39
Жоғарыда аталған қызметтерді талдау
арқылы басқару мазмұнын екі
топқа бөліп қарастыруға болады:
1)
ұйымдастыру-бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-
әрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін
біріктіру,
жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б.)
2)
басқарушылар іс-әрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру,
қаржы
көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-әрекеттердің
технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару
қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің
негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық
тұрғыдан қызықтыру
(еңбек өнімі және сапасы, санаттары мен атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақы
тағайындау);
- әкімшілік-ұйымдастыру әдістері (орындаушылар
қызметтерінің шек-
өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);
- психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек
білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (шуақты психологиялық ахуал
қалыптастыру, шығармашылық пен
ынталылық сезімдерін көтеру, білім
мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтер мен оқушыларды білім
мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық әсер әдістері (ұжымда
демократияны нығайтып, басқалармен
қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме
қызметкерлерінің беделі мен
мәртебесін ұлықтау).
Достарыңызбен бөлісу: