К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет6/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Негіздерге металл иондары мен гидроксил иондарына (OH-) диссоциацияланатын заттар жатады. Негіздердің жалпы формуласы Мe(ОН)n . Негіз молекуласындағы гидроксил топтарының саны оның қышқылдығын анықтайды. Еритін негіздер сілтілер деп аталады. Оларды сәйкес келетін металдар немесе оксидтердің сумен әрекеттесуі арқылы алуға болады, мысалы:
2K + 2H2O  2KOH + H2
Na2O + H2O  2NaOH
Негіздер қышқылдармен немесе қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз және су түзеді, мысалы:
NaOH + HNO3  NaNO3 + H2O
Ca(OH)2 + CO2  CaCO3 + H2O
Сулы ерітінділерде негіздер негіз қалдығы катионына және гидроксотоп анионына диссоциацияланады:
Ba(OH)2= ВаOH++OH-
BaOH+ = Ba2+ + OH-
Ba(OH)2  Ba2+ + 2OH жалпы процесс
Аз еритін негіздерді тұз ерітінділеріне сілті ерітінділерімен әсер етіп алады, мысалы:
CuSO4 + 2NaOH  Cu(OH)2 + 2Na2SO4
Амфотерлі гидроксидтер сулы ерітінділерде қышқыл бойынша да, негіз бойынша да диссоциацияланады, мысалы:
3H+ + [Al(OH)6]3–  Al(OH)3  Al3+ + 3OH
Амфотерлі гидроксидтер қышқылдармен де, сілтілермен де тұз түзіп әрекеттесе алады, мысалы:
2Al(OH)3 + 3H2SO4  Al2(SO4)3 + 6H2O
Al(OH)3 + 3NaOH  Na3[Al(OH)6]
Тұздар –қышқыл мен негіздің әрекеттесуі нәтижесіндегі өнімдер. Тұздар орта (қалыпты), қышқыл және негіз болып бөлінеді. Орташа тұздар металл катионы және қышқыл қалдығы анионынан тұрады:
Al2(SO4)3  2Al3+ + 3SO42–
Орта тұздар қышқылда сутегі катиондарының металл катиондарымен толық алмасуы арқылы алынады:
3NaOH + H3PO4  Na3PO4 + 3H2O
Қышқыл тұздар көп негізді қышқылда сутегі катиондарының металл катиондарымен толық емес алмасуы нәтижесінде түзілген өнімдер.
H3PO4 + 2NaOH  Na2HPO4 + 2H2O
арт. кем. натрий гидрофосфаты
Қышқыл тұздар сондай-ақ көп негізді қышқылдың осы қышқылмен түзілген орташа тұзға әсер етуі арқылы алынады:
BaCO3 + H2CO3  Ba(HCO3)2
барий гидрокарбонаты
Қышқыл тұздар сатылап диссоциацияланады.
Na2HPO4  2Na+ + HPO42–
Қышқыл қалдығы анионының диссоциациясы екінші сатысында шамалы ғана жүреді және бұл процесс қайтымды:
HPO42  H+ + PO43
Негіздік тұз – көпқышқылды негіздің ОН тобы қышқыл қалдығы анионына толық емес алмасуы нәтижесіндегі өнім:
Cu(OH)2 + HCl  CuOHCl + H2O
арт. кем.
Негіздік тұзды сондай-ақ сілтінің аз мөлшерін орташа тұзға әсер етіп алуға болады:
CuSO4 + 2NaOH  (CuOH)2SO4 + Na2SO4
Негіздік тұздар сатылы диссоциацияланады.
CuOHCl  CuOH+ + Cl
Негіз қалдығы катионы диссоциациясы екінші сатыда әлсіз жүреді:
CuOH+  Cu2+ + OH

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ




Реактивтер мен құралдар: магний оксиді MgO, су, фенолфталеин, натрий гидроксиді NaOH, тұз қышқылы HCl, күкірт қышқылы H2SO4, металл (темір, мыс), кальций гидроксиді Са(OH)2, темір хлориді FeCl3 , 10%–ті кобальт хлориді CoCl2, күміс нитраты AgNO3, аммоний дихроматы (NH4)2Cr2O7, барий хлориді BaCl2, мыс сульфаты CuSO4 , алюминий сульфаты Al2(SO4)3, барит суы Ba(OH)2 , кальций карбонаты CaCO3, калий хроматы K2CrO4, мырыш сульфаты ZnSO4, сынауық, Кипп аппараты, микрошпатель, кері өткізгіш түтікшесі бар тығын, лакмус қағазы.


Нұсқа 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет