К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін - өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет50/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін - өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?
2. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар
3. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.
4. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?
5. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?
6. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.
7. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.
8. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?
9. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?
10. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?
11. 500кг СаО өшіргенде қанша жылу бөлінеді? СаО гидратациялану энтальпиясы ∆Н=-66,6Дж/моль. Жауабы: 594,6∙103кДж
12. Парциалды газ қысымы 101,325 кПа болған кездегі BaCO3 және Ba(NO3)2 термиялық ыдырау температурасын есептеңдер. Қай қосылыс − BaCO3 немесе Ba(NO3)2 − зертханада ВаО алу үшін қолданылады?
13. BeF2 және BeCl2 құрылысының айырмашылығы неде және ол олардың қасиеттеріне қалай әсер етеді?
14. [Be(H2O)4]2+ және [Mg(H2O)6]2+ иондарының құрылысын түсіңдіріңдер. Be2+ және Mg2+ катиондарын бойынша тұздар гидролиз дәрежесін салыстырыңдар. BeCl2 гидролиз схемасын құрастырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет