66
10.3. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Адами құндылық дегенге ең маңызды қандай 3 сөзді жазар едіңіз?
- Адами құндылыққа тағы қандай қасиеттерді жатқыза аласыз?
- Сіздің бойыңызда қандай адамгершілік қасиеттер бар?
10.4. Мәтінді тыңдаңыз.
10.5. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
10.6. Тақырып бойынша көршіңізбен сұхбаттасыңыз.
10.7. Кестені толтырыңыз.
Етістік + (а, е, й) алу + модаль етістіктер
формасына қай бағандағы сөздерді жатқызуға болады? Осы кестені әрі
қарай жалғастырыңыз.
Етістік + (а, е, й) алу + модаль етістіктер
Біреудің қуанышын бөлісу
Жақсы ойлау
Іштарлық танытпау
. . .
10.8. Мәтінді мазмұндаңыз.
10.9. Берілген
мысалдарды пайдаланып, сөйлемдеріңіздегі етістіктің
шақтарына көңіл аударыңыз.
«Жұлдызы жарасқан», «айдарынан жел ескен», «қабағынан қар жауды»,
«көңілі көлдей», « бетегеден биік, жусаннан аласа», «жаны жаз», «ай
десе - аузы бар, күн десе – көзі бар», «гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе –
елдің көркі».
10.10. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Өзін мәдениеттімін, білімді әрі іскермін деп ойлайтын әрбір азамат өз
елінің тарихын, экономикасын бес саусағындай білуі керек. Жеке
адамның, жанұяның, бүкіл қоғамның барлық тірлігі экономикадан
тұрады. Экономика - бұл адам еңбегінің нәтижесін көрсететін ұғым. Ел
басшыларының мәдени және экономикалық интеграция шартына қол
қоюы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Экономикалық саясатты
дұрыс жүргізу керек. Экономикалық білім, экономикалық сауаттылық
адамға өте қажет.
11 Демография – ұлт тағдыры. Сан-мөлшер категориясы. Жинақтық,
топтау, болжалдық сан есімдердің берілуі.
Достарыңызбен бөлісу: