32
10.17. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Сахна тілі» туралы түсінігіңіз қандай?
2. Театр
қойылымдарын тамашаладыңыз, сол қойылым туралы
әңгімелеңіз.
10.18.
Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Әр сөйлемді толықтырып,
түсіндіріңіз.
Қазақстан өнері
1. Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп Қаратау тау
шатқалдарында салынған жануарлар суретін айтуға болады.
2. 1970 жылы Есік қаласында таяу жерден біздің дәуірімізге дейінгі V
ғасырда жерленген сақтың жас әскери адамы табылған («Алтын адам»).
3. Қарғалы қоймасынан «аң стилінде» жасалған (біздің дәуірімізге дейінгі ІІ
ғасыр) қозғалыс күйіндегі бұғы, құс, қанатты пырақтар және айдаһар
кескіндерінен тұратын үйсін диадемасы табылған.
4. Декоративтік қолөнер туындыларына Отырардың өте әдемі ою -өрнектеліп
балшықтан жасалған ыдыстары жатады.
5. Бұл дәстүр, яғни, киіз үйлер мен тұрмысқа керекті заттардың әшекейлі
оюлармен өрнектелуі бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.
6. Киіз үйдің негізгі сәні ою-өрнекпен тамаша өрнектелген текеметтер болған.
10.19. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Жез таңдай, тума талант, күміс көмей, мың бұралған, ғажап ән, киелі
өнер, атақты күйші, дарынды қобызшы, талантты әнші, кәсіби мүсінші.
Зергер, айтыс, туынды, қойылым, бейнелеу, көркемсурет, күйші, актер,
шығарма, киіз үй, дарын
сөздеріне жұрнақтар жалғап, сын есім жасаңыз.
10.20.Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыдар.
Көрме, қолөнер, әнші, күйші, қойылым, әшекей, ұсталық.
Достарыңызбен бөлісу: