Тестің түрлері:
1) Толықтыруды қажет ететін тест
– мәтінде, сызуда, формуланың
жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын
қалдырылады.
2) Еске алушы тест
– тест сұрағына жауап қандай бір факт, заң
мағынасы, ережелер түрінде беріледі. Мұнда нақты қойылған сұраққа біржақты
жауап берілуі тексеріледі.
3) Балама жауаптары бар тест
– қандайда бір шешімнің дұрыс немесе
бұрыс екенін табу ұсынылады. Жауап бергенде «+» немесе «-» белгілері
қойылады не «ия», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» сөздері жазылады.
4) Таңдамалы тест
– бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс біреуі
таңдалады, жауаптар саны үшеуден кем болмауы тиіс.
5) Сәйкестік (салыстыру) тест
– тапсырмалар екі бағандағы бір-
бірімен мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді,
мәліметтерді табуға құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |