38
Қайырмасы:
Беу-беу, гауһар тас,
Құсни құқрдас,
Раушан жүзін көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал.
Жібекпен қызыл гәріс белін буған.
Қайырмасы:
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылддырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.
12.13.Төмендегі сөздерді пайдаланып, отбасы мүшелерінің сыртқы келбетін
сипаттаңыз.
Еңгезердей,сұңғақ бойлы, қысқа бойлы, бота көзді, қой көзді,өткір көзді,
қысық көзді, қолаң шашты, бұйра шашты, қайратты шашты, селдір шашты,
қиғаш қасты, жіңіщке қасты, кең маңдайлы, тар маңдайлы, қыр
мұрынды,тәмпіш мұрынды, таңқы мұрынды, қара торы, аққұба, томпақ ерінді,
жұқа ерінді, қыпша белді, бұраң бел, кең иықты, маржандай ақ тісті, сопақ
басты.
12.14. Тыйым сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. Сұхбат құрастырыңыз.
Көп сөйлеме.
Орынсыз күлме.
Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзің бөлме.
Кісі мініне күлме.
Кісі айыбын бетіне баспа.
Достарыңызбен бөлісу: