«С», «В».
Геркулес ескегін бар пəрменімен есіп,
қайықты жағаға қарай
бұрды. Бір жақсы жері, өзен ағысы əлі де болса екпіндей қоймаған-ды,
өйткені өзен арнасы бірден құлдилап кетпей, құламаның дəл өзіне
жеткенше бір қалыпты еңкеулеп барады екен.
Өзеннің сол жақ беті қарауытып тұрған орман. Орманның басын
бүркеген қалың жапырақ күн сəулесін түбіне түсірмей қалқалап тұр.
Дик Сэнд бұл араның адам жеушілер мекені екенін білді де, жерге
мұңая қарады. Жолаушылар енді өзен жағалап жаяу жүрулері керек,
əйтпесе қайықты сүйреп су құламасынан айналып өту мүмкін емес.
Бұлай етуге кішкене отрядтың шамасы да келмес еді.
Өзен сағасына орналасқан Португалия еліне бүгін бе,
ертең бе
жетеміз деп дəмеленіп, əбден қажып біткен адамдарға бұл не деген
ауыр соққы десеңізші! Қайық сол жақ жағалауға таяп қалды. Жерге
жақындаған сайын Дингоның мазасы кетіп, қыңсылай берді.
Дик Сэнд əрдайым сақ келе жатқан, өйтпеске де лажы жоқ-ты.
Жан-жақтан төніп тұрған қауіп бар. Дик иттен көзін алмай қарап тұр,
бұл қалай, орманның қалың жерінде жабайы адамдар жасырынып тұр
ма, əлде жыртқыш аң бар ма екен? — деп ойлады.
Бірақ Дингоның
неліктен тынышы кеткені кешікпей-ақ мəлім болды.
— Динго жылап үре ме, қайтеді? — деді кішкентай Джек.
Бала кішкентай қолымен есті төбетті мойнынан құшақтады.
Бірақ Динго баланың қолынан жұлқынып шығып, секіріп барып
суға қойып кетті. Қайық жағаға тірелгенше,
төбет судан шығып биік
шөптің арасына кіріп жоқ болды.
Миссис Уэлдон мен Дик Сэнд иттің бұл қылығын қалай жоруға
білмей біріне бірі қарап қалды. Бірнеше секундтан соң қайықтың
тұмсығы су өсімдігінің жасыл көбігін жайымен жара барып тоқтай
қалды. Бұлардан үріккен
бірнеше балшықшылар, қардай аппақ
аққұтандар құлақты жара шулап ауаға көтерілді. Геркулес суға төніп
тұрған мангфир ағашына қайықты мықтап байлап, жолаушылар жерге
түсті.
Орман арасында ең болмаса жалғызаяқ жол жоқ, əйтседе кей
жерлердің
шөбі жапырылып қалған, бұл жуық арада адам немесе аң
жүріп өткенінің белгісі еді.
Диктің қолында оқтаулы мылтық, Геркулес беліне балта қыстырып
алған, бұл екеуі отрядтың алдында келе жатыр. Бұлар он қадам
жүрмей-ақ Дингоның үстінен түсті. Ақылды төбет жер иіскелеп,
оқтын-оқтын маңқ ете түсіп, із кесіп жүр. Ол əлдекімнің
ізімен өзен
жағасына келді де, қайтадан орман қойнына еніп кетті.
— Сақ болыңдар!—деді Дик Сэнд.— Миссис Уэлдон, сіз Джекті
қолынан ұстап жүріңіз.
Бенедикт мырза, сіз қалып қоя көрмеңіз!
Геркулес, сен сақ болғайсың!
Динго қайта-қайта артына қарап қойып, бейне бір тезірек жүріңдер
дегендей, мазасыздана қыңсылап бара жатты. Ол кешікпей-ақ кəрі
анжир ағашының түбіне барып тоқтады.
Онда анжирге жапсыра салынған, бір жағына қисайып қаусап
біткен лашық тұр.
— Əй, кім бар мұнда? — деп айқайлады Дик Сэнд. Ешқандай
жауап қайтпаған соң лашыққа кірді. Миссис Уэлдон мен басқалары да
ере кірді.
Лашықтың еденінде қурап ағарып кеткен сүйектер
шашылып
жатыр.
— Мұнда адам өліпті! —деді миссис Уэлдон.
— Бұл адамды Динго таниды екен! — деп қостады Дик Сэнд.—
Сірə бұл адам иттің қожасы болар. Ана қараңызшы!
Дик Сэнд лашықтың бір қабырғасын тұтас алып тұрған анжир
ағашына қарай қолын шошайтты.
Ағаштың қабығы аршылған жерінен, оның өше бастаған үлкен екі
қызыл əріп көрініп тұр.
Динго бұл əріптерді жолаушыларға көрсеткен сияқтанып аяғын
ағашқа тіреп тұрған.
— «С» «В»! — деп Дик айқайлап жіберді.— Бүкіл алфавит
арасынан Дингоның өзі танитын екі əріп қой мынау! Оның
қарғыбауына ойып жазылған екі əріп осы!
Дик кенет тына қалды. Ол бұрышқа таман барды да еңкейіп жерден
бір кішкене қобдиша алды, қобдиша көгеріп шіри бастаған. Дик Сэнд
қобдишаны
аша бергенде, ішінен бір жапырақ қағаз жерге түсті.
Қағазда мына сөздер жазылған екен:
Достарыңызбен бөлісу: