К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет56/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. а) хром; б) марганец; в) темір; г) кобальт; д) никель атомдарының электрондық формулаын жазыңдар. Қозған және қозбаған күйлерінде бұл элементтер қандай валенттілік көрсетеді. Реакция теңдеулері көмегімен хром (3) гидроксидінің амфотерлігін тексеріңдер.
2. Марганец және хром қандай тотығу дәрежесінде тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді? Осы тотығу дәрежесіндегі марганец және хромның электронды формулаларын жазыңдар.
3. а) Fe(OH)3 және CO2, б)Fe(OH)3 және H2S, в)Ni(OH)2 және H2O2, г) FeCl3 және H2S бірге жүзеге аса ма? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. а)тұз қышқылында; б) күкірт қышқылында (концентрлі және сұйылтылған); в)азот қышқылында (концентрлі және сұйылтылған) темірдің еру реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Бұл элементтердің тотығу дәрежелері әр түрлі. Мына элементтердің темір (ІІІ), кобальт (ІІ), никель (ІІ) иондарының электрондық конфигурациясын көрсетіңдер.
6.Темірдің адам ағазсындағы ролін айтыңдар.
7.Темір (ІІ) қосылысының тотығу-тотықсыздану қасиеттерін сипаттаңдар: а)темір (ІІ) қосылыстарының ерітіндісі ауада неге өзгереді? Темір (ІІ) гидроксидінің оттегімен тотығуының реакциясының теңдеуін жазыңдар. б)мына заттардың ерітінділерін 1)FeSO4 және KMnO4 2)FeSO4 және K2Cr2O7 бір-біріне қосқанда жүретін реакциялар теңдеуін жазыңдар. Тотығу потенциалының мәндерін қолданыңдар.
8.Екі реакция теңдеуі арқылы темір ерітіндісінде тотығу дәрежелері +2 және +3 сәйкес келетін темір бар екенін дәлелдеңдер.
9.Темір тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл құяды. Неге?
10.Сұйытылған және концентрлі тұз қышқылымен әрекеттескенде, сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде, сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде темір қай тотығу дәрежесіне дейін тотығады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
11.Кобальтты қандай әдіс арқылы алады? Кобальт (ІІ) сульфатының ерітіндісі электролизге түскенде графит электродтарында қандай процестер жүреді?
12.Кобальт (ІІ) гидроксидінің оттегімен кобальт (ІІІ) гидроксидіне дейін тотығатынын ΔG0298 есептеп, дәлелдеңдер.
13.Мына қатарда Ni(OH)2 – Co(OH)2 – Fe(OH)2 тотығу процесі қалай өзгереді? Қай гидроксид жеңіл тотығады?
14.Кобальт (ІІІ) гидроксидініңконцентрлі хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңдар. Қандай газ бөлінеді?
15.Мына комплекс тұзының [Ni(NH3)6]Cl2 ерітіндісіне а) натрий гидроксидінің ерітіндісін; б)күкіртті сутек суының ерітіндісін қосқанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Түзілген никель қосылысының ерігіштік көбейтіндісін пайдаланып, қай ерітінді комплекс ионды толығырақ бұзатынын көрсетіңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет