Жюль верн. Он бес жасар капитан



Pdf көрінісі
бет40/41
Дата19.05.2022
өлшемі4,71 Mb.
#144105
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Он-бес-жасар-капитан
Теңдеу 25,01, 1. Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнект (1), Ерімбет Әлібек 1, Алгебра 1-тоқсан 10-сынып ЖМБ (1), 13 Презентация13 (1) сонгы, Суюнхан Ж


СОҢҒЫ СӨЗ
Жолаушылар екі күннен соң 20 июльде Конго сағасындағы Бумға
бара жатқан керуенге кезікті. Бұл құл саудагерінің керуені емес,
Европаға піл сүйегін апара жатқан Португалия саудагерлері еді. Олар
қашқындарды аса құрметпен қарсы алды. Жолаушылар жолдың ендігі
қалған үлесін қиналмай жақсы өткізді.
Саудагер керуенінің кездесуі қашқындар үшін зор бақыт болды.
Өзен сағасына салмен жетеміз деген Диктің үміті жайына қалды.
Стенли осы өзенді бойлай жүзген кезінде, Нтамодан бастап Иеллаға
жеткенше жетпіс екі жерде сарқырама барын анықтаған. Бұл
сарқырамалардан қайықтың қандай мықтысы болса да аман өте алмас
еді.
Августың он бірі күні миссис Уэлдон, кішкентай Джек, Дик Сэнд,
Геркулес пен Бенедикт ағай — бəрі аман-есен Бомға жетті, олар бұл
жерде шын ықыласпен қарсы алынды. Мұнда Панама бұғазына
баратын американ пароходы бар екен, жолаушылар сол пароходтың
жүргелі жатқан қарсаңына дəл ілінді. Миссис Уэлдон жолдастарымен
бірге сол пароходқа мініп, аман-есен Америкаға жетті.
Сол күні Сан-Францискоға жіберілген телеграмма, күтпеген
жерден əйелі мен баласының өз еліне қайтып оралғаны жайлы мистер
Джемс Уэлдонға қуанышты хабар жеткізді.
Ақырында 
жолаушылар 
августың 
жиырма 
бесі 
күні
Калифорнияның бас қаласына келді. Шіркін, Том бастаған ана негрлер
де бұлармен бірге болар ма еді!..
Дик пен Геркулестің ендігі тағдыры туралы не айтуға болады?
Уэлдон семьясының біреуі баласы, біреуі досы болды.


Джемс Уэлдон бала капитан мен Геркулеске сан жеткісіз борышты
екенін өзі айтып өзі мойындады.
Негороның Сан-Францискоға жетіп үлгірмегені өте оңды болды.
Əйелі мен баласын тұтқыннан сатып алу үшін мистер Уэлдонның бар
байлығын аямайтыны өзінен езі түсінікті. Ол əйелі мен баласының
хабарын естіген сағатта-ақ Орталық Африкаға жол тартатыны сөзсіз
еді, бірақ оның ол жақтан аман-есен өз еліне қайтып оралуы екіталай.
Бенедикт ағай туралы бірнеше сөз айта кетуге тура келер. Ол Сан-
Францискоға қайтып келген күні Джемс Уэлдонның қолын қысып
асығыс амандасты да, өзінің кабинетіне кіріп кетті. «Бенедикттің алты
аяқтысы» «hexapodes Веnedictus» туралы энтомологиялық ғылымға бір
жаңалық енгізуге тиісті зор еңбегін жазуға асыққан еді.
Ол өзінің жəндіктер коллекциясымен лық толы кабинетіне кірген
бойда, бəрінен бұрын көзілдірік пен лупа іздеді. Бірақ өзінің ұзақ
саяхатта жүріп Африка жəндіктерінің бірден-бір уəкілі ретінде əкелген
жəндігін лупамен анықтап қарағанында, ғалымның кеудесінен опық
жалыны лап етіп тысқа тепті. «Əттегене-ай!» Тіпті де алты аяқты емес
екен! Кəдімгі өрмекшінің өзі! Жəндіктің алдыңғы екі аяғы кем
болатын, сондықтан оның сегіз аяғы болу орнына алты аяғы ғана бар-
ды. Ал оның екі аяғы кем болу себебі, Геркулес өрмекшіні ұстаған
кезде оның алдыңғы екі аяғын байқамай жұлып алған-ды. Сөйтіп,
ғылыми көзбен қарағанда «Бенедикттің алты аяқтысының» ешқандай
құны болмай қалды. Бұл кез келген жерден табыла беретін кəдімгі
өрмекші, олардың ішіндегі əрі мүгедегі болып шықты. Бенедикт ағай
бұл соққыны көтере алмай қатты ауырып қалды. Бірақ сəті түсіп
науқасынан тез айықты.
Үш жылдан соң кішкентай Джек сегізге толды. Ол мектепке барып
оқи бастаған еді, Дик Сэнд өзінің міндетті сабағынан уақытын бөліп,
Джектің сабақ дайындауына жəрдемдесіп жүрді. Дик Сэнд Сан-
Францискоға келісімен бар ықыласын сала оқуға кірісті. Адамға тəн
намыс пен ар-ұят оны да іштей жеп жүрген: білімнің кемістігінен өзіне
сеніп тапсырылған алғашқы кемені апат еткені үшін қынжылып өзін
өзі кінəлап жүрген.


«Ие,— деді ол өзіне өзі,— мен «Пилигримді» басқарған кезімде
нағыз теңізшінің біліміндей білімім болса, олардың барлық білгенін
мен де білсем, мұншалықты қауіп-қатер мен сəтсіздіктен аулақ болар
едік-ау!»
Дик Сэнд осылай ойлады. Оның он сегіз жасында теңіз мектебін
өте жақсы деген бағамен бітіріп, капитан атағы диплом алып Джемс
Уэлдонның бір кемесіне командир болып қызметке орналасуы таң
қаларлық іс емес.
Дик Сэнд толысып жетпеген жас болса да, өзін өзі жалпы көпке
таныта білді. Оның ерлігі мен батылдығы сыйлауға əбден лайық еді.
Диктің қызметтен бос уақыты сирек болатұғын, қалт еткен
минуттарында құлдыққа сатылып кеткен Том қартты, Батты, Актеон
мен Остинді ойлап қамығушы еді. Олардың мұншалықты
бақытсыздыққа ұшырауына өзін кінəлі санайтын-ды.
Миссис Уэлдон да өзінің бұрынғы жолдастарының ауыр халдерін
оңдап, өнебойы қынжылумен жүрді. Олар өздерінің сорлаған
жолдастарын егер қолдарынан келсе жер мен көкті тұтас шарлап
іздеуге əзір еді. Ақырында Джемс Уэлдонның сауда дүниесімен
байланысты болуы арқасында төрт негрдің ізін табуға мүмкіндік
болды. Том қарт жолдастарымен бірге кешікпей-ақ құлдық тəртібіне
тыйым салынған Мадагаскардан табылды. Дик Сэнд оларды
құлдықтан сатып алу үшін өзінің тапқан-таянғанын түгел бергісі келіп
еді, бірақ Джемс Уэлдон өз қаражатын жұмсауға ұйғарды. Сөйтіп, 1877
жылы он бесінші ноябрь күні қара өңді төрт адам келіп Джемс
Уэлдонның есігін қақты. Бұлар Бат, Том қарт, Актеон мен Остин еді.
Соншама қайғы қасірет пен азаптан аман құтылған бұл ержүрек
адамдардың алдында тағы бір қауіп тұрған. Жоғалып табылып,
сағынысып қалған достар көріскен кезде, қорыққаннан қуанған жаман,
жүректері жарылып кетпес пе екен?
Төрт негр келген күні Джемс Уэлдонның үйінде айта қаларлықтай
той болғаны өзінен өзі мəлім. Бəрінен гөрі «Он бес жасар капитан»
Дик Сэндтің құрметіне арнап миссис Уэлдонның тост көтеруі
жиналған жұртты шаттыққа бөледі.


с о ң ы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет