К. О. Жекеева қазақ тілі


 Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Есімдіктер және олардың септелу



бет25/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org

11 Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Есімдіктер және олардың септелу 
ерекшеліктері, жіктеу есімдіктері. 

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат 
Сұлулық адамның жүзінде емес жүрегінде болады.
Мақал.


33
Адамның ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы - оның сыры, ал сырт


келбеті, дене тұрқы, бет әлпеті – адамның сымбаты. Адамның жан дүниесі
және сыртқы келбеті өзара тығыз байланысты. Жаны таза, ниеті түзу, ойы
адал адамның жүзі де жарқын болады. Кейде тым ерекше жақсы адамдар да
болады. Олар туралы «жүзінен нұры тамып тұр» деп айтады.
Жалпы, қазақ тілінде «түсі игіден түңілме» деген сөз бар. Жүзі жылы
адамнан жақсылық күтуге болады.
Мұнан өзге «кісінің кілті аспанда» деген сөз бар. Олай болатын себебі:
адам саналы түрде өзінің ойын, ниетін білдірмеуі мүмкін. Мысалы, ұрлық-
қарлықпен, зорлықпен айналысатын адамдар. Бір қарағанда олар кәдімгі
қарапайым адам. Бірақ жүректерінде, ойларында арамдық, басқа адамға
жамандық жасау ниеті жатыр.
Адам баласының сырын, яғни жан дүниесін сол адамның әрекеттері де
көрсете алады. Абай Құнанбайұлы «ұялмас бетке талмас жақ береді» дейді.
Біздің тілімізде «әлемді жерде аузыңды тый» деген де сөз бар. Яғни өзінің
қадірін білетін адам сөзінің де қадірін біледі. Бейсауат, қалай болса солай
сөйлей бермейді.
Тапсырмалар:
11.1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: жан-дүние, дене 
тұрқы, бет әлпеті, ниеті түзу, жарқын, жүзінен нұры тамып тұр, игі, 
кісінің кілті, ұрлық-қарлық, зорлық, кәдімгі, жақ, әлемді жер, 
бейсауат. 
11.2. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
11.3. Есімдіктерді
еске түсіріңіз. Мәтіндегі есімдіктердің түрлеріне
тоқталыңыздар.
11.4. Жіктеу
есімдіктерін
септеңіздер.
Түбірдің
өзгеруіне
назар
аударыңыздар.
11.5. Мына сөздер мен сөз тіркестерін аударып, сұхбат барысында
қолданыңыздар: адал, ақ жүрек, қара ниет, ақ ниет, ниеті жаман, ақ
тілек, жалған дүние.
11.6. Мына сөздердің синонимдерін жазыңыздар: игі, нұр, келбет,сыр,
жарқын, түңілу, әрекет, ұят, әлемді жер, қадір, қиянат. Сөйлесімде
қолданыңыздар.
11.7. Адамның мінез-құлқына, сырт келбетіне қатысты ақпараттар жазып
келіңіз.
11.8. Түсіндіріп көріңіз: Сырын білмейтін аттың сыртынан жүр.
11.9. Төменде берілген Абай Қүнанбайұлының өлеңінен үзіндіні оқыңыз,
түсініңіз, жаттап алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет