Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: Калий мен натрий атомдарының құрылысының электрондық схемасын жазыңдар. Бұл элементтердің қайсысының тотықсыздандырғыштық күші артық, неге?
І топтың s - элементтерінің +1 тотығу дәрежесі не себептен өте тұрақты?
Калий хлоридінен металл күйінде калийді және калий гидроксидін алу үшін жүретін процестерінің схемаларын жазыңдар.
Натрий сульфатынан көмір мен әктасты жоғарғы температурада балқыту арқылы сода алу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Көмір мен әктас қандай функция атқарады?
Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазыңдар: NaCl → Na NaOH → Na2CO3 → NaHCO3 → NaCl → Na → Na2O2 → Na2O → NaOH→ NaHSO4 → Na2SO4 → Na
Мына қатарда LiOH – CsOH негіздік қасиеттері қалай және неге олай өзгереді?
Периодтық жүйедегі І және ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің тұздарының қасиеттерін салыстырыңдар: галогенидтердің, сульфаттардың сульфидтердің, карбонаттардың. Олардың суда ерігіштіктерінің өзгеруін, топ бойынша және І тотан ІІ топқа өткенде термиялық беріктіктерінің өзгеруін көрсетіңдер.
І және ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің биологиялық рөлін сипаттаңдар.
Сілітілік металдар қатарында балқу және қайнау температурасы қалай өзгереді және ол немен түсіңдіріледі?
Натрий амальгамасының қандай практикалық маңызы бар?
Сілтілік металдар жанған кезде қайдай оттекті қосылыстар түзіледі?
NaCl сулы ерітіндісінің электролизі кезінде 70 л 10,6% –ті NaOH ерітіндісі алынды (тығ.1,12). NaCl қандай мөлшері NaOH айналды?
Кальций гидроксиді және калий карбонатының сулы ерітінділері әрекеттескенде реакция тепе-теңдігі қай жаққа ығысады және неліктен?
1 л KCl және NaCl қоспасының ерітіндісі H2[PtCl6] ерітіндісімен әрекеттескен кезде 1,5 г аз еритін K2[PtCl6] тұзы түзілді. Қоспадағы KCl пайыздық мөлшерін есептеңдер.