ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Реактивтер мен құралдар: Cr(NO3)3, FeCl3 , NiSO4, натрий гидроксиді NaOH, тұз қышқылы HCl ерітіндісі, FeSO4, CoCl2 , NiSO4, сутегі тотығы H2O2, калий перманганты, натрий сульфиті, сұйылтылған күкірт қышқылы, марганец сульфаты, калий хроматы K2CrO4, калий дихроматы, Cr3+ тұздарының ерітіндісі, 3%-ті H2O2 ерітіндісі, күміс нитраты ерітіндісі AgNO3, K4[Fe(CN)6], калий роданиді KSCN ерітіндісін немесе аммоний роданиді NH4SCN.
Тәжірибе №1. Cr(3), Fe(3) және Ni(2) гидроксидтерін алу. Үш сынауыққа 3-4 тамшыдан ерітінділерін құйыңдар. Ерітінділердің түсін жазыңдар және осы тұздардың диссоциация теңдеуін құрастырыңдар. Әрбір сынауыққа тамшылатып натрий гидроксиді NaOH ерітіндісін қосыңдар. Cr(OH)3, Fe(OH)3 ижәне Ni(OH)2 алу реакцияларын иондық және молекулалық түрде жазыңдар және ерімейтін негіздерді алу әдісі туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксид тұнбаларының түсін белгілеңдер. Тұнбаларды №2 тәжірибеге қалдырыңдар.
Тәжірибе №2. Cr(3), Fe(3) және Ni(2). Гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік қаситтерін зерттеу. №1 тәжірибеден алынған тұнбаларды екі бөлікке бөліңдер. Бірінші бөлігіне тамшылатып тұз қышқылы HCl ерітіндісін қосыңдар, ал екіншісіне натрий гидроксиді NaOH (артық мөлшерде) ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Жүретін реакцияларды ионды және молекулалық түрде жазыңдар және Cr(OH)3, Fe(OH)3 және Ni(OH)2 гидроксидтердің химиялық қасиеті туралы қорытынды жасаңдар.
Тәжірибе №3. Fe(2),Co(2) және Ni(2) гидроксидтерінің тотығу-тотықсыздану қасиеттерін зерттеу. а) Үш сынауыққа FeSO4, CoCl2 және NiSO4 тұздарына сілті ерітіндісі әсерімен Fe(2),Co(2) және Ni(2) гидроксидтерін алыңдар. Оларды 3 минут ауада қалдырыңдар және олардың қайсысы ауадағы оттегімен тотығатының бақылаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін құрастырыңдар және электронды баланс әдісі арқылы коэффициенттерді таңдаңдар. Fe(OH)2, Co(OH)2 және Ni(OH)2 гидроксидтерінің түсі қалай өзгереді? Тұнбаларды сақтап қойыңдар.
б) Кобальт (II) гидроксиді бар сынауыққа 3-4 тамшы сутегі тотығы H2O2 ерітінідісінің тотығын қосыңдар.Не байқалады? Co(OH)3 тұнбасының түсі қандай? Реакция теңдеулерін құрастырыңдар және электронды баланс әдісі арқылы коэффициенттерді таңдандар.
в) Ni(ОН)2 тұнбасын екі бөлікке бөліңдер. Бірінші бөлікке сутегі тотығын H2O2, ал екіншісіне бром суын (тартпалы шкаф) қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін құрастырыңдар. Ni(OH)3 тұнбасының түсі қандай?
№3 тәжірибе нәтижелері бойынша Fe(OH)2 , Co(OH)2 және Ni(OH)2 гидроксидтерінің тотықсыздандырғыш қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар.
Тәжірибе №4. Калий перманганатының КMnO4 тотықтырғыш қасиеті. а) рН ортасының әртүрлі мәндерінде калий пермангантының натрий сульфитімен тотықсыздануы.
Үш сынауыққа 3-4 тамшы калий перманганаты ерітіндісін салыңдар. Бірінші сынауыққа 2 тамшы сұйылтылған күкірт қышқылын, екіншісіне – сонша мөлшерде су, ал үшіншісіне 2-3 тамшы сілті ерітіндісі. Барлық үш сынауыққа 1 микрошпательмен кристалдық натрий және калий сульфитін салыңдар. Әрбір жағдайда перманганат ерітіндісінің алғашқы түсі қалай өзгереді? Ол немен түсіңдіріледі? Молекулалық теңдеулерде электронды баланс әдісін пайдаланып, коэффициенттерді қойып, тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
1) pH < 7 KMnO4 + Na2SO3 + H2SO4 MnSO4 + Na2SO4 + K2SO4 + H2O
2) pH = 7 KMnO4 + Na2SO3 + H2O MnO2 + Na2SO4 + KOH
3) pH > 7 KMnO4 + Na2SO3 + KOH K2MnO4 + Na2SO4 + H2O
Әртүрлі ортада Mn+7 тотықсыздануы туралы қорытынды жасаңдар.
б) Калий перманганатының марганец сульфатымен тотықсыздануы.
Сынауыққа 3-4 тамшы калий перманганты ерітіндісін және сонша мөлшерде марганец сульфаты ерітіндісін құйыңдар. Фиолет түстің жоғалып, қоңыр тұнба түзілуін белгілеңдер. Сынауыққа көк лакмус қағазын түсіріңдер. Оның түсі қалай өзгерді? Алынған ерітіндіде реакция ортасы қандай?
KMnO4 + MnSO4 + H2O MnO2 +K2SO4 + H2SO4
Электронды баланс әдісі арқылы реакцияны теңестіру және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |