады. Əйтсе де текше мен бөлменің аралығына ықшам денелі
адам еркін сыюға болатын еді. Күмбездің ішкі қабырғасы бөлмелері
бар үлкен шкафқа немесе тартпаларын ашып қойған комодқа
ұқсайтын. Ол тартпалар миллиондаған титімдей ғана ұяларға бөлінген,
тартпалар пароход каютасының сəкісі сияқты, бірінің үстіне бірі саты-
саты болып орналасқан. Үстіңгі «сəкіге» миссис Уэлдон, кішкентай
Джек, Нан мен Бенедикт ағай шығып жатты. Остин, Бат, Актеон үшеуі
астыңғы «сəкіге» орналасты. Дик Сэнд, Геркулес пен Том қарт еденде
қалды.
— Достарым,— деді жасөспірім, екі негрге қарап, еденге су
жайыла бастады. Топырақ төгіп еденді биіктетсек деймін. Бірақ тесік
бітеліп қалмайтын болсын, егер тесік бітелсе, ішке ауа кірмей
тұншығып өлеміз!
— Біз мұнда тек бір-ақ түн түнеп шығамыз ғой,— деп Том еденді
биіктетуге қарсы болды.


— Бір түн болса да тыныш жатып дем алуымыз керек қой. Сəтті
жағдайды пайдаланып қалайық. Өткен он күннің ішінде қалқа астында
қонғалы тұрғанымыз осы бүгін ғана!
— Ие, біз он күнді ашық далада жатып өткіздік,- деді Том, енді
Диктің пікіріне қосылып.
— Оның үстіне,— деп Дик сөзін жалғастыра берді,— біз мұнда
тағы бірер күн кідіріп қалуымыз мүмкін, термит илеуі бізге сенімді
баспана бола алатын түрі бар. Мен уақытты пайдаланып өзіміз іздеген
өзеннің алыс-жақынын анықтаймын. Мүмкін, біз мұнда қашан сал
буып болғанға дейін тұрып қалармыз, мұнда болсақ, бізге ауа лайсаңы
қорқыныш емес. Қане, достарым, жұмысқа кірісейік, топырақ төгіп
үйіміздің ішін құрғақ сақтайық.
Диктің ұсынысы сол сағатында орындалды. Геркулес бөлменің
астыңғы қабатын балталап бұзды да, еденге құлатып жайып тастады.
Сөйтіп, еден бір фут шамасы жоғары көтерілді. Дик Сэнд күмбез ішіне
ауа-кіретін тесіктің бітеліп қалмауын бақылады.
Термиттердің үйін тастап кеткеніне жолаушылар шүкірлік етісті.
Егер мұнда термиттердің шамалы тобы қалса да адамдар күмбезге
кіріп жайласа алмас еді.
Термиттердің шаруашылығын тастап кеткеніне қанша болған?
Бұл жəндіктердің мекенін тастап кетуі, Бенедикт ағайды қатты
таңдандырды, сөйтіп ол осы мəселені анықтауға кірісті.
Ғалым текшеден еденге түсіп қолына фонарь алды да, күмбездің
түкпір-түкпірін қарай бастады. Сөйтіп, ол еңбексүйгіш жəндіктердің
азық қорын сақтайтын «бас қоймасын» тапты.
Қойма астыңғы қабатта екен. Бенедикт ағай ол жердегі əлі қатып
болмаған бірнеше тамшы ағаш шайырын тапты, демек, термиттер
қоймаға мұны жуырда ғана əкелген.


— Жоқ, жоқ!—деп айқайлады ғалым, бейне бір қарсы алдында
тұрған біреумен керісіп жатқандай-ақ.— Жоқ, бұл құрылысты жуырда
ғана тастап кеткен!
— Бенедикт мырза, сіз кіммен керісіп жатырсыз? — деп сұрады
Дик Сэнд.— Термиттер бұл арадан бүгін кетті ме немесе бұдан бір
жыл бұрын кетті ме, қашан кетсе де мейлі, ол арасының бізге қажеттігі
жоқ, біз үшін ең керектісі — үйін бізге қалдырып кеткендігі.
— Жоқ,— деп өзеуренді ғалым,— термиттердің бұл арадан кету
себебін анықтау өте маңызды мəселе. Бұл тор қанатты сұмдар кеше
ғана немесе бүгін таңертең осында болған: мінеки, көрдіңіздер ме,
ағаш шайырлары тіптен қатып та үлгірмеген...
— Бенедикт мырза, оның бізге қанша қажеттігі бар? — деп сұрады
Дик Сэнд.
— Термиттерді өз мекенін тастап кетуге тек ішкі сезім ғана зорлап
көндіре алады. Көріп тұрсыздар ма, илеуде бірде-бір термит қалмаған!
Олар ең алдымен жұмыртқаларының бірін қалдырмай тасып əкетуге
тырысқан. Солай ол, мен тағы да қайталап айтамын, ол сезімтал
жəндіктер нендей де болса бірер қатердің таянып келгенін сезген.
— Əлде олар күмбездеріне біздің кіретінімізді сезген шығар? —
деп Геркулес қалжыңдай күлді.
— Айтып отырғаныңның бəрі құр шатпақ! — деді Бенедикт ағай
негрдің қалжыңына шамданып.— Шынымен-ақ осы жауынгер
жəндіктерден өзіңізді күшті санайсыз ба? Егер олар сіздің өлігіңізге
кезіге қалса, термиттердің бірнеше мыңы жабылып қас қаққанша
болмай саудыратып сүйегіңізді ғана қалдырар еді.
— Өлі дененің сүйегін мүжу де жұмыс болып па! — деді Геркулес
жеңілгісі келмей.— Мен жүз мыңдаған термиттеріңді оп-оңай тапап
өлтіре аламын!..
— Екі жүз мың, бес жүз мың, миллион,— деп Бенедикт ағай
өзеурене түсті,— бірақ миллиард бола қоймас! Ал миллиард термит,


мейлі өлі бол, мейлі тірі бол, бақайшағыңа дейін қалдырмай мүжіп
тастайды.
Бұл талас алғашқыда Дикке қызық көрінсе де, кейін оны ойға
қалдырды. Бенедикт ағайдың айтқан сөздері оған үлкен əсер етті.
Жəндіктердің сырын жақсы білетін



ғалымның болжауынан жаңылмағанына жасөспірім күмəнданбады.
Егер де қаласын тастап кетуге термиттерді ішкі сезім зорлаған болса,
демек, бірер қауіп-қатердің төнгенін шынында да олардың сезуі анық.
Бірақ күн күркіреп жаңбыр құйып тұрғанда бұл баспанадан кету
дегенді ойлаудың да қажеттігі жоқ, Дик енді мына ұғымсыз мəселеге
бас қатырғысы келмеді, тек қана:
— Бенедикт мырза, термиттер өздерінің азық-түліктерін қоймада
қалдырып кетіпті дедіңіз білем? Біздің де азық-түлігімізді ала
жүргеніміз сіздің сөзіңізден есіме түсті. Енді тамақтанып алсақ та
болады. Келешектегі істейтін ісімізді ертең, жаңбыр ашылған соң
ойласа жатармыз,— деді.
Нан кешкі ас əзірледі. Жолаушылар қаншама шаршағанмен
тамақтанудан тартынбады. Əлі де болса екі күнге жетерліктей
консервтер бар-ды, адамдар асқа арандарын аша килігіп, қалған
консервтерді сол кештің өзінде-ақ ада қылды. Жаңбыр тиіп су бола
қоймаған сухарилер қажырлы азулардың қыспағына түсіп ұдайы
бірнеше минут күтірлеумен болды. Ал Геркулестің жағы қатқан нанды
диірменсіз ұнтады.
Бірақ миссис Уэлдон асқа қолын əрең созды, егер оны Дик
зорламаса, ештеңе татып та алмас еді. Бүл ержүрек əйел əлде ненің
қамын ойлануда жəне өткен күндерге қарағанда қайғысы да
басымырақ-ау деп шамалады жасөспірім. Бірақ кішкентай Джектің
денсаулығы түзеле бастады. Безгегі де қайтып ұстаған жоқ, тыныш
жатып ұйықтайтын болды. Дик Сэнд жас əйелдің ендігі қайғысы не
екенін біле алмады.
Бенедикт ағай өзіне тиісті асты ішіп-жеуінде сөз жоқ, бұл əрине,
түсінікті мəселе. Бірақ жұтқыншағынан өткен ас аз ба, көп пе, дəмді
ме, дəмсіз бе, бұл жөнінде ғалымның ісі болды деп шамалаудың
қажеттігі де жоқ. Ол өзінің не ішіп-жегенін білмей де қалды. Тек қана
ас үстінде ұтыры келіп жолдастарына лекция оқығанына мəз болды.
Əттең, иесіз қалған құрылыста термиттердің ең болмаса біреуі ғана
қалмағанын айтсаңызшы!..


— Бұл тамаша жəндіктер,— деп бастады ол, əрине, өзінің əңгімесін
жолдастарының тыңдаған-тыңдамағанымен оның жұмысы жоқ-ты,—
тор қанаттылар тобына қосылады. Бұл топқа қосылатын жəндіктер бес
түрлі. Шаян шыбындар, арыстан құмырсқалар, алтын қоңыздар,
веснянка мен термиттер. Біз отырған үйдің иесі жоғарыда аталып
өткен жəндіктердің соңғы тобына, яғни термиттер тобына
қосылатынында ешқандай талас жоқ. Олардың үйін басып алуымыз
мүлдем орынсыз шығар деймін!
Дик Сэнд Бенедикт ағайдың лекциясын зейін сала тыңдай бастады.
Бенедикт ағай өздерінің Африкада жүргендерін термиттер
қаласынан-ақ білмей ме екен? Білмеуі де мүмкін, өйткені бұл ғалым
өздерін бір материктен екінші материкке əкеліп тастаған қандай
қатерлі кездейсоқ жағдай екеніне түсіне қоюы екі талай. Сондықтан да
Дик Сэнд оның лекциясын мазасыздана тыңдады.
Ал Бенедикт ағай өзінің сүйікті шоқырағына басып желіге сөйледі.
— Термиттердің,— деп ол əңгімесін соза түсті,— сегіз бөлімнен
құралған отыз бір талды қысқалау ғана мұрты болады: мұрттың ауызға
жақын бөлімі кеміргіш тіс орнына жұмсалады. Термиттерді көбінесе
«ақ құмырсқа» деп атайды, бірақ бұлай атау дұрыстыққа жатпайды.
Өйткені термиттердің құмырсқа нəсіліне ешқандай жуықтығы жоқ.
Олардың құмырсқамен нəсілдес деудің себебі, олар құмырсқа сияқты
бір илеуде көп болып ұйымдасып тұрады, істері де құмырсқаға
ұқсайды. Бір илеуде тұратын термиттердің көпшілігі өсім бермейтін
қанатсыз жұмыскер термиттер. Бұлардың басы үлкен, жағы орасан
күшті болады, олар «солдат» аталады. Термиттердің арасында ата жəне
ана термиттері болады. Жас шағында бұлардың қанаты болады, ұша да
алады, бірақ «тойдан» кейін қанаты түсіп, ұша алмай қалады. Бұл
жұбайлар «патша», «ханым» аталып кетеді, өйткені олардың кəсібі тек
қана тұқым өсіру.
— Ал мына күмбезді термиттердің қай түрі жасаған?— деп сұрады
Геркулес.


— Əрине, ғылым жолымен анықталған «жауынгер термиттер» деп
аталатын түрі жасаған,— деп жауап қатты Бенедикт ағай,
жауынгерлігімен даңқы шыққан Македон немесе көне замандағы басқа
нəсілдер туралы айтып отырған кісінің үніне салып.
— Жауынгер термиттер əдетте қай жерде өсіп-өнетін еді? — деп
сұрады Геркулес.
— Африкада,— деп жауап қатты ғалым.— Орталық Африкада
болады, əсіресе оның оңтүстік өлкелерінде өсіп-өнеді. Африка деген
шыбын-шіркей сияқты жəндіктерге өте бай, даңқы шыққан жер ғой.
Ливингстонның құмырсқалар туралы соңғы жазған мақаласы оқуға
тұрарлық қызғылықты еңбек, бұл мақаланы Стенли əкелген-ді. Ол
саяхатшы теңдесі жоқ, менен анағұрлым бақытты адам: қызыл
құмырсқалар мен қара құмырсқалар армиясының өзара қырғын
соғысын өз көзімен көрген ол. Шайқаста қара құмырсқалар жағы
жеңген, бұларды жергілікті халық «сирафу» деп атайды. Қызыл
құмырсқалар жағы жауымен табан тіресе соғысқанның соңында
жеңіліс тауып, соғыс майданын тастап кетуге мəжбүр болған. Бірақ
олар жұмыртқаларын тастамай өздерімен бірге ала, толық тəртіппен
шегінген. Адам болсын, айуан болсын, бұл сияқты жауынгерлікті
ешқашан көрсете алған емес дейді Ливингстон. Тіптен сирафудың
шаққанынан жолбарыс та, піл де қорқады. Құмырсқа армиясының
шабуылына ешнəрсе кедергі бола алмайды, оның жолында ағаш
кездессе оп-оңай өрмелеп басына шығып кетеді, суы бар жылға
кездессе, бірнеше құмырсқалар бірінің аяғынан бірі ұстап өз
денелерінен аспалы көпір жасайды да, басқалары жанды көпірдің
үстімен жүріп өтеді. Құмырсқаның жауынгер қолы өте көп! Африканы
зерттеуге барған Дю-Шайю деген тағы бір саяхатшы қара
құмырсқалардың ұдайы он екі сағат үздіксіз шұбырғанын көріпті.
Дегенмен құмырсқалардың есепсіз қолын саяхатшының көруі таң
қаларлық уақиға ма? Африка жəндіктері ғажап өсімтал келеді, мысалға
жауынгер термиттің ұрғашысын алуға болады: олар күніне алпыс мың
жұмыртқа туады. Жергілікті халық бұл жəндіктерді жейді де. Айтарың
бар ма, достарым, пісірілген термиттен дəмді ас жоқ шығар деймін!


— Бенедикт мырза, сіз оны жеп көргеніңіз бар ма? — деп сұрады
Геркулес.
— Əзірге жеп көргенім жоқ. Бірақ жеймін!
— Қайдан жейсіз?
— Осы арадан!
— Бірақ біздер Африкада емеспіз ғой! — деді Том қарт асыға
сөйлеп.
— Жоқ... жоқ...— деп жауап қатты Бенедикт ағай.— Дегенмен
ғалымдар осы күнге дейін жауынгер термиттерді тек африкалық
жағалауларда ғана кездестірген. Ох, ол саяхатшылар ма, олар іздей
білмейді! Дегенмен, цеце деген шыбынды мен Америкадан таптым.
Енді менің даңқым бұрынғыдан да гөрі көтеріле түседі, өйткені мен
бірінші болып Жауынгер термитті де Америкадан тауып отырмын.
Бұл, оқыған жұртты таң қалдыратын мақала жазу үшін не деген
қымбат материал десеңізші! Мақала деген не, тəйірі, ішінде жақсы
қағазға басылып жапсырылған кестелері мен түрлі түсті суреттері бар
қалың том жазып шығаруға болатын материал ғой бұл! Европаның
ғылым дүниесін бір сілкінтіп тастайтын еңбек қой бұл!
Жағдайдың нашар халде екенін Бенедикт ағайдың сезбегені анық
болды. Бейшара ғалымның өзі болсын жəне оның қасындағы Дик пен
Том қарттан басқа жолдастары болсын өздерін Америкадамыз деп
сенген еді.
Бұл сенімдерінің қате екеніне көздерін жеткізу, айырықша бір
уақиға болмайынша мүмкін емес.
Бенедикт ағай əңгімесін аяқтағанда уақыт кешкі сағат тоғыздың
шамасы болып қалған еді. Энтомологиялық əңгімені маужырап
тыңдаушылардың көпшілігі ұйықтап кеткенін ғалым байқады ма екен?
Сірə, байқамаған шығар. Бірақ Бенедикт ағайға тыңдаушының да
керегі жоқ-ты. Ол тек қана өзі үшін айтып отырған. Геркулес


басқалардан гөрі ұйқымен көбірек тіресті, бірақ жол азабынан қажып
əбден шаршаған алып кешікпей-ақ көзін жұмып ешнəрсені естімеді.
Егер ұйқы жеңбегенде, Бенедикт ағай əлде де болса мылжыңдап
беталды лаға берер еді, бірақ ақырында өзінің таңдап алған «үстіңгі
текшесіне» шығып ұйқыға кірді.
Күмбез іші тым-тырыс, бірақ далада күн күркіреп, найзағай
жарқылдап, дауыл əлі соғып тұр. Жуық арада жел басылып, күн
ашылады дерлік үміт жоқ.
Фонарь өшіп күмбез ішін қараңғылық басты.
Жолаушылардың бəрі қатып ұйықтап жатқан тəрізді. Бірақ
қаншама шаршап қажыса да Диктің ұйқысы келер емес, оның еңсесін
ауыр ой басқан. Бар ойлағаны қайткен күнде де жолдастарын аман
алып қалудың амалы еді. Жолаушылардың бар қайғы-қасіреті
«Пилигримнің» апатқа ұшырауы ғана емес-ті. Егер олар жергілікті
халықтың қолына түсе қалса, жаңа қайғыға, өте-мөте ауыр қайғыға
ұшырайды.
Бірақ өздеріне төнген көп қауіптің ішіндегі ең қатерлісі мұхит
жағалауына баратын жолда кездесетін бəле-бəтерден кішкене отрядты
қалай аман алып қалу керек? Гэррис пен Негоро жолаушыларды
Анголаға тегіннен-тегін əкелмеген. Бірақ оңбаған португал бұдан не
пайда тапты? Ол сұмырай соншама неге жəне кімге өшікті? Негоро тек
жалғыз мені ғана жек көріп, мені ғана күндейді деп Дик өзін өзі
сендіруге тырысты. «Пилигриммен» теңізде жүрген шағында
кездескен уақиғаларды қайта-қайта ойлап апатқа ұшыраған
«Вальдекке» кездескенін, кит аулап жүріп капитан Гульдің барлық
командасымен бірге қаза тапқанын тағы есіне түсірді... Дик Сэнд өзі
он бес жаста бола тұрса да капитан болғанын, Негоромен керісіп
қалғанда капитандық өкімді пайдаланып португалды капитан əміріне
— өзіне бағындырғанын, кісендеймін, тіптен атып тастаймын деп
қорқытқанын есіне түсірді. Əттегене-ай, ол залымды сонда-ақ неге
ғана жайратпады екен? Егер Дик Сэнд сол кезде Негороны теңізге
тастаған болса, бұл сияқты жан түршігерлік қайғылы уақиға болмас та
еді!..


Бала жігіт осы уақиғаларды есіне түсірді.
Ол «Пилигримнің» апатқа ұшырағанын ойлады. Бейбіт жатқан
Боливия жері деп шамалағаны бірте-бірте Анголаға, безгегі кісі
өлтіретін, жабайы адамы жабайы аңнан да жаман, үрейлі Анголаға
айналып бара жатқанын ойлады! Ат төбеліндей отряд мұхитқа баратын
жолда бұл сияқты қауіп-қатердің қай-қайсысына болса да кездеспей
кете алар ма екен? Мұхитқа салмен жетеміз деген жобасын Дик Сэнд
жүзеге асыра ала ма? Жол жүрудің бұл əдісі құрғақпен жаяу жүргеннен
гөрі адамды мойытпайтын, қатерсіз сенімді əдіс деп шамалауға бола
ма?
Дик Сэнд алдағы жүретін жүз мильдік жана сапарға миссис
Уэлдонның өзі де, кішкентай Джек те шыдай алмайтынын жақсы білді.
«Бір жақсы жері,— деп ойлады ол,— халіміздің өте нашар
жағдайда екендігін миссис Уэлдон да жəне басқалардың да ешқайсысы
сезген жоқ! Негороның кемені Африкаға келтіргенін, оның сыбайласы
Гэррис бізді адастырып елдің алыс түкпірі Анголаға əкелгенін Том
қартпен екеуміз ғана білеміз!»
Əлдекімнің жылы лебі Диктің маңдайына тигендей болды.
Талдырмаш нəзік қол жасөспірімнің иығына асылды. Алқынған бір
дыбыс оның құлағына сыбырлады:
— Байғұс бала, мен бəрін де білемін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет