К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет62/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Элементтер иондарының Cu(I), Cu(II), Zn(II), Cd(II) электрондық конфигурациясын көрсетіңдер. Мына комплексті қосылыстардағы K2[ZnCl4], [Zn(H2O)4]Cl2, K2[Zn(OH)4], [Cu(NH3)4]+. а) ішкі және сыртқы сфераларды, комплекс-түзгіштерді, лигандаларды атаңдар; б) комплекстің зарядын, комплекс түзгіштің тотығу дәрежесін және координациялық санын анықтаңдар; в) қай қосылыс катионды комплекс, қайсысы аниондық комплекс. г) комплекс қосылыстарды атаңдар. 2. Мыс (ІІ) сульфатының, мырыш хлоридінің ерітінділері электролизге ұшырағанда электродтарда қандай процестер жүреді? Сусыз мыс (ІІ) сульфаты ақ түсті кристалл зат, егер оны суда ерітсе, ерітінді көгереді. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? 3. Мырыш азот қышқыл тұзының, мыс (ІІ) хлоридінің гидролизін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
4.Мыстың, мырыштың, кадмийдің мына қышқылдармен а) сұйытылған және концентрлі тұз қышқылымен; б) сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылымен; в) сұйытылған және концентрлі азот қышқылымен әрекеттесуінің теңдеулерін жазыңдар.
5.Мырыш гидроксидініңтұнба-ерітінді жүйесінің тепе-теңдігінің схемасын жазыңдар. Тепе-теңдік қышқыл не сілті құйғанда қалай ығысады?
6.Мырыш оксидінің көміртегі монооксидіментотықсыздануының стандартты энтальпиясын есептеңдер (кесте пайдаланыңыздар).
7. Zn(NO3)2·2H2O, Cd(NO3)2·2H2O кристаллогидраттарының термиялық ыдырауының ∆G°298 есептеңдер.

ҚОСЫМША
15С температурадағы қышқылдар, негіздер және кальций хлоридінің сулы ерітінділерінің ерігіштігі (г/мл). КЕСТЕ 1

Массаық үлес, %



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет