К. О. Жекеева қазақ тілі


 Тәуелсіз елдің экономикасы. Себеп, қарсылықты, ыңғайлас



бет47/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org

7 Тәуелсіз елдің экономикасы. Себеп, қарсылықты, ыңғайлас 
жалғаулықтар.

Тәуелсіз елдің экономикасы 

Тәуелсіз ел болудың маңызды бір шарты – өз экономикаңды өзің


басқару. Өзінің ішкі және сыртқы есебін өзі қадағаламаған елдің тәуелсіз
болуы қиын.
Қазақстанның экономикасы нарықтық экономикаға құрылған. Ел
экономикасының жетекші саласына түсті және қара металлургия жатады.
Біздің жердің мысының, қорғасынының, мырышының сапасы жоғары.
Сондықтан әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазақстанның стратегиялық мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі
дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2014 жылы «Нұрлы жол» кешенді
бағдарламасы, 2015 жылы «100 нақты қадам» деген ұлт жоспары жарияланды.
2010 жылы іске қосылған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы 2025
жылға дейін ұзартылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып отырған
стратегиялық бағдарламалар, бірнеше жобалар бар. Олардың қай-қайсысы
болмасын мемлекет экономикасын дамытып, елдің әлеуметтік жағдайын
түзеуге бағытталған. Олардың қатарына «Дипломмен ауылға», «2019 жыл –
жастар жылы», «Нұрлы жер», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», Қытаймен



61
қарым-қатынасқа негізделген «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы, «Рухани


жаңғыру» бағдарламасы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы, т.б. жатады.
2018 жылдың 5-қазанында Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын
жолдады. Жолдау «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды. Аталған жолдауда Елбасы алдағы
жоспарларға тоқтала келіп, «Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз
мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу,
бағынбайтын белес болмайды» деді.
Тапсырмалар:
7.1. Мәтінді тыңдаңыз.
7.2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
7.3. Көршіңізбен сұхбат құрастырыңыз.
7.4. Себеп, қарсылықты, ыңғайлас жалғаулықтарды еске түсіріңіз.
7.5. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін теріп жазыңыз:
нарықтық экономика, . . . , . . . .
7.6. Аталған жобалар мен бағдарламалардың бірін әңгімелеп келіңіз.
7.7. Мәтінді сұраулы сөйлемдермен оқып шығыңыз.
7.8. Мәтінді мазмұндаңыз.
2. Сәйкестендіріңіз.
А Жауабы В 1 Қазіргі таңда ағылшын тілінің маңызы артып келеді,
_____________ Аөйткені ата-ана мен оқушы төменгі сыныпта өзіне керекті
мектепті таңдайды.2 Британия мектептері әлемнің түкпір-түкпіріндегі
оқушыларды магнит секілді тартып жатыр, _____________ Әсондықтан
бірінші сыныптан бастап мемлекеттік тілде емтихандар алынады. 3 Орта
ғасырдан бері келе жатқан ақылы интернаттарда (Boarding School)
«ақсүйектер» ұрпағы білім алады, _____________ Бсебебі Университет
бітірген әрбір студент бір жылда 21 мың фунт айлық алатын жұмысқа тұруы
шарт.4 Оңтүстік Кореяда білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан
балымен есептелмейді, _____________ Всондықтан тезірек тіл курсына
жазылуым керек 5 Германияның білім беру жүйесі демократиялық деп айта
аламыз, _____________ Гсебебі британиялық мектептер «біз нағыз серілерді
тәрбиелеп шығарамыз» деп ұрандайды6 Францияның мектептерінде француз
тіліне ерекше көңіл бөлінеді, _____________ Ғнеге десеңіз мұндай есептер
оқушының жасына байланысты анықталады.7 Оңтүстік Кореядағы білім беру
деңгейі өте жоғары, _____________ Дсебебі жетістікке жеткен адамдардың
көпшілігі интернатта оқыған. 8 Ұлыбританияның университетінде мемлекет
тарапынан оқыған студент оқуын бітірген соң кредитін төлемеуіне болады,
_____________ Еөйткені аз ғана оқушы үшін өте көп
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/ (1-абзац).



62
2. http://www.akorda.kz (жолдау)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет