| | |
Қазақстан тарихы
Қазіргі Қазақстан қоғамына дін қалай әсер етеді?
(10-сынып)
|
Қазіргі мемлекеттік саясаттың дінаралық келісім және ішкі тұрақтылыққа ықпалын анықтап, бағалау
|
Конфессия, ар-ождан бостандығы, зайырлы мемлекет, толеранттылық ұғымдарын қолдана отырып, Қазақстандағы қазіргі діни жағдайды талдайды
|
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Қазақстанның идеологиясы мен құндылықтары
(11-сынып)
|
Әлемдік құндылықтар жүйесіндегі Қазақстанның алатын орнын, болашақ идеологияның бағыттары қалай айқындалатынын білу
|
Оқушылар құндылықтар мен идеологияның функцияларын анықтайды, түрлі адамдар мен ұйымдардың құндылықтары мен идеологиялық ұстанымдарын талдайды, салдар-себептерін түсіндіреді.
Еліміздің құндылықтары мен идеологиясының негізгі бағыттарын 350 сөзден тұратын шағын монолог арқылы шетелдік азаматқа баяндап береді
|
Құқық негіздері
Неліктен Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі болып табылады?
(9-сынып)
|
Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау
|
Оқушылар Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін анықтау үшін ҚР Конституциясымен танысады, баптарын талдайды. Адамның және азаматтың бостандықтарын қарастырған кезде, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет екенін және кез келген адам қандай дінді ұстанатынын таңдау еркіндігі бар екенін тұжырымдайды
|