1 минут үнсіздік Ат ауыздығымен су ішкен
Ер етегімен су кешкен
Сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз «Шығыс жұлдыздары» Әлия Молдағұлова мен Маншүк Маметова асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан.
«Ерлік керек қайда да?»
Іштей айтып осы әнін
Барады Әлия майданға,
Қорғаймын деп Отанын
Қазақ қызы ғажайып,
Мерген болған аты аңыз
Қаhарманы халықтың,
Мақтанышы апамыз.
ІІ-жүргізуші:Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында туылған. Ата- анасымен ерте айрылған ол, Алматыға келеді. Сонан кейін Москва мен Ленингратта армияда қызмет ететін ағасының қолында тұрады.1942 жылы аяғында 17 жасар комсомол қыз Ленинградтағы мергендер мектебіне өз тілегімен кіріп, оны өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады.
Көрініс:Қаңыраған қираған
Қабырға –ауладан
Плакат тұр қарап,
Тұр қарап дәл маған
Тұрғандай жазалап
Жүзі де сұсты оның
«Сен бүгін азамат»,
Майданға не істедің?
«Не істедің? Не істедің?»
Күткенім осы еді........
Ақыры келді күн
Военком есігін,
Аттадым мен бүгін.......
Әлия: Жолдас комиссар, мені соғысқа жіберуіңізді өтінемін, - деді жасы орташа келген полковникке кіріп барып.
Комиссар:
Соғысқа? Қалайша соғысқа?
Әлия:
Иә соғысқа мен кішкентаймын, білемін олай екенін бірақ мен баруым керек.