Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Азот молекуласының химиялық инерттілігін түсіңдіріңдер.
2. Азот табиғатта бос күйінде және қосылыста кездеседі, ал фосфор тек қосылыстарда ғана кездеседі. Неге?
3. Азот оттегінде тотыққанда қай оксид түзіледі? Неге
4.Зертханада аммиакты алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
5. Сұйық аммиактың өздігінен ионизациялануының теңдеуін жазыңдар.
6. Өте таза азотты натрий азидін қыздырғанда оның айырылу реакциясы арқылы алады: а) осы процестердің ∆Нº298 және ∆Sº298есептеңдер; б) бұл процестер қайтымды ма, әлде қайтымсыз процестер ме?
7. а) азотқа; б) аммоний тұзына; в) азот қышқылына; г) алюминий нитридіне қандай затпен әрекеттестіріп, аммиак алуға болады? Осы реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
8. Аммиак молекуласында, аммоний ионында неше байланыс бар және олар қандай типке (ковалентті ме, ионды ма, донорлы-акцепторлы ма) жатады? Аммиак пен хлорлы сутектің аммоний хлоридінің түзілуін түсіңдіріңдер.
9. а) концентрлі азот қышқылының күміспен, фосформен әрекеттесу реакциясының; б) сұйылтылған азот қышқылының мыспен, магниймен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
10. 1 кг гидразин жанғанда қанша жылу бөлінетінің есептеңдер.
11. Азот пен фосфордың тыңайтқыш ретінде қолданылатын қосылыстарын атаңдар.
12. 1,5 г фосфор тотыққанда 3,43 г оксид түзілсе, фосфор оксидінің формуласы қандай болады? Фосфор оксидінің буының сутегі бойынша тығыздығы 142,1.
Жауабы: Р4О10 13.К2НРО4 ерітіндісінің гидролиздену дәрежесін есептеңдер. С =0,06 моль/л.
14. К2НРО4 гидролизі реакциясының теңдеуін жазыңдар. Ерітінді ортасын көрсетіңдер.
15. Табиғи кальций фосфатынан фосфорды алғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
16. Мына қышқылдардың эмпирикалық және графикалық формулаларын жазыңдар: а) фосфор қышқылы; б) дифосфор қышқылы. Фосфордың тотығу дәрежесін анықтаңдар.
17. Негіздік, қышқылдық және амфотерлі нитридтердің мысалдарын келтіріңдер.
а) олардың суға әсерін көрсетіңдер;
б) Қандай элементтердің нитридтері ыстыққа және химиялық төзімділікке ие? Металдарды және балқымаларды азоттау қалай жүргізіледі және неге негізделген?
18. Аммиак синтезі үшін реакцияның ∆Hº298, ∆Sº298 және ∆Gº298 мәндерін келтіріңдер. Синтез реакциясының жүру жылдамдығына, тепе-теңдік күйіне және ∆G мәніне температура қалай әсер етеді?
19. Тәжірибелік мәліметтерге сәйкес аммиак молекуласының ионизациялануының бірінші потенциалы үш мәнге ие 10,5; 15,2; 22,4 эВ. Осы фактіні молекулалық орбиталь теориясын пайдаланып түсіңдіріңдер.
20. Гидроксиламин молекуласының құрылысына сүйеніп, оның 1) донорлы-акцепторлы әрекеттесу; 2) молекула ассоциациясына және өзіндік ионизациялану; 3) сумен және қышқылмен әрекеттесу; 4) тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін сипаттаңдар. Реакция мысалдарын келтіріңдер.
21. а) Фторид, оксогалогенид, азот (ІІІ) оксидінің құрылымын сипаттаңдар және олардың қалыпты жағдайдағы агрегатты күйін түсіңдіріңдер.
б) Осы қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін келтіріңдер.
22. Фосфордың тотығу, тотықсыздану және диспропорциялану реакция мысалдарын келтіріңдер.