29
Әлемде халықаралық кино күні 28 желтоқсанда аталып өтеді. Себебі дәл
осы күні, 1895 жылы ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер киноны ойлап
тапқан.
10.8. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағыналарын түсіндіріңіздер.
1. Анаға қарап қыз өсер,
2. Әкеге қарап – ұл өсер.
3. Ісін сүйген іскер аталар.
4. Қыз – еркем, кестесімен көркем.
5. Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың.
6. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.
10.9. Мәтінді оқып, мағынасы түсініксіз сөздердің аудармасын жазып
алыңыздар.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Қазақ
халқы өнер мен мәдениетке бай халық. Ата-бабаларымыздан ғасырдан-
ғасырға жеткен қазақ өнерінің қай саласы болса да болашақ ұрпаққа үлгі-
өнеге. Ән, би, күй, кино, театр өнерімен бірге қазақ халқының қолөнері де
ерекше дамыған өнер. Халықтық қолөнер әрбір халықтың заттай және рухани
мәдениетінің көрінісі болып табылады. Халықтық қолөнер өзінің көркемдік
мағынасымен, бітім-қасиетімен мұқият сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отыратын алтын қазына.
Қазақ қолөнерінің бірнеше салалары бар. Мысалы, ағаш өңдеу, металл,
тас, сүйек, мүйіз, тері мен былғарыдан әр түрлі үй бұйымдарын, шаруашылық
құрал-саймандарын жасауды ер адамдар атқарды да, әйелдер үлесіне
тоқымашылық пен тігіншілік өнері тиді. Әркім өзінің табиғат берген талабына
қарай еңбектенеді. Көшпелі ел өміріндегі жалпы қазақ әйелдерінің
қолөнерінің түрлері көп. Мысалы: тігу, құрақ құрау, киім пішу, тері илеу, киіз
басу, ши, кілем, алаша, ою-өрнек, сырмақ сыру секілді қолөнер түрлерімен
айналысқан.
Осындай асыл мұраларымыздың әлемнің биік төрінен көрінуі, ұлттық
өнеріміздің дамуы біздер үшін мақтаныш.
10.10. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қолөнердің қандай түрін білесіздер және қай түрімен айналысасыздар?
2. Қолөнер туындыларын атаңыздар?
3. Сіз – Франциядағы Қазақстан елшісісіз, сол елге қазақ өнерін қалай танытар
едіңіз?
10.11. Қолөнерге қажетті құралдармен сөйлем құраңыздар.
өрмек
ши
жуалдыз
біз
сабау
оймақ
30
ине
ұршық
балға
10.12. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.
Ақын Сара
Қырмызы қызыл пүліштей,
Қыздардың сұлу Сарасы.
Сымға тартқан күмістей,
Он саусақтың саласы.
Қалам бармақ, жез оймақ,
Ине ұстасаң жарасқан.
Кесте салсаң біз оймақ,
Қызыға қыздар қарасқан.
Көйлегін тігіп көбінің,
Түзеттің жеңін, жағасын.
Еріңнің де, өзінің
Таныттың елге бағасын! (Т.Қалилаханов)
10.13. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Сара Тастанбек қызы туралы не білесіздер?
2. «Біржан-Сара» операсын көрдіңіздер ме?
Достарыңызбен бөлісу: