К. О. Жекеева қазақ тілі



бет12/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org
Тесты ФИЛОСОФИЯ Вариант 7-8 ДЛЯ РАЗДАЧИ, 1.Офтальмология(kaz medical students)
Ұлттық тағамның пайдасы 

Ас – адамның арқауы.


Мақал.

Қай халық болмасын дұрыс тамақтануға баса назар аударған. Тағам


сіңімді, құнарлы, сапалы, қолжетімді болуы тиіс. Әр ел өзінің тұрған жерінің
ерекшелігіне қарай ас мәзірін тағайындаған. Мысалы, теңіз жағалауындағылар
теңіз өнімдерін көп қолдануға тырысқан.
Қазақ халқы далалы жерді мекендегендіктен, тағамы да төрт түлікпен,
даламен байланысып, көшпелі өмірге икемденген болды.
Қазақтың ұлттық тағамы ет, сүт, ұн өнімдерінен жасалады. Ет
тағамдары: қазы, қарта, жал, жая, шұжық, қуырдақ, тұшпара, т.б. Сүт
тағамдары: айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қоспа, т.б. Ұн
тағамдары: бауырсақ, шелпек, таба нан, ши бауырсақ, жент, талқан, бүйрекше,
т.б.
Бұл тағамдардың қайсысын алсаңыз да, денсаулыққа өте пайдалы. Тек
тамақтану тәртібін сақтаған дұрыс. «Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен
бөліс, кешкі асты жауыңа бер» деген сөз бар.



16
Қазақтың даласы кең, солтүстік пен оңтүстіктің, батыс пен шығыстың


ауа райы да, жерінің табиғаты да әр алуан. Сондықтан солтүстік өңірлерде ет
тағамдары көп қолданылады. Ыстық жерлерде еттен гөрі сусындар, жеміс-
жидектер мен көкөністер көп сұранысқа ие. Шығысқа қарағанда батыс
өңірлер теңіз өнімдерін мол пайдаланады. Қай өңір қандай тағамды қолданса
да, адам ағзасына қажетті дәрумендердің қамтылуын көздеген.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: арқау, сіңімді, 
құнарлы, қолжетімді, ас мәзірі, икемденген, әр алуан, көкөніс, 
сұраныс, қамтылуы.
2. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
3. Деректі және дерексіз зат есімдерді еске түсіріңіз. Мәтіннен мысалдар
келтіріңіз.
4. Қазақ халқының бір ұлттық тағамының дайындалуы туралы жазып келіңіз.
5. Ұлттық тағамның пайдасы туралы әңгімелеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет