К. О. Жекеева қазақ тілі


 БАҚ – өмір айнасы. Предикаттың күрделенген түрі («... деп», «...екен»



бет44/60
Дата22.12.2023
өлшемі301,85 Kb.
#198446
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы-emirsaba.org

5 БАҚ – өмір айнасы. Предикаттың күрделенген түрі («... деп», «...екен», 
«... -уға болады», «...-у керек», «...деді»). Етістік+ -са(-се), да, де түрінде 
қолданылуы. 
БАҚ – өмір айнасы 
Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз – түрлi хабарды көпшiлiкке
арнайы техникалық құралдар арқылы ашық әрi жария түрде жеткiзу үшiн
құрылған ұйымдар. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио,
телевизия, кино жатады. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың
ілгерілеуімен пайда болған спутниктік байланыс, Интернет желісі арқылы
тарайтын түрлі ақпарат көздері де осы салаға кіреді.
Жалпы,
бұқаралық
ақпарат
құралдарының
қызметі
олардың
коммуникативтiк, танымдық, ақпарат тарату, қоғамдық пiкiр туғызу арқылы
саяси билiкке ықпал ету, қадағалау, білім беру, әлеуметтендіру әрекеттерімен
байланысты. БАҚ адамдардың түрлi әлеуметтік үдерістер мен оқиғалар
туралы ой түюіне ықпал етедi.
БАҚ адамдарға әлеуметтік-саяси оқиғалар бойынша қалыптасқан
жағдайды дұрыс бағалауға, түсінуге өзінің танымдық қызметтері арқылы
көмектеседі. БАҚ азаматтарға түрлі ақпарат көздерінен алынған
мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және жүйелеуге, қарама-қайшы ақпараттар
ағынында дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтендіру адамдардың
әлеуметтік нормаларды, мәдени құндылықтарды және мінез-құлық үлгілерін
меңгеруін білдіреді және қоғамдағы әлеуметтік шындыққа бейімделуіне
мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен
саяси-экономикалық үдерістерді мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, түрлі



57
ұйымдармен арақатынасы, т.б күнделiктi ақпарат алмасуы БАҚ-тың


коммуникативтiк қызметi арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда БАҚ-тың жаңа жағдайда қалыптасуы мен жұмыс iстеуiне
саяси-экономикалық, мәдени, әлеуметтiк, құқықтық негiздер ықпал етуде,
оның бәрі үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi. Қазақстан халқының
алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастыру, оларды қоғам
өмiрiне енгiзу мiндетi тұр.
БАҚ таратқан ақпарат сенімді, дәл болуы міндетті. Өйткені, халық ең
алдымен ақпарат құралдары таратқан хабарларға сенеді. Сондықтан, мәлімет
алынған дерек көздері нақты көрсетіліп, сілтемелер жасалуы тиіс. Сілтеменің
ресми, құзырлы орынға немесе қозғалып отырған мәселе бойынша жауапты,
жан-жақты мағлұматы бар тұлғаға жасалғаны абзал. Жалған ақпарат тарату
Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына
сәйкес жауапкершілікке тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет