К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет8/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Схема бойынша жүретін заттардың айналуларын қарастырыңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық формада келтіріңдер.



Нұсқа

Айналым тізбегі

1

PbO →Pb(NO3)2→Pb(OH)2→Na2 [Pb(OH)4]→PbSO4

2

Sn→SnCl2→Sn(OH)2→K2 [Sn(OH)4]→Sn(NO3)2

3

Al→Al2(SO4)3→Al(OH)3→Na3[Al(OH)6]→AlCl3

4

Fe→FeCl2→Fe(OH)2→Fe(OH)NO3→Fe(NO3)2

5

Cu→CuSO4→Cu(OH)2→(CuOH)2SO4→Fe(NO3)2

6

Ni→NiSO4→Ni(OH)2→NiOHCl→NiCl2

7

CaO→Ca(OH)2 →Ca(H2PO4)2→Ca3(PO4)2→CaCl2

8

Сr2(SO4)3→Cr(OH)3→Na3[Cr(OH)6]→CrCl3→Cr(NO3)3

9

BeO→BeCl2→Be(OH)2→K2 [Be(OH)4]→BeSO4

10

CaO→CaCO3→Ca(HCO3)2→CaCO3→CaCl2

11

H3PO4→Сa(H2PO4)2→CaHPO4→Сa3(PO4)2→Ca(NO3)2

12

PbO→Na2 [Pb(OH)4]→Pb(NO3)2→Pb(OH)2→PbOHCl

13

CrCl3→Cr(OH)3→CrOHSO4→Cr2(SO4)3→Cr(OH3)3

14

ZnO→Zn(NO3)2→Zn(OH)2→Na2[Zn(OH)4]

15

Si→Na2SiO3→H2SiO3→SiO3→CaSiO3

2. Барлық негіздік оксидтер сумен әрекеттеседі ме? Егер барлық негіздік оксидтер сумен әрекеттеспесе, сумен әрекеттесетін оксидтерді атаңдар.


3. Мыс гидроксидін мыс оксидін сумен әрекеттестіріп алуға бола ма? Мыс сульфатынан мыс гидроксидін алыңдар және оның амфотерлі гидроксид емес екендігін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. а) Оксидтерге (негіздік, қышқылдық, амфотерлі)
б) қышқылдарға (олардың негізгі, әлсіз және күшті электролиттер)
в) гидроксидтерге (сілтілер, негіздер, амфотерлі гидроксидтер)
г) тұздарға (орта, қышқыл, негіздік) анықтама беріңдер және олардың қасиеттерін көрсетіңдер.
5. Қышқылдардың, тұздардың, негіздердің диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
6. Барлық кластардың номенклатурасын біліңдер.
7. Мына тұздарды атаңдар: FeCl3, FeOHNO3, Zn(HSO4)2, NaHS, CrCl3, Fe(HS)2, K2SO3, AlOHCl2, CrOHSO4, Al(H2PO4)3.
8. Әрекеттесуші заттар қатынасын өзгертіп, Са(ОН)2 + H3PO4 ↔ қышқылдық, негіздік және орта тұздар алыңдар.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2

Металдың эквиваленттік массасын анықтау


Жұмыстың мақсаты: Металл эквивалентінің молярлық массасын М қышқылдан бөлінген сутегі көлемі арқылы анықтау әдісін үйрену және эквивалент заңы бойынша есептеулерді меңгеру.
Маңызды түсініктер: эквивалент, эквивалент массасы, эквиваленттік фактор, эквиваленттік заң.
! Білу керек: 1. Эквивалент, эквивалент массасы ұғымдарының анықтамасын. 2. Металдардың эквиваленттік массасын. 3. Қосылыстардың эквиваленттік массасын табуды. 4. Күрделі заттардың эквиваленттік массасын формула бойынша анықтауды.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ


Тұрақтылық заңына сәйкес элементтер бір-бірімен қатаң белгілі бір сандық қатынаста қосылады. Сондықтан химияда эквивалент және эквивалент массасы («эквивалентті» сөзі аударғанда «тең» деген мағына береді) ұғымдары енгізілді.


Заттардың эквиваленті деп олардың сутек атомы не ионының 1 моль мөлшерімен әрекеттесетін, не орын басатын мөлшерін айтады. Сутегі атомының 1 моль эквивалентті массасы 1 г тең, оттегі атомдарының эквивалентті массасы 8 г тең, себебі химиялық элементтің эквиваленттік массасы берілген қосылыстағы элемент валенттілігіне бөлінген оның атомдарының молярлы массасына тең:
(1)
мұндағы Мэ - элементтің эквиваленттік массасы, г/моль; М – элемент атомдарының молярлы массасы, г/моль; В – элемент валенттілігі.
Осылайша, Мэ – заттың эквивалентті массасы (немесе эквиваленттің молярлы массасы), бұл 1 г сутегі (сутегі атомдарының молі) немесе 8 г оттегімен (оттегі атомының 0,5 молі) әрекеттесетін (немесе реакцияда орын басатын) заттың мөлшері.
Мысалы, НСl, Н2S, NH3, CH4 қосылыстарындағы хлор, күкірт, азот, көміртектің эквиваленттік массалары 35,5 г/моль, 16г/моль, 4,67 г/моль и 3 г/моль тең.
Күрделі заттардың эквиваленттік массаларын келесі формуламен есептейді:
Мэ (қышқыл) = М (қышқыл) / қышқыл негізділігі
Мэ (негіз) = М (негіз) / негіз қышқылдылығы
Мэ (оксид) = Мэ (элемент) + Мэ (О)
Мэ (тұз) /М (тұз)· (металл валенттілігі· металл атомдарының саны)
Химияға «эквивалент» түсінігін енгізу эквивалент заңын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Заттар бір-бірімен эквивалентке пропорционал мөлшерде әрекеттеседі.
Кейбір есеп жаттығуларын шығарған кезде эквивалент заңынын басқа тұжырымдамасын қолданған тиімді:
Бір-бірімен әрекеттесетін заттардың массалары (көлемдері) олардың эквиваленттік массасына (көлеміне) пропорционал:
, (2) , (3)



мұндағы, VЭ0(A), VЭ0(B) – қалыпты жағдайдағы (қ.ж.) газтәрізді заттардың А және В эквивалентті массасының көлемі. Сутегі үшін - 11,2 л/моль, оттегі үшін – 5,6 л/моль тең.
Мына реакцияда:
2HCl + Ca(OH)2 ↔ CaCl2 + 2H2O
HCl – дың екі сутек атомына бір Ca(OH)2 сәйкес келіп тұр. Сондықтан сутегінің бір атомына ½ Ca(OH)2 эквиваленті, яғни кальций гидроксидінің эквиваленті 0,5 моль болады. С саны эквиваленттік фактор болып саналады, оны былай белгілейді fэкв(В) (В – белгілі бір зат). Келтірілген мысалда fэквCa(OH)2 = 1/2. Кей заттардың эквиваленттік факторын формула арқылы табуға болады. Қышқылдар үшін эквиваленттік фактор оның негіздігіне қарам-қарсы (қышқыл молекуласындағы металл ионына алмасатын сутек ионының саны). Негіздердің эквиваленттік факторы олардың қышқылдығына қарама-қарсы (негіздегі қышқыл қалдығына алмасатын ОН- ионының саны):
fэкв(қышқыл) = 1/N(Н+)
fэкв(негіз) = 1/N(OН-)
N- Н+ не ОН- саны
Эквиваленттік фактор бір зат үшін әр түрлі реакцияларда әртүрлі болады. Мысалы: H3PO4 + 3NaOH ↔ Na3PO4 + 3H2O
N – (H+) = 3. Сонымен эквиваленттік фактор фосфор қышқылы үшін мынаған тең: (H3PO4) = 1/N (H+) =1/3;
H3PO4 + 2NaOH ↔ Na2HPO4 + 2H2O
N(H+) = 2, f экв(H3PO4) = S
Тұздар үшін (мысалы орта) эквиваленттік фактор металл атомының санын оның тотығу дәрежесінің көбейтіндісін металл атомдарының санына бөлгенге тең:
fэкв (тұз) = 1/N(Me) ∙ Z (Me)
N(Me) – металл атомының саны;
Z(Me) – металдың тотығу дәрежесінің мәні;
Мысалы: алюминий сульфатының эквиваленттік факторы: fэкв(Al2(SO4)3).
Зат эквивалентінің молярлық массасы В (г/моль) – эквиваленттік факторды молярлық массаға көбейткенге тең:
M(fэквB) = fэкв(B) ∙ M(B) (1)
Бір негізді қышқылдармен бір қышқылдық негіздердің эквивалентінің молярлық массалары, олардың молярлық массаларына тең.
M(fэквB) = M(B)
Мысалы: NaOH эквивалентінің молярлық массасы:
M(fэкв NaOH) = M(NaOH) = 40г/моль
Тұздар үшін, мысалы: алюминий сульфатының Al2(SO4)3 эквивалентінің молярлық массасы: M[fэкв Al2(SO4)3] = fэкв[Al2(SO4)3] ∙ M[Al2(SO4)3]
Зат эквиваленті (моль) – зат массасының эквивалентінің молярлық массасына қатынасы:
n(fэквB) = m(B)/M(fэквB) (2)
Химиялық реакцияға түсетін заттар өзара бір-бірімен эквиваленттік қатынаста әрекеттеседі, яғни эквиваленттер заңына бағынады:
А + В = С + Д реакциясы үшін мына қатынас орындалады:
n(fэквА) = n(fэквB) = n(fэквС) = n(fэквД)
Сонымен А мен В заттары әрекеттесу үшін:
n(fэквА) = n(fэквB)
(2) теңдеуді қолданып:
m(A)/M(fэквА) - m(B)/M(fэквB) немесе m(A)/ m(B) - M(fэквА)/ M(fэквB)
(3) теңдеу эквиваленттер заңының салдары.


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Реактивтер мен құралдар: 10% тұз қышқылы НСl, металл өлшендісі, металдың эквиваленттік массасын анықтауға арналған құрал.
Берілген зертханалық жұмыста металдың эквиваленттік массасын анықтау металдың белгілі массасының (өлшемі) тұз қышқылының НСl артық мөлшерімен еруіне негізделген. Тәжірибені орындау барысында ығыстырылған сутегі көлемін өлшейді (сурет 2.1).
Металдың эквиваленттік массасын анықтауға арналған құрылғы 25 мл [1] бюреткадан және төменде резеңке [3] түтікшемен жалғанған және сумен толтырылған тепе-теңдендіретін [2] ыдыстан тұрады. Резеңке түтікшелі бюретканың жоғарғы жағы шыны үшілікпен [4] жалғанған, оған 20-30 мл колба [5] және 4-5 мл сынауық [6] жалғанады.

Сурет.2.1. Металдың эквиваленттік массасын анықтауға арналған құрал




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет