Жқз мәліметтерін өҢдеуге арналған бағдарламалар



бет1/4
Дата06.10.2024
өлшемі1,01 Mb.
#205696
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 10 АФР каз


ЖҚЗ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР
Қарапайым, аталған сферада білімі жоқ тұтынушылар үшін жерді қашықтықтан зондылау мәліметтерін алуға және өңдеуге байланысты сұрақтарды шешу мақсатында 2008 жылы «MapExpert» ғаламторлық желілік тобы құрылған. Бұл жерде Жердің қашықтықтан зондылау мәліметтерімен қатар ТМД мемлекеттерінің аумағында қолданылатын геоақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдану аясында ақпараттар жинақталған.
Топ ЖҚЗ және ГАЖ технологиялары саласындағы жоғары дәрежелі, тәжірибелі мамандардан құралған.
Топтың негізгі бағыттары:
1. ЖҚЗ және ГАЖ технологиялар бойынша ақпараттарды тарату мен қамтамасыз ету;
2. ЖҚЗ мәліметтерін өңдеу бойынша кеңес беру;
3. ЖҚЗ мәліметтерін тақырыптық өңдеу, картографиялық ақпараттарды сандық түрге ауыстыру мен векторизациялау, сандық карталар құрастыру;
Аталған бағдарлама тұтынушыларға ЖҚЗ мәліметтері мен ақпараттарды өңдеуге, лицензиясы бар бағдарламаларды қайдан алуға болатындығы жайлы мәліметтермен қамтамасыз ететін, олармен жұмыс істеу барысын жеңілдетуге арналған. Негізгі ГАЖ жүйесіндегі бағдарламалар құрамына ArcGIS, MapInfo, ГИС Карта бағдарламалары кіреді. Ғарыштық суреттерді өңдеуде ENVI, ERDAS бағдарламалары, ғарыштық суреттерді жүктеуге арналған SAS.Планета бағдарламалары қолданылады.

ArcGis геоақпараттық мәліметтерді өңдеу бағдарламасына жалпы шолу


ArcGis ГАЖ жеке немесе топтық жұмыс жасайтын қолданушылар ортасында кең масштабты түрде қолданылады. ArcGis жетілдірілген ГАЖ-өнімдерінің арасындағы жетілдірілген бірден-бір бағдарлама деп айтуға болады. Бұл бағдарламалық өнімнің ГАЖ саласында түрлеріне байланысты: үстел үстілік ГАЖ, кіріктірілген ГАЖ, желілік ГАЖ және мобильдік ГАЖ үшін арналған бірнеше нұсқалары бар (сурет 1.1.).



Сурет 1.1. ГАЖ түрлеріне байланысты ArcGis өнімдерінің нұсқалары
Аталған жүйелердің құрамына келесі құрамдық компоненттер кіреді:

  • ArcGIS Desktop - жетілдірілген, мамандандырылған үстел үстілік ГАЖ-қосымшалардың жиыны.

  • ArcGIS Engine бағдарлама әзірлеушілердің қолданыушылық ГАЖ-қосымшаларын дайындау барысында қосымша кіріктірілген компоненттерін қатар енгізуі.

Кіріктірілген ГАЖ таңдалынған ГАЖ-компоненттеріне қосылу үшін ГАЖ қолданушылары арасында өз ұйымының төңірегінде белгілі бір тапсырмаларды шешуге бағытталған. Осының арқасында күнделікті жұмыс кезінде бағдарламаларды қолданушы мамандар қарапайым реттелген интерфейстер көмегімен ГАЖ функцияларын еркін қолдана алады.

  • Желілік ГАЖ - ArcSDE®, ArcIMS® и ArcGIS Server; ГАЖ қолданушылар орталықтанған желілік ГАЖ ірі ұйымдар арасында және де көптеген сыртқы қолданушылармен ғаламтор желісі арқылы географиялық білімдерімен және ГАЖ төңірегіндегі мақалалармен алмасып отыру үшін әзірленген.

  • Мобильдік ГАЖ - ArcPad, сонымен қатар ArcGIS Desktop және Tablet PC үшін Engine.

ArcGIS ортақ модульдік, ГАЖ-компоненттік бағдарламаларға бөлінетін, кітапхана негізінде жасалған. Бұл бағдарлама жиыны ArcObjects деп аталады. Белгілі бір тапсырмаларды ғана орындауға арналған мобильдік компьютерлердің пайда болуларына байланысты, ГАЖ құралдары кеңседен далалық жұмыстарды орындайтын аймақтарға ауысуда.
GPS ғаламдық позиционерлеу жүйесімен жабдықталған желісіз қызмет атқаратын мобильді құрылғылар далалық өлшеу жұмыстарының нәтижелеріне рұқсат алу арқылы кеңінен қолданылады.
ArcObjects құрамына бағдарламалық компоненттердің кең жиыны кіргізіледі, онда қарапайым объектілермен қатар (мысалы, жеке геометриялық объектілер) күрделі объектілерді де (мысалы, ArcMap құжаттарымен карта объектілерінің әрекеттесуін) орындауға болады. Әрбір ArcGIS өнімдерінің топтамасы ArcObjects негізінде әр түрлі қолданбалы әдістердің көмегімен жасалынған. ArcGIS Desktop өнімдері дамытылған ГАЖ-қосымшалар жиынтығынан тұрады. Оның құрамына төмендегі қосымшалар енгізілген:

  • ArcМар - ArcGIS Desktop қосымшасының басты мүшесі, бұл қосымша көмегімен барлық картографиялық тапсырмалар орындалады. Яғни, карталарды құру мен тарату, карталардағы ақпараттарды сараптау және түзетулер енгізу тәрізді жұмыстар атқарылады

  • ArcCatalog – ГАЖ ақпараттарын іздестіру мен қолдануға және құрылымдауға қолданылады. Стандартты мәліметтер негізінде ақпараттарды сұрыптауға арналған. Оның құрамындағы құрал-саймандар географиялық ақпараттарды қарастыруға және іздеуге, жазып алуға, ақпараттарды басқаруға, анықтауға, геоақпараттар базасының дизайны мен құрылымын экспорттау мен импорттауға, желілік тор мен Web жүйелер арқылы ГАЖ ақпараттарын іздестіруге, ArcGIS Server жүйесіне әкімшілік жасауға мүмкіндік береді.

  • ArcToolbox – геоөңдеулерге арналған құрылымдық құрал-саймандар жиыны, бұл қосымша геоөңдеулерді құруға, қолдануға, құжаттамаларын жасау мен модельдерін алмастыруға мүмкіндік береді.

  • ArcGlobe – географиялық ақпараттарды интерактивті режимде үздіксіз қарастыруды қамтамасыз етеді.

ArcGIS Desktop үш функциональды кезеңді қамтиды:

  • ArcView – заманауый картографиялық құрал-саймандармен жабдықталған және де геоақпараттарды өңдеу мен түзетуге арналған бастапқы мүмкіндіктер береді (сурет 1.2.).



Сурет 1.2. ArcView бағдарламасының геоақпараттарды өңдеу мен түзетуге арналған қосымша функциялары.



  • ArcEditor – ArcView қосымшасының барлық ерекшеліктерін қамтиды және шейп-файлдар мен геоақпараттар базасын өңдеуге қатысты дамытылған мүмкіндіктерге ие (сурет 1.3.).




Сурет 1.3. ArcEditor геоақпараттарды өңдеу мен түзетуге арналған қосымша функциясы.





  • ArcInfo - толық функциональды, басқа бағдарламаларға қарағанда күштірек үстел үстілік ГАЖ-жүйе. Оның құрамына ArcView және ArcEditor функцияларының барлығы дерлік кіреді. Сонымен қатар геоөңдеуге деген кең мүмкіндіктермен жабдықталған.




Сурет 1.3. ArcEditor геоақпараттарды өңдеу мен түзетуге арналған қосымша функциясы


ArcGIS Desktop – өнімдерінің қосымша модульдері өте көп, олар базалық өнімдер санын көбейтіп қана қоймай қосымша мәселелердің шешімдерін табуға, яғни растрлық суреттерді геоөңдеуге және үш өлшемді сараптамалар жасауға мүмкіндіктер береді. Барлық қосымша модульдер кез-келгенбазалық өнімдермен ArcView, ArcEditor және ArcInfo сәйкестікте жұмыс атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет