4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (қаныққан бу) 5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы. (инерция) 6. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток) 7. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен
араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия) 8. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу) 9. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым) 10. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон) 11. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу) 12. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама. (жылдамдық) 13. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану) 14. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі
(жылу өткізгіштік) 15. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады) 16. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі.(механикалық қозғалыс)