Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж
Геркулес».
Демек, миссис Уэлдон да, кішкентай Джек те тірі екен. Олардың
бізбен бірге болмағаны қандай жақсы: жарық дүниенің мына дозақтай
азабына төзе алмас еді олар.
Китанда дегені талдан тоқылған зембіл, мұны екі адам иығына
салып көтеріп жүреді. Үстіне жұқа матадан көлеңке етіп масахана
құрып қояды.
Сөйтіп, миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті китандаға мінгізіп
əкетіпті. Бұлар Гэррис пен Негороның несіне қажет болды екен?
Шамасы ол оңбағандар Казондеге бет алған. Ие, ие, əрине, ешқандай


күмəні жоқ. Оларды сол арадан іздеймін! Дингоның маған хабар
əкелгені не деген қуаныш! Осы қуаныштың арқасында соңғы
күндердегі көрген қорлықтарымды түгелдей ұмытып та кеттім.
11—15 май. Керуен ұдайы алға баса берді. Тұтқындағылардың халі
күннен күнге нашарлай түсті... Көбінің қаны судай сорғалап жерді
қып-қызыл қып бояп бара жатыр. Казондеге жету үшін əлі кем дегенде
он рет көшіп қону керек деп шамаладым. Межелі жерге жеткенше
қанша адам өліп азаптан мəңгі құтылар екен? Бірақ мен онда тірі
жетуге тиіспін! Жетемін! Жетемін де!
Сұмдық қой бұл! Құлдар керуенінде бүкіл денесін жара басып
қаны сорғалап тұрған сорлылар бар. Терісі сыдырылып қалған
жалаңаш етке шынжыр батып кеткен.
Бір əйел аштан кеше өліп қалған баласының өлі денесін əлі көтеріп
келе жатыр. Баласының сүйегін көзі қиып тастағысы келмейді.
Артта қалып бара жатқан жолдың үсті адам өлігінен көрінбейді
десе де болады. «Желшешек» індеті ұлғая түсті.
Түбінде бірнеше адамның өлігі жатқан бір ағаштың қасынан өттік.
Өліктер ағашқа шынжырлаулы жатыр. Бұлар бірер кінəсі үшін жазаға
ұшыраған, аштан өлсін деп ағашқа шынжырмен байлап кеткен
еріксіздердің өлігі еді.
16—24 май. Дымым құрып жығылудың аз-ақ алдында келе
жатырмын, бірақ босаңдыққа ерік бермеуім керек. Мен жетем деген
жеріме жетіп жығылуға тиіспін. Жаңбыр басылып күн шайдай
ашылып кетті. Шыжып тұрған ыссыда жүру күннен күнге қиындай
берді. Айдаушылар үсті-үстіме шыбыртқы салып, жол тіп-тіке өрге
қарай тырмысып бара жатыр.
Кеше биік те қатты шөп өскен жермен жүрген едік. Шөптің сабағы
бетімді тырнап, дəнді тікенектері үстімдегі қомытымнан өтіп денеме
қадалғанда жанымды қоярға жер таппадым.
Бір жақсы жері, менің көн етігім мықты, тозатын емес.


Хавильдарлар, ауырып, əлсіреген нашар адамдарды керуеннен
бөліп қалдыра бастады: өйткені адамдарға азық жетпеу қаупі төнген.
Егер солдаттар мен жүк көтерушілердің үлесті азығы азайтылып
еріксіздерге беретін болса, олар жанжалдың зорын шығарады.
Керуенбасылар жетіспей қалған азықтың есесін еріксіздердің есебіне
жатқызатын-ды.
— Мейлі, бірінің етін бірі жесін! — дейтін керуенбасылар.
Дені сау жап-жас кейбір еріксіздер жүріп келе жатып бірден
жығыла кетеді де, табанда жан тапсырады. Мұндай жағдайды
Ливингстонның да жазғаны есімде бар-ды. «Ол сорлылар,—деп жазып
кеткен Ливингстон,—қапелімде жүрегім ауырып бара жатыр дейтін.
Жүрегін қолымен басып жығылады да өледі. Мен оларды жүрегі
жарылып өлетін болар деп шамалаймын. Бұл сияқты қапыл өлімді
еркін жүріп, сосын бірден құлдыққа айналған адамдардан көбірек
көрдім. Олар тағдырдың мұндай сұмдық азабына көндікпеген
адамдар».
Бүгін хавильдарлар əлсіреп керуенге ере алмаған еріксіздердің
жиырма шақтысын балтамен шауып тастады. Ибн-Хамис мына
қасапты өз көзімен көріп тұрса да, оған тыйым салып, тіл қатпады. Бұл
барып тұрған сұмдық, жан түршігерлік көрініс қой!
Бас сүйегі қақ айрылып кəрі Нан да жығылып қалды. Мен оның өлі
денесіне сүрініп жығылдым. Тіптен марқұмды жерлей де алмадым.
Бұл кəрі кемпір апатқа ұшыраған «Пилигрим» жолаушыларынан
шыққан алғашқы шығын.
Ой, бейшара Нан!..
Түн болса Дингоны күтетін болдым. Бірақ жанашыр төбет енді
қайтып оралмады. Ол тағы бір бəлеге ұшырамады ма екен? Мүмкін,
Геркулес бір қатерге кездесіп қалған болар? Жоқ... жоқ! Бұған менің
иланғым келмейді! Геркулестің хабарласпау себебі: оның білдіретін
жаңалық хабары жоқ шығар. Бұған қосымша, ол өте сақ жүруі керек,
нəтижесіз тəуекелге көз жұмып ұмтылуға болмайды...»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет