К. О. Жекеева қазақ тілі


 Көлік және логистика. Мекендік қатынастың берілуі. Мекен үстеулері



бет46/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org

6 Көлік және логистика. Мекендік қатынастың берілуі. Мекен үстеулері 
(жоғары, төмен, алыс, жақын, тысқары, ілгері). Көмекші есімдердің 
(бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) берілуі. 

КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА 

Көлік – аса маңызды сала. Бұл сала жолаушылар мен жүк тасымалдауды


жүзеге асырады, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастырады. Барлық
байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік
көлік жүйесіне бірігеді.
Көлік қатынасы әсіресе дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Кейбір
елдерде адамның, малдың күшімен жүк тасу әлі де бар. Ауғанстан, Непал
сияқты елдерде теміржол мүлде жоқ. Сол сияқты, Парсы шығанағы
жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдарында, Кариб теңізі
маңайындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.
Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді: өндірістік ішкі көлік және көпшілік
пайдаланатын көлік. Өндірістік ішкі көлік белгілі бір кәсіпорынға қызмет. Ал
көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, т.б.) бір
жерден екінші жерге тасымалдайды.
Бұл топқа көпшілік пайдаланатын
көліктің барлық түрлері жатады.
Көлік логистикасы – кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін
тасымалдаумен айналысатын сала. Логистика саласына жер, әуе, құбыр
жүйесі, кеме, теміржол сияқты тасымалдаушы көлік түрлері жатады. Оның
міндеті – қысқа мерзімде жеткізу, мүліктің сапасын түсірмеу. Қазақстандағы
көлік жүйесі су көлігі, теміржол көлігі, автомобиль көлігі, әуе көлігі, құбыр
желісі болып бөлінеді. Су көлігі мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және
құрылыс
материалдарын тасымалдауға тиімді. Қазір су көлігі елімізде
өзен
және теңіз
көліктері болып бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендер
мен Балқаш көлінде, ал теңіз көлігі
Каспий теңізінде
қызмет көрсетеді.
Темір жол көлігінің
ел экономикасындағы рөлі аса маңызды.
Тасымалданатын негізгі өнімдер –
көмір, астық, мұнай, минералдық
тыңайтқыш сияқты жүктер. Олар - автомобиль көлігімен тасымалдау тиімсіз
сусымалы және сұйық жүктер.
Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел
жеткізетін тиімді көлік құралы. Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік
түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында.
Құбыр желісі – көлік
құралдарының бірі. Сұйық, сусымалы жүктер,
мұнай мен газ құбырмен тасымалданады. Жүк құбыр бойымен қысым беру
арқылы жылжиды.
Тапсырмалар:
6.1. Мәтінді оқыңыз.
6.2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
6.3. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
 Көлік қатынасы туралы не білесіз? Оның түрлерін атаңыз.



60
 Көлік логистикасының міндеттері қандай?


 Көлік жүйесін дамыту үшін қандай шаралар қажет?
6.4. Келесі сөз тіркестерінен бірнеше сөйлем құраңыз: көлік құралдары, 
жүк тасу, көлік логистикасы, тасымалданатын өнімдер, мүлік сапасы, 
жеткізу мерзімі.
6.5. Мәтіннен мекен үстеулері мен көмекші есімдерді тауып, сөйлем
құрастырыңыздар.
6.6. Қазақстандағы көлік жүйесі туралы әңгімелеңіз.
6.7. Жол, көлік туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріңіз. Бір мақалдың
мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
 Желді қуған жоғалар,
Жолды қуған оңалар.
 Жолаушыға жолдан жолдас қосылар.
 Жолаушыны жол асырайды,
Өнерпазды қол асырайды.
 Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.
 Жолға шықпас бұрын жолдасыңды сайла,
Үй салмас бұрын көршіңді сайла.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет