Қазақ тілі
Ғылыми жаңалықтар мен технология
(8-сынып)
|
Әлеуметтік, білім және жалпы тақырыптар жайлы өз көзқарасын қоса отырып, диалог және монолог құрастырып айту
|
Ғылыми жаңалықтар мен технология түрлеріне байланысты жаңа сөздер, терминдермен танысады және жаңа технологиялар туралы бейнематериалдарды тыңдайды. Мәтіндердің стильдік және құрылымдық ерекшелігін сақтай отырып, өзі таңдаған ғылыми жаңалықтардың біріне монолог құрастырады
|
География
«Қазақстандағы туризмнің дамуы» тарауы
(11-сынып)
|
Бизнес мүмкіндіктерін анықтай алу;
зерттеу жоспарын дайындай алу;
бизнес жоспарды дайындай алу;
жобаны ұсына алу
|
Оқушылар туризмнің белгілі бір облысын зерттейді, туризм бойынша жоба үшін бизнес жоспар дайындайды және барлық топтар алдында ұсынады. Бизнес жоспарда туризмді дамыту үшін әр түрлі географиялық жерлердің артықшылықтары, сол сияқты дамуға кедергі келтіретін кемшіліктеріне баса назар аударылады
|