К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет45/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

педагогикалық талдау 
(оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім 
мекемесінің 
материалдық 
қорын, 
қаржы-экономикалық 
жағдайын 
педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге 
байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, 
ұсыныстар беру (7-сурет).
Сурет-7. Басқарудың негізгі қызметтері 
 
Мақсатты анықтау
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Ынталандыру
Қадағалау
Педагогикалық талдау 


39 
Жоғарыда аталған қызметтерді талдау арқылы басқару мазмұнын екі 
топқа бөліп қарастыруға болады:
1) 
ұйымдастыру-бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-
әрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру
жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б.)
2) 
басқарушылар іс-әрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, 
қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-әрекеттердің 
технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару 
қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің 
негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру 
(еңбек өнімі және сапасы, санаттары мен атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақы 
тағайындау); 
- әкімшілік-ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-
өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);
- психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек 
білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (шуақты психологиялық ахуал 
қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім 
мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру); 
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтер мен оқушыларды білім 
мекемесін басқаруға араластыру); 
- қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен 
қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен 
мәртебесін ұлықтау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет